Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Бала туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:13
ЖАҚСЫ БАЛА СҮЙІК
ЖАМАН БАЛА КҮЙІК.


Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.
Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.

Адам болатын бала алыска қарайды.

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді, 
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

Бала жасындағысын ұмытпайды, 
Таз басындағысын ұмытпайды.

Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.

Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады.

Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Бала күлкіге тоймас, 
Болбыр ұйқыға тоймас.

Айдың ізін ай басар, 
Аттың ізін тай басар.

Анадан алтау туғанша,
жалғыз туса не етеді — елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
еменге айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы.

Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі (Абай).

Бай баласы балпаң, 
Жарлы баласы жалтаң, 
Бай күйігі етекте, 
Бала күйігі жүректе.

Бала адамның бауыр еті, көз нұры.

Бала ақылды болса 
ата-ананы оздырады, 
желбуаз, жетесіз болса 
жерге қаратып тоздырады.

Бала анаға аян, әкеге күмән.

Бала атадан батпан артық туады.

Бала, баланың ісі шала.

Бала — бауыр, дос — тамыр.

Бала биден де күшті, бірақ бітірмес істі.

Бала болғанын білмес, 
Батыр толғанын білмес.

Бала болса да әркім өз теңімен ойнар.

Балаға айтқан сыр — байланбаған бұзау (Шәкәрім).

Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер,
шайқап сөйлесең көрсетер бір "өнер".

Балаға жанның ашуы бірдей, 
Қай қолынды кессең де жанға батуы бірдей.

Атадан жақсы ұл туса,
елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
көшінің соңы болады (Қазыбек би).

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Аянкестің белгісі 
арықты да "жар" дейді. 
Еркетайдың белгісі 
кең дүниені "тар" дейді.

Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең, 
Ақылды қария жазып койған хатпен тең.

Әдепсіз бала — аяққа басылған шала.

Бақырауық демесең бағалы көлік түйе ғой. 
Жаман да болса өз ұлың өз малыңа ие ғой.

Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік (Абай).

Баланың сотқары — пәленің шокпары.

Балаң жаман болса да аман болсын.

Балаң жаман болса көрінгеннің мазағы.

Баласы жаман туғанның
әкесін түйе үстінен ит қабар (Шал ақын).

Бейбастақ балаға күле қарасаң бас киімінді ала қашады.

Егін өнбесе қайғы — бір жылдық, 
Балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық.

Екі қатынның баласы — екі рулы ел.

Ерке баладан жынды балам жақсы.

Ерке бала екі жылар.

Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.

Еркенің көзі кеппес, 
Жорғаның тері кеппес.

Жақсы бала жансақ, 
Жаман бала малсақ.

Жақсы бала ойлағыш, 
Жаман бала тойлағыш.

Жақсы бала сүйік, 
Жаман бала күйік.

Жақсыдан жаман туса — емі болмас, 
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас.

Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады, 
Жақсы бала жылағанды жұбатады.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 4401 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]