Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Жылқыаман батыр Отыншыұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 01:58
Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан.
Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі:
Ашуланып Жылқыаман,
Қалт, қалт, қалт етті.
Қайтпаймын деген дауысы
Ақ сұңқардай саңқ етті...

... Жұрдай болған Қырғауыл,
Жүрегі енді зырқ етті.
"Енді өзімді атар" - деп,
Артқы жағы тырқ етті.
Он үш жасар Жылқыаман,
Қырғауылды сөйтіп күлкі етті.
Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады:
"Ақшұбар" мылтық білтелі,
Білтенің ұшы қызыл шоқ.
Дәрігі шоқты тіркеді,
Жоңғардың қалың жеріне.
Жылқыаманды сілтеді,
Түтінін қосып түтінге.
Даусына даусын тіркеді,
Қалың жерге келгенше,
Шұбардың даусын іркеді.
Оқ тиген жоңғар оқталып,
Жан-жағына үркеді.
Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған.
]98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді.
Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады.
Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар мылтық сатып алып қойды. Оған ағайындары мазақ етіп күледі. Сонда Отыншы: "Бастарыңа іс түскенде қорғандарың осы ақшұбар болар әлі" деген екен.
Жылқыаман батыр жоңғар-қалмаққа, Сыр бойын мекендеген Кіші жүз қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтарында қайтпас батырлығымен, көзсіз мергенділігімен жауды жайпап, теңдессіз ерлік көрсеткен. Оның бір ерекшелігі өз заманындағы батырлардың арасында алғаш отты қару (мылтық) ұстаған және сілтегені мүлт кетпеген сұрмерген болуы.2000 жылы Ақбасты елді мекенінде Жылқыаман батырға зәулім кесене тұрғызылып, ас берілді. Сол жылы Жылқыаманның ағасы Торы баласы Шабан бабаға да кесене тұрғызылды. 2006 жылы батырдың ұрпағы Амангелді Қалыбаевтың ұйымдастыруымен екі бабаға тағы да ас беріліп, құран бағышталды.
Аманжол Сақыпұлының "Жылқыаман батыр" атты көлемді кітабы жарық көрді.[1]
Сартаймен қандыкөйлек жолдас, серік болған Жылқыаман, Жылқыайдар, Төркінбай, Сырғақ, Байғара, Бәйімбеттердің ұрпақтары қазір Арал ауданында тұрады.[3]

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 519 | Загрузок: 81 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]