Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Жәмеңке мәмбетұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:00
Жәмеңке мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: ".... бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады. ... бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” — деп сөз сөйледі. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінде жиналған халықтың алдында Ж. Нарынқол — Шарын бөлімшесінің бастығы Подворковке қазақ халқы ресми түрде патша жарлығын орындамайтынын мәлімдеді. Ж-ге өзақ Саурықұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, т.б. ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылар қолдау көрсетті. 22 шілде күні бөлімше бастығы Подворков Ж. мен өзақ Саурықұлын, 10 күннен кейін 11 шілде күні жәрмеңкедегі жиынға қатысып, белсенділік көрсеткен бір топ адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін уезд бастығы полк. Иванов олардан патша жарлығын орындауды талап етеді, Ж. бастаған қозғалыс жетекшілері бұл шарттан бас тартады. Патша жендеттері 9 тамыз күні Ж-нің тамағына у қосып береді де, 10 тамыз күні Ж. қайтыс болады. өзақ Әдеб.: Әуезов М.О., Қилы заман, Қ.-о., 1928; Жұртбаев Т., Бейуақ, А., 1990; Қарқара айбаты (Құжаттар мен материалдар жинағы), А., 1991; Тәнекеев С., 1916. Ереуілтөбе әсерлері, А., 1994. Саурықұлы қайтыс болған Ж-ні құшақтап отырып: "Жан жолдасым Жәмеңке”, деп басталатын жоқтау айтады.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 511 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]