Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Ата туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:10
АТА БАЛАНЫҢ ҚОРҒАНЫ.

Ата баланың қорғаны.

Ата баласы азарында асық ойнайды.

Ата баласының ат меңіңдей белгісі болады.

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

Атаға тартып ұл тумас, 
Анаға тартып қыз тумас.

Атадан аздай, адасқан қаздай.

Атадан алтау болса адам тимейді. 
Тура жүрсең лебізің күймейді.

Атадан алтау туғанның жүрегінің бастары алтын менен бу болар. 
Атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар
(Ақтамберді).

Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық..

Атадан бала батпан ширек төмен туады.

Атадан бала тумас па, ата жолын қумас па.

Атадан жақсы ұл туса елінің қамын жейді. 
Атадан жаман ұл туса елінің малын жейді.
 
Атадан жақсы ұл туса есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса төрдегі басын жерге сүйрер.

Атадан қалған ақ сауыт 
шығыршығы шірісе жейдедей болмас панасы (Абыл).

Атадан — өсиет, анадан — қасиет.

Ата даңқымен қыз өтеді, 
Мата даңқымен бөз етеді.

Ата жолы — бала жолы.

Ата жолын аттама.

Ата кәсібі — бала кәсібі.

Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер (Қорқыт).

Ата қайратты болса, бала ғибратты болады.

Аталар сөзі — ақылдың көзі.

Аталастан ауылдас жақын.

Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.

Аталастың саудасы айында қайтады.

Аталы айғыр үйірін жауға алдырмас,
Ата көрген жігіт ауылын дауға алдырмас.

Аталы жау дос болмас.

Аталы жетім — арсыз жетім,
Аналы жетім — ерке жетім.

Аталы ұл — қожалы құл.

Ата менен ана — гүл менен лала.

Атаның баласы аштан өлсе де асатпай жемейді. 
Жетесі жаман нәсілсіз жеп отырса да "мә" демейді.
(Н.Наушабаев).

Атаның жаман ұлы малға ортақ, әрі үйлі жанға ортақ.

Атаның көңілі балада, баланың көңілі далада.

Атаның құны, ананың сүгі.

Атаның салған жолы бар, Ананың тіккен тоны бар.

"Атаңа нәлет" ешнәрсе емес, әншейін көңіл калдырады.

Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді.

Атанда болғанша алақанында болсын.

Атаң да болса бір жоддас.

"Атанды Алатауда бір жығып ем" деп...

Атаңды арқалан, анаңның аддында тәк тұр.

Атаңды жау шапса, бірге шап.

Атаңнан қалған сөз жоқ па? 
Анаңнан қалған бөз жоқ па?

Атаңнан қалса тәберік сақта оны тым берік.

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

Атаңның ботасын алма, батасын ал: бота өліп калады, батадан бағың жанады (Есей би)
.
Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара.

Ата өліп, бала қалса мұратына жеткені. 
Бала өліп, ата қалса арманы іште кеткені.

Ата өнері балаға мұра.

Атасы алаш, үйі ағаш, жаттан ақыл сұрамас.

Атасы басқамен қоян аулама, алар да қойнына салар.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 23828 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 5.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]