Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Жанбек болыс Торжанұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.03.2014, 18:53
Жанбек болыс Торжанұлы. Кейбір шығармаларда Жәмбек, Жәнбек, Жәнібек деп те жазады. Тама тайпасының Жабал руынан. 1861 жылы дүниеге келіп, 1918 жылы дүниеден өткен. Жанбек тілі майда, ұтып сөйлейтін, сөзге шешен адам болған. Ол кісінің ел жадында сақталған қасиеті - әділдігі, қара қылды жарған билігі. Ақмолада совдеп құлаған жылы 57 жасында қайтыс болды 
Әкесі Торжан Тама руының атақты адамының бірі болған. Ол Меккеге барып Торжан әжі аталады. Торжанұлы Жанбек жеті рет болыс болып сайланған. Жанбектің қыс қыстауы Шу өзені бойындағы Тасты деген жерде болады. Тастының жанында Жанбектің ағаш үйі деген жер бар. Жаз жайлауы Арқадағы Жетіқоңырда болған. Адмирал Колчак Жанбекті хан деп атаған екен.
Жанбек Қарақыз болысының басқарушысы болған. Оған билікті Бегұлы болыс Көшекұлы қолдан берген дейтін аңыз бар. Торжан тұқымындағы Қыстаубайұлы Нарымбеттің айтуына қарағанда Жанбек өте сұлу, ажарлы адам болған екен. Құлынның терісінен тігілген сырт киімі болады екен. Екі иығы құлынның қара жонымен әспеттеліп келіп, құлын құйрығымен шашақталып тігілген. Өзі жылы, өзі әсем тігілген жарғақ болған екен. Бір жиында тұрғанында бір әйел келіп Жанбекті көріп қалып, сұлулығына таң қалып ішегін тартқан екен. Сонда Жанбектің іші мұздап қоя берген екен. Сол жиыннан ауылына келгеннен соң қайтыс болып кетеді. Нарымбет «Жанбек ағай жас кетті ғой, көз тиіп» деп отырушы еді. Жанбектен кейін баласы Төленбек те болыс болған екен. Төленбектің әйелі Меруерт сұлуды бір кездері Сәкен Сейфуллин "теңдік әперемін" деп алып кеткені туралы аңызды барша қазақ баласы біледі. Жанбектің мазары Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар темiржол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде, Сарысу өзенiнiң сол жақ жағасында. Қарағанды облысының жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени ескерткiштерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiнде 1300-тізімде жазылған. Арнайы мемлекеттік қорғауға алынған.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 503 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]