Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Жаңа діни қозғалыстар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (23.1Kb) ] 24.11.2013, 16:06

Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр. Социалистік жүйе және Кеңес одағы ыдыраған соң діндердің рөлі және дінаралық қатынастар әлемдік саясатта нығая түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде діни экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып отыр.

 

Соңғы кездері Қазақстандағы демократиялық принциптерге қарамастан діни-ахуалдық мәселелер туындады. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды.Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы экстремистік ағымдардың көрініс беруі.

 

Елімізде конфессиялардың саны тым көбейіп, олардың саны 45-ке жетті.[1]

 

Көптеген келімсек діндердің немен айналысып жатқанын қадағалау қиынға соқты. Жергілікті мұсылман тектес халықтарды шоқындыру белең алды.

 

Қазақстанға батыстық протестанттық бағыттағы дәстүрлі емес діндер және шығыстық ислам туын жамылғы еткен Исламдық теріс ағымдар күшейе түсті. Тоталитарлық зорлық-зомбылыққа негізделген діни ағымдар да қызметін жандандырды.

 

Елімізде экстремистік бағыттағы «Хизб-ут-тахрир » азат ету партиясы ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты- Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен ынтымаққа зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдарда мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Экстримистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат.[2]

 

Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер,әсіресе миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.

 

Елімізде ислам діні күшпен емес бейбіт жолмен енді. Дінбасымыз болған Әбсаттар Қажы Дербісәлінің пікірінше, «Ислам діні барлық адамзатты, соның ішінде, оңы мен солын түсіне қоймаған жастарымызды тәрбиелейтін айқын жол екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Дін барлық ғылымның, рухани дамудың мәдениеттің негізі».

 

Көптеген жасөспірімдер мен мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпақтарымыз Йегова куәгерлері, Кришна сектасы, Саентология шіркеуі, т.б. секталарға кіріп, өздерінің қандай бағытта өмір сүріп жатқандығын, қандай секталық бағытқа бара жатқандығын білмей ата-аналарының айтқандарынан шығып, өмірде дұрыс емес, бұрыс жолдарға түсіп кетті.

 

Салафиттер. Сәләфитік – ислам дініндегі сунниттік бағытқа жататын діни идеологиялық ғылымдардың бірі болып табылады.

 

«Салафитік» ағым Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар мен оның сахабаларының дәуірін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Оңтүстікте алғашқы сәләфиттік қоғамдар 2004 жылы пайда болды. Оның негізін «Братья- мусульмане» ұйымы және «Кувейттің әлеуметтік реформалар қоғамы», «Азия мұсылмандар комитеті» қалаған. Сәләфилер 4 топқа бөлінетіндігі белгілі.

 

1. Матхалиттер- ресми билікті мойындайды. Сауд Арабиясында қызмет етеді. Ешқандай жамағатқа бірікпейді.

 

2. Мединалықтар («Сурруриттер») – жамағатқа бірігеді, лидерлерін сайлайды. Бұлар мемлекетке тікелей қауіпті емес, діни басшылыққа қарсы.

 

3. Такфирлер 1990 жылдары біздің батыс облыстарда пайда болды. Басқа мұсылмандарға сенбейді. Зайырлы заңдарды мойындамайды.

 

4. Сәләфит радикалдар- жиһатшылар, террорға шақырады. Ауғанстан мен Шешенстанда соғысқа қатысқан. Оңтүстік Қазақстан облысында осылардың жамағаттары бар екені анықталған.

 

Қазір республикамыздың әр өңірінде салафиттердің саны мыңдаған адамға жеткен, олар бей-берекетсіз топтардан нақты басқарушы, үйлестіруші механизмдері бар құрылым болып қалыптасу үстінде. Шешенстан, Өзбекстан және Тәжікстан тәжірибесіне қарасақ қалыптасу процесінен өткен салафиттердің ендігі мақсаты- билікті басып алу үшін қарулы қақтығыс ұйымдастыру және халифат орнату болатынын байқаймыз.

 

Салафиттердің негізгі «жұмыс орны» - мешіттер, түрлі ислам мәдени қайырымдылық қорлары жанындағы курстар, т.б. Бұл жерде негізгі назар жастарға, студенттерге, кәсіпкерлер мен шығармашыл зиялы қауым өкілдеріне түседі.

 

Салафиттер қажылықты да өз мақсатына жақсы пайдаланады. Шенеуніктер, мемлекеттік және мәдени сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен спортшылардан құралған топтар Сауд Арабиясына жолданады. Сол жерде Қазақстан азаматтары жүйелі идеологиялық, психологиялық «өңдеуден» өтеді.[3]

 

Алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиет, Интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынылады. Мұнда ашық жиһадқа шақыру, халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ бұл кітаптар мен брошюралардың негізгі мақсаты – адам санасына уаһһабиліктің базалық идеяларын сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды жатсынбайтындай ету болып табылады. Көбіне бұл кітап пен брошюралар уаһһабилік идеология жақсы дамыған араб елдерінің теологтары еңбегінен аударма болып келеді.

 

Қазір біздің қоғамымызда діни экстремизм мәселесі өткір болып тұр. Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда пайда болып, өз істерін атқарумен көзге түсті. Осыған орай ҚР-ның 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс- қимыл» туралы №31 заңы қабылданды.

 

Осы заңның 1-бабында көрсетілгендей, ҚР-ның конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды, немесе өкіметті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құрылымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектік-топтық алауыздықты қоздыру (Саяси экстремизмді); т.б.[4]

 

Кеңес одағы кезінде атеистік ұстаным болатын, Ол кездері қоғамда діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі. Бұлардың барлығы батыстан шығып жатқан құйтырқы саяси әрекет екеніне күмән келтірмейміз. Елбасының мына ұсыныстарын, бірлесе отырып шешу,күш жұмылдыру қажет.

 

• Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек.

 

• Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет.

 

• Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.

 

• Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалануымыз керек. Осы әңгімелесу алаңының базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз қажет.

 

• Біз діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы қақтығыс аймақтар Таяу Шығыс аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде мемлекет-аралық достық қарым-қатынас жасауға дайын болуымыз керек.[5]

 

Қазір кейбір сыртқы экстремистік күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.

 

Бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына өркениеттік, адамгершілік, гуманистік тәрбиені бойына сіңіру міндеті тұр.

 

Жастарға көңіл бөлу ,оларды тәрбиелеу –дәтүрлі діннің жетекшілері мен қоғам қайраткерлерінің қоғам алдындағы міндеттерінің бірі.

 

Қазақстан Республикасы Конституциямызда зайырлы мемлекет ретінде табылды. Сондықтан, мемлекетіміздің ұстанып отырған саясаты экстремистік ағымдағы дәстүрлі емес діндерге заң, құқықтық нормативтік актілер арқылы шектеу қояды және қарсы күреседі.

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР-ның 2011 жылғы 11 қазандағы заңы. Кіріспе

 

2. Ислам. Энциклопедиялық анықтама. Алматы. 2010

 

3. Мамиргов. М. З. «Книга Исламских сект и вероучений». Исламский мир 2007. 381 б.

 

4. ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы 18.02.2005 ж. №31 Заңы.

 

5. ҚР-ы Президентінің жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты». http:/ www.akorda.kz

 

6. «Қазіргі Заманғы Дінтану негіздері» Ғ Маймақов, Алматы, 2012.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 5138 | Загрузок: 713 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]