Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Қуандық Шаңғытбаев


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

26.02.2014, 23:43
Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев (21.03.1925 - 19.02.2001) — Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында туған. 1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді[1]. Төлегеннің ағасы Жоныс[2] пен Қуандықтың нағашы ағасы Сауда[3] атылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады. Он бес жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандық Шаңғытбаевтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен (кейіннен профессор, ҚҒА корреспондент-мүшесі) бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы болған. Алғашқы қаламақысын 16-дағы Қуандық итжеккенде жүрген әкесіне жасырын (қазыға тығып) жібереді. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады (ол кезде Қазақстандағы жалғыз баспасы). Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Кенжебаев пен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан" газетінде бірігіп рецензия жазады. Одан кейін Бейсембай Кенжебаев бас редакторлық қызметінен "өз еркімен" кетуге мәжбүр болады, ал 3-ші курстың үздік студенті Қуандық, Нұрпейіс Байғанинге қатысты партия қауылысы шыққаннан кейін, Ақтөбеге, Байғаниннің әдеби хатшысы ретінде, кетеді. "Ар" баспадан шығалмай қалады. Және тәкәппар жас ақын (итжеккенде жүрген "халық жауының" баласы!) сол тұңғыш жинағына "Мен — қазақ!" деген өлеңін кіргізеді. Сталиннің кезінде олай жазу — ерлік болды. "Ар" өлеңінде Шаңғытбаев: "Тәңірім — ар, соған ғана бағынам, / Жалбарынам, жалғыз соған жалынам; / Патша тәжі жолда жатса, қайырылмай, / Теуіп өтіп, алдыңа кеп табынам", — деп, жазады. "Астанадан қуғындалған талантты жас ақын үшін партияның белсенділерімен күреске қазақ тарландарының "ауыр артиллериясы" кірісті" (сілтеме: Қуандық Шаңғытбаев. Шайыр // Құраст. Г. Шаңғытбаева. Алматы: "СаГа" баспасы, 2010, 164-б.) 1943-ші жылы Мұхтар Әуезов Ақтөбеде жүрген Қуандықтың баспада жатқан "Қазақ жүрегі" ("Ар") кітабына алғысөзін жазады (сілтеме). Қаныш Сәтбаев Қуандықты 3-ші курстан жаңа ғана құрылған Қазақ ғылым академиясының аспирантураға экстернат етіп бірден көшіру туралы шешім шығарады, шешімге соғыс кезінде Алматыда тұрған белгілі ғалым С.И. Малов қол қояды.
1945 жылға дейін Қ. Шаңғытбаев Ақтөбе педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып істейді. Қуандық Шаңғытбаевтың "Ар" атты түңғыш өлеңдер жинағы М.Әуезовтың алғы сөзімен 1945 жылы жарық көрді. Келесі кітабы "Аққу өні" 23 жылдан кейін ғана жарық көрді (1968).[4]
Облыстық "Актюбинская правда" газетінде тілші, өдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1955—73 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жүлдыз" журналында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының секретары, "Қазақфильм" киностудиясы сценарий-репертуар коллегиясының бас редакторы, "Мәдениет және түрмыс" журналының жауапты хатшысы, қазақ радиосының әдеби хабар бөлімінің бас редакторы болды. 1974 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының консультанты. Қуандық Шаңғытбаевтың "Ар ма, республикам" (1974), "Лирика" (таңдамалылар, 1976), кітаптарын шығарды. 1980—1987 жылдар аралығында "Жыр жаһаны", "Гүлтолқын", "Саршатамыз", "Жыл қүсь" атты лирикалық шығармалары жарық көрді. Ол Қ.Байсейітовпен бірігіп "Беу, қыздар-ай" (1960), "Ой, жігіттер-ай" (1967), "Қүтырғаннан қүтылған" (1976) пьесаларын, "Алтын таулар" (1960, музыкасы Қ.Қожамьяров пен Н.Тілендиевтікі), "Айсүлу" (1963, музыкасы С. Мүхамеджановтікі) операларының либреттосын жазды. Қуандық Шаңғытбаевтың көптеген өлеңдеріне ән шығарылған. Ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романын, М. Ю. Лермонтов, Р. Бернс лирикаларын, Омар Һайямның рубаяттарын, М.Горькийдің "Қыз бен ажал" поэмасын т.б. қазақ тіліне аударды.
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев — зиялы, талғамшыл, талапшыл, зергер лирик ақын еді.[5]
Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

 http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=24&name=9&surname=27&repression=0
 http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=24&name=9&surname=32&repression=0
 http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=0&name=74&surname=37&repression=310
 Қуандық Шаңғытбаев. Шайыр. 1 том // Құрастырған Гауһар Шаңғытбаева. Алматы: "СаГа" баспасы, 2010, 400-б. ISBN 978-601-7285-01-2 (Т.1).
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. "Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 2075 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]