Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Қыздар туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:30
ҚЫЗДЫ АУЫЛДЫҢ ИТІ ЖАТПАС

Ақылды қыз — ауыл көркі.

Алқатсаң алқат қызынды
ақтар ол дәм-тұзынды.

Апасы киген сәукелені сіңлісі де киеді.

Арпа берсең атқа бер, қатыр-құтыр шайнасын. 
Қызды берсең жасқа бер құшақтасып ойнасын.

Астың дәмін келтірген тұз әулие 
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

Асылдарға ой керек, 
Бозбалаға той керек, 
Сұлу қызға бой керек (Шернияз).

Ән сазымен, қыз назымен.

Байжанды қыз — ұятсыз.

Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.

Бір қыз күйеуге тисе,    
басқа қыздар түс көреді.

Жақсы қыздың жасауын
жақын-жаран жасайды.
Жаман қыздың жасауын
сұрақ-тілек жасайды.

Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, 
Жаман қыз біреу келсе төрге қашар.

Жақсы қызды жатқа жібермейді.

Жақсы қыз жағадағы құндыз, 
Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.

Жақсы қыз жыртық лашық ішінде.

Жаман қыз әкесінен аса алмайды,
аяғын, бойын билеп баса алмайды (Көкбай).

Жаман қызбен жатқанша,
Жақсы қызбен сыбырлас.

Жауынды күні ат көрме, 
Айтты күні қыз көрме.

Кәрі қыздың ұяты босағадан аттағанша.

Кәрі қыз ер танымайды,
Өлген адам жер танымайды.

Көн етіктіге бармай жүр, 
Көк етікті алмай жүр.

Көп беріп көргендінің қызын алсаң, 
үйіңе мейман келсе құрмет етер. 
Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, 
байымен бір жатқанын міндет етер (Өске).

Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.

Күндес көргеннің кызын алма.

Корғасын — қотыр қыздың сырғасы.

Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас,
Ұл атадан көрмейінше үлгі алмас (Қоркыт).

Қыз ауылдың көркі, 
Жігіт ауылдың еркі.

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

Қыз баққанша қысырақ бақ.

Қыз бала әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала өкпеші болса калыңмал көп болар. 
Ер бала өкпеші болса ырысқа кесір болар.

Қызға берген білінбес.

Қызға бергенді қыз өтер.

Қызға қырық үйден тыю, 
қала берсе кара күңнен тыю.

Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.

Қызда қылық болмаса
құр шырайдан не пайда? (Бұқар жырау).

Қыздан туғанда қиық жоқ.

Қыздар сәулім болғанда жүріс түзер, жүріс түзеп, жігітке көзін сүзер.

Қызды асырай алмаған күң етеді, 
Үлды асырай алмаған құл етеді.

Қызды ауылдың иті жатпас.

Қызды ауыл көңілді.

Қызды кім ілмейді? 
Қымызды кім ішпейді?

Қызды қартқа тандат, 
Атты жігітке тандат.

Қыздың аңқауынан сақта, 
Ұлдың жалқауынан сақта.

Қыздың барар жері күйеу, 
Ұлдың барар жері диірмен.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 7629 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]