Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Адам туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:08
АДАМ ГҮЛДЕН НӘЗІК, ТАСТАН ҚАТТЫ

Адам адамға аманат, жүз көрісу ғанибет.

Адам адамға қонақ, 
Жан денеге қонақ.

Адам адаммен, жер сумен.

Адам адам үшін.

Адам айдаса барма, 
Дөм айдаса қалма.

Адам ақылымен бай, 
Жер дақылымен бай.

Адам ақымағы — молда,
Ат ақымағы — жорға.

Адам аласы ішінде, 
Мал аласы сыртында.

Адам арын ойлайды, 
Надан дүниеге тоймайды.

Адам бардүр адамдардың гүлі дүр, 
Адам бардүр хайуан одан жақсы дүр.

Адам баласы тілдескенше, 
Жылқы кісінескенше.

Адам болар жігіттің етек-жеңі кең келер.
Қошқар болар қозының мандай жағы дөң келер.

Адам болар жігіттің жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық.

Адам болатын жігіт әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылды билейді, сонан соң аймағын билейді.

Адам болса көңілінде
болмай қалмас бір арман.

Екі мұңлық бас қосса
іштегі шерін шығарған (Бұқар жырау).

Адам болып жүргенің амандықта, 
Тоңды тастап қашарсың жамандықта.

Адам болып туған соң, адам болып өлмек жөн.

Адам бір терінің ішінде толады да, солады да.

Адам гүлден нәзік, тастан қатты.

Адамға адам жат емес.

Адамға ақыл көптік қылмайды, 
Азаматқа өнер көптік қылмайды.

Адамға арақ ас болмас, 
Ішкен адамда бас болмас.

Адам деген ардақгы ат.

Адам дүниенің ажары, дүние өмірдің базары.

Адамды арман қосады, 
Алшақты дәрмен қосады.

Адамды еңбек көркейтеді, 
Ағашты миуасы көркейтеді.

Адамды заманы билейді.

Адамды қабағынан таны, 
Аспазды табағынан таны.

Адамды қанағат аздырмайды, қайғы аздырады.

Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені,
Шын достықтың белгісі көп кешікпей келгені.

Адамды өмір үйретеді, үйренбесе күйретеді.

Адамды тарлық шынықтырады, 
Адамгершілікті барлық ұмыттырады.

Адамды тұрар адам қып, ақжүрек пен адалдық.

Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны.

Адам елінде көгерер, 
Қоға көлінде көгерер.

Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.

Адам жаманнан жиренбей жақсыны үйренбейді.

Адам жүрген жермен адам жүреді, 
Біреу білмегенді біреу біледі.
Адамзатты жұмыс жұбатады.

Адам зейіні алмастан өткір.
Адам кейінгіні көріп қартаяды,
алдыңғыны көріп марқаяды.

Адам көңілінен азады, тілінен тозады.

Адам көркі шүберек, 
Ағаш көркі жапырақ.

Адам қайғысы — заман қайғысы.

Адам қартайғанда бір бала.
    
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Адам құлақтан азады,
қаңкудан тозады,
көңілден семіреді.

Адам мен адам токщылықта бір кездеседі,
жокшылықта бір кездеседі.

Адамнан үлкен ат жоқ, 
Наннан үлкен ас жоқ.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 6419 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]