Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 20.9.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Диқан,егін туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:32
ЕКСЕҢ ЕГІН ІШЕРСІҢ ТЕГІН

Арпа егіп, бидай орамын деме.

Бақпаса мал өспейді, 
Баптамаса егін өспейді.

Берген алар, еккен орар.

Бидай күзде пісер, пайдасы сонда түсер.

Бұл атаңнан қалған арық, егін ек те бол қарық (Есей би).

Бірді сепсең жерге мыңды берер елге.

Бір жыл түт еккен кісі мың жыл гауһар тереді.

Диқан адам дән шашар, 
ел-жұртына нан шашар.

Диқан бабаның кетпенінен 
Шопан атаның таяғынан.

Диқан болсаң жеріңнің басында бол, 
Сыпайы болсаң бегіңнің қасында бол.

Диқан болсаң жүгері ек, 
Молда болсаң такрар ет.

Диқан болсаң қос өгізің тең болсын, 
Шаруа болсаң қос етегің кең болсын.

Диқан бір иіннен.

Диқан еккенін жейді, 
Жылқы тепкенін жейді.

Диқан жатқанда тынар, 
Шопан өлгенде тынар.

Диқан жауында тынады, 
Балықшы дауылда тынады.

Диқан жерім дейді, жері үшін ерінбейді.

Диқан жерін анасындай сүйеді, 
Жер диқанға баласындай иеді.

Диқан жерін мақтайды, 
Балықшы көлін мақтайды, 
Кәсіпкер кенін мақтайды.

Диқан қыста да тынбас.

Диқаннан асқан дәу жоқ.

Диқан нанын жейді, 
Жалқау арын жейді.

Диқанның аяғы маймақ, жүрген жері гүлді аймақ.

Диқанның қазынасы — жер.

Диқаншылықтың бірі бес,
ұқыптылық оған ес.

Еге білсең егін тасқа да бітеді.

Егіндікте ел тастама.

Егіндікті күз суар, күз суарсаң жүз суар.

Егінді күндіз егіп, түнде суар,
Гүлді күн көзіне егіп, күнде суар.
Егін екпесең елге өкпелеп, 
егін кетеді жерге өкпелеп.

Егін ексең ебін тап, ебін тапсаң жерін тап.

Егін ексең мол ек,
толтырар қанар қабынды.
Арық қазсаң кең қаз,
қандырар бақша бағынды.

Егін ексең тыңға ек, онан өнер өнім көп.

Егін ексең тыңға 
шықтым дей бер шыңға.

Егін ексең шығырыңды майла, 
Мал өсірсең қонысыңды сайла.

Егін жақсы шықса
халыққа үлкен алапа.

Егіннің жайын еккен білер, 
Арбаның жайын жеккен білер.

Егінші еселеп, кеусенші кеселеп алады.

Егінші жауында тынады, 
Қайықшы дауылда тынады.

Егінші жылда арманда, 
Балықшы күнде арманда.

Егінші мәрт, жер жомарт.

Егіншінің баласы қараборбай.

Егіні біткеннің қырманына Қыдыр қонады.

Егініне қарай қырманы,
Күтіміне қарай түсімі.

Егініңді дөңге сал,
Дөңге салсаң көңге сал.

Егініңді күн суар, 
күн суарма, түн суар.

Егінің мақта болса
киімің бүтін болғаны. 
Киімің бүтін болса 
өз басыңа күтім болғаны.

Ексең егін ішерсің тегін.

Ел егінді салады пұл болсын деп,
Төре жұртын жияда қүл болсын деп (Балта ақын).
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 6113 | Загрузок: 111 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]