Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Көптік туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:28
КӨП ҚАЙДА БОЛСА ШЫНДЫҚ СОНДА

Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар: 
бек белінді сындырады, көп ісіңді тыңдырады.

Жақыны көп жасқанбас.

Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,

Жер шетіне жүйрік жетпейді, 
Көпке бұйрық жетпейді.

Көбікті төкпе, көпті сөкпе.

Көкті тіреуге болмайды, 
Кепті мінеуге болмайды.

Көп адаспас, көл таусылмас.

Көп азға қылған зорлығын айтады,
Аз көптен көрген қорлығын айтады.

Көп алғысы көгертер.

Көп аузы дуалы.

"Көп біледі" деген күледі, 
"Өзім білем" деген өледі.

Көп білсең де көптен артық білмейсің.

Көп біріксе ел болар, 
Көп тілегі көл болар.

Көп дәнекер көлді де бекітер.

Көп еңбегі көлмен тең.

Көп еңбегі көңілді.
Көп еңбегі пәрмеңді.

Көп жабылса жоқ табылады.

Көп жалғыздың саясы.

Көп жүрген жер — көл, 
Құм жүрген жер — шөл.

Көп жүрген жер көңілді, 
Көптің ісі өнімді.

Көпке жақын — көкке жақын.

Көпке жүгірген адам құр қалмайды.

Көпке күлкі керек, 
Тазыға түлкі керек.

Көп келіссе кірекеш түйесін сояр.

Көпке тентек — кұдайға шет.

Көпке топырақ шашпа.

Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.

Көпке ұнамаған көбеймейді,
Көп қарғысына ұшыраған көгермейді.

Көп көмектессе қонақ аттандырады.

Көп көмектессе құрметпен су ішеді.

Көп,көптің дәмі жоқ.

Көп қайда болса шыңдық сонда.

Көп қараса жоқ табылар.

Көп қолдаса жауды жеңеді.

Көп қорқытады, терең батырады.

Көп — құдайдың бір аты (Дүр Оңғар)

Көп құрметі, ер міндеті.

Көппен жүрген көңілді, 
Көп түзетер кеміңді.

Көппен көргеннің арманы жоқ.

Көппен көрген ұлы той.

Көппен тентек болсаң да, көпке тентек болма.

Көп суыр ін қазбас,
ін қазса кең қазбас.

Көп сыйлансаң борышың көбейер, 
Көп қиналсаң өрісің кеңейер.

Көп табылса жоқ табылады.

Көптеген жау алады, 
Көмектескен дау алады.

Көптен бақыт құтылмас.

Көптен дәметкен аздан құр қалады.

Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.

Көптен қашқан көмусіз қалады.

Көптен қоян құтылмас.

Көптен қулық артылмас, 
Көзді дария сарқылмас.

Көп тепкен жерден көл шығады.

Көп түкірсе — көл.

Көпті алдаған көрінде өкіреді.

Көпті жамандаған көмусіз калар.

Көпті жылатқан көгермейді.

Көп тілесе — алар,
Күн бұлттанса — жауар.

Көптің аузы — зенбірек.

Көптің аузы темір талқы.

Көптің көзі көреген, 
Көптің қолы береген.

Көптің көрі басқа.

Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей.

Көптің қолы көкке жетеді.

Көптің кұрығы ұзын.

Көптің мүлкін көргенсіз алар.

Көптің ойы кемеңгер.

Көптің сөзі темір талқы қисайғаңды түзетер.

Көпті сөккен көгермес.

Көпті сөкпе, кенді төкпе.

Көпті сыйласаң өзіңді сыйлағаның.

Көп ұнатса көк тоқтынды сойып бер.

Кеп ұстаған қамшыға қол үйреніп қалады.
Көп мал баққан малшыға мал үйреніп қалады.

Көп үшін көбелек бол.

Көп шайнаған қартаның дәмі болмас.

Көпшіліктен береке кетпес, 
Берекелі жерден мереке кетпес.

Көп ісінде береке.

Көргенді көптеген жеңеді.

Қос атымен қол көбейеді, 
Қозысымен қой көп көрінеді.

Қырман басы береке, 
Көп жүрген жер мереке.

Он болса орны басқа,
Қырық болса қылығы басқа.

Ортаның малын олжа көрме — ол халықтың дәулеті.
Оны шашқанды мырза көрме — ол халықтың нәубеті.

Өзіңе істеген өкініш етер,
Көпшілікке істеген мақсатқа жетер.

Сабан бол, шөп бол — шамаң келсе көп бол.

Сайда саны көптің қырда шаңы көп.

Тобылғы шөпке жетеді, шөп көпке жетеді.

Топ жылқыдан тұлпар шығады,
Көп бүркіттен сұңқар шығады.

Топтан ажыраған торға түседі,
Тордан құтылғанмен орға түседі.

Топтанып ұшқан торғайға тұрымтай да бата алмас.

Шөп те болса көп болсын.

Шымыр көп пе, шыбын көп пе?
Сиқым көп пе, киқым көп пе?
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 1020 | Загрузок: 79 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]