Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Жарылғап Байшораұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 01:56
Жарылғап Байшораұлы (шамамен 18 ғ-дың орта шені) — батыр. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының қаракерей руынан шыққан. Қаракерей Қабанбай батыр мен найман Барақ сұлтанның жасағында жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарға қатысқан. Ел ішінде "жауырыншы қара Құдыс” атанған Жарылғаптың арғы атасы Құдыс Жалмамбетұлының алыстағыны болжайтын көріпкелдік қасиеті болған. Жарылғап батыр 1744 жылдың көктемінен 1745 жылға дейін Барақ сұлтанның баласы Шығай сұлтанмен бірге Қалдан Сереннің қолында аманатта болады. Бұл туралы арнайы мақсатпен Қазақ елінде болған Тюкен Балтасов деген башқұрттың 1743 жылы 14 тамызда Орынбор комиссиясына жазған рапортында айтылған. Жарылғап Барақ сұлтанның ұлы Шыңғыс сұлтан, қаракерей қожамбет Сырымбет би, т.б. елдің игі жақсыларымен бірге қожамбет руын бастап, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл өңіріне қоныстандыру ісіне ат салысқан. Жарылғап батырдан 7 ұл туып, "Жеті Жарылғап” атанған. өрпақтары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл, Күршім аудандары мен Қытай, Моңғолия жерінде тұрады. Жарылғаптың Атанбай есімді баласынан Алтай өңіріне белгілі Бәшік деген атақты би туған
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 442 | Загрузок: 88 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]