Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 2.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Тұрсын Жұртбаев «Дулыға» кітабы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (27.8Kb) ] 16.02.2014, 00:56

Тұрсын  Жұртбаев «Дулыға»  кітабында    көшпелі  тайпалар  тарихында қадым заманнан  бері  есімдері  есте  қалған  немесе  тасқа  қашалып ,қағазға  хатталған ірі тұлғалардың тағдырына сана сәулесін  түсіру арқылы арғы тегімізді түгендеп,баба мен ұрпақтың,ұлыс пен ұлттың арасындағы алтын өзекті жалғап, тамырымызды тануды мұрат тұтқан.

                                    Тұмар

Томирис шамамен біздің дәуірімізге дейін 570-520(?) жылдар арасында өмір сүрген.

«Томирис падиша:Қанішер Кир!...Сен енді менің ақылымды тыңда.Тұтқынға түскен ұлымды өзіме қайырып бер де, аман-есеніңде ата жұртымнан табаныңды жалтырат , массагеттердің әскерінің үштен бірін алдап арандатқаның да жетеді.Егерде сен менің бұл айтқанымды істемесең,Күн Тәңірімнің атынан ант етемін,қанша қомағай болсаң да,мен сені қанға тұншықиырамын,-деді...»

Ұлы сақ ордасының падишасы Тұмар ханымның жыл қайырумыздан 530 жыл бұрын айтқан бұл сөзі ақыры шындыққа айналды. «Азия әміршісі» атанған Кир патша да өзінің ажалымен бетпе-бет келуге асықты.Бұған дейін оңтүстік Азияны қан қақсатып,қарсы келгенде қанға бөктірген Кир-күріш патшаны бұл Адам өмірі,жұрт қасіретіқатерлі сапарға аттандырған өзінің қара ниетті пиғылы болса керек.Өмірге өш болып туған Кирдің пиғылы шындығында да қара ниетке толы еді.Ол таққа отырысымен жан-жағын жалмап,Астиагтың түсінде көргенін өзі өңінде жүзеге асыруға тырысып,ішін құрт жегн жүзімнмнің пәлегіндей тамырлана бастайды.Ақыры Вавилонды дәргейіне қаратқан соң,Азияның шығысына назары түседі.Ол, жібек құрты сияқты,мұқым Азияны шетінен кеміріп, шырмауына орай бергісі келді.Адам өмірі,жұрт қасіреті,ізгілік деген ұғымдар Кирдің қаперіне де кіріп шықпайтын.Сондықтан да бетін шығысқа бұрды.

«Бұл халықты(Вавилонды-Т.Ж) бағындырысымен,Кир массагеттерді өзіне қаратуды ойластырды.Массагеттер өте көп әрі жауынгер ел екен.Олар тура күн шығыстағы Аракс өзенінің арғы бетінде, исседондарға қапталдаса мекен етеді.Бұлар да скиф тайпаларының құрамына жатады деген мәлімет бар...»Ал сол массагеттер кім еді және қай жерді мекендеген?Осы уақытқа дейін Кирдің сақтардың ұлы ордасы-массагеттерге шабуыл жасаған жері туралы әр түрлі пікірлер айтылып келді.

Аракс өзенін-Қызылсу,Еділ,Әмурдария,Сырдария өзені деп болжал   айтқандардың қайсысына жүгінген лайық?Біздіңше, бұған көп бас қатырудың қажеті  жоқ. Сол Гередоттың заманындағы ұлы дала-жер бетінен жоғалып кеткен жоқ, бәз-баяғы қалпында.Каспиидің күншығысындағы Үстірттен басталатын,яғни Атыраудан Алтайға дейінгі қазақтың кең даласын мекен еткен массагеттерді атақты жағырапияшы Птолемей «ұлы сақтар» деп атаған.Ол-сақ тайпаларының ішіндегі ең көбі деген сөз екен.Бұған академик В.В Струвенің зерттеулері дәлел болады. Ол «амиргилік сақтар»-маргиандық,мургабтық,яғни қазіргі түрікмендік сақтар деп тжырымдайды. Массагеттерді бүгінгі қазақ,кең мағынасында айтсақ,ежелгі түрік қауымынан алыстатып әкетудің еш реті жоқ,қалай да сәті түспейтін әрекенің әрекеті.  Оған Страбонның:

«Массагеттер туралы мынадай мәліметтер айтылады:олардың біразы таулы жерді,біразы жазық даланы,өзгелері өзеннің ағысындағы саздауыт жерлерді,біразы сол саздыңортасындағы аралды мекендейді екен.Олардың жерінен Аракс өзені ағып өтеді,ол жерді ылғалдандыратын сансыз айырықтарға бөлініп,солтүстіктегі теңізге құяды,оның тек бір тармағы ғана Гиркан бұғазына құяды»,-дегені толық дәлел.

Сонымен ,қанқұйлы Кир массагеттердің ұлы ордасына жорыққа аттанады.Кирдің құмартқаны тек қана атақ па еді?Бұған сене қою қиын.Қанша ел мен жерді жаулап алса да,оған жетпеген бір ғана нәрсе бар еді.Ол-байлық.Байлық болғанда ,бір басына жететін не елін асырайтын байлық емес,көргеннің көз жауын алатын,жүрген жерінің бәрін алтынмен аптап ,күміспен күптеп,маржанды құсқа жем үшін шашып ,гаһарды баласына ойнауға  беруге жететіндей қарынбайдың қазынасы керек еді.Сол олқылықты ұлы сақ ордасын  жаулап алу арқылы  толтырмақ болды.Себебі,сақтардың  жерінің  алтынға бай екенің білген.

Ұлы сақ даласына Кир патша біздің  дәуірімізге  дейінгі 530-жылы ат басын тіреді.Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтады.Оларды «дүниеден қайтқан күйеуінің орнына патшалықты  қолына алған ұлы  сақ ордасының падишасы Тұмар ханым қарсы алды».Қаныпезер Кир айлаға көшіп,жесір ханымды желіктіріп ,оның өзін де, жерін де,елін де жез тырнағының астына іле кетпек болды.Тұмар ханымға елші жіберіп:

-Сақтардың ұлы ордасының  жесір  ханымы  маған әйел болсын!Екеуміз екі елдің басын қосып,бірігіп билейік.Бұл дегеніңіз-Тұмар ханымның басына құмай(бақыт) құсының қонғаны! - деп сәлем айтып, «үкі таққысы» келді.

Кирдің құлқынын тескен ханым емес ,ұлы сақ ордасының қазынасы екенін,елін ел ету үшін емес,езу үшін келгенін Тұмар ханым бірден білді. Күшік күйеу болғысы келген  Кирдің-Күріштің таққа келу  тарихын ұлы сақ ордасының падишасы өте жақсы білетін.Біз Тұмар ханымның ата-ана шежіресін таратып бере алмаймыз.Алайда ол туралы жазылған тарихи әфсаналар мен көркем шығармаларға жүгінсек,Тұмар әйгілі скиф көсемі  Ишпақайдың тұқымынан тарайды.Партатуаның шөпшегі,Мәдидің шөбересі,аты сол кезде аңызға айналған,алайда еш жерде нақты дерек  сақталмаған Сыпыра(Спаргапис,Спаргапип)патшаның не немересі,не кенже қызы.Скифтер мен сақтар Мидиядан ығыстырылған соң,жасақтың бір бөлігін сақ  даласына бастап әкеп ,ұлы орданың шаңырағын көтерген адам-осы Сыпыра -   Спаргапис.Тұмар ханымның өз әкесі және күйеуі  кім еді ,бұл да мәлім емес.Аға-бауырлары ұлы қоныстану кезінде қаза тапса керек.Ал күйеуі хан емес ,онда  Тұмар ханым тақ иесінің келіні болар еді,ал келінді ешқашан  да патша сайламаған.Жазушы Б. Жандарбеков «Томирис» атты романында Тұмардың  күйеуі  Рүстем ,ол Вавилонды шабуға қатысты,Кирмен болған шайқаста қол бастады дейді.Гередоттың өзі «массагеттердің падишасы  марқұм  патшаның жесірі еді»дейді.Демек,екеуі де қаракөктің тұқымы болды.Қалай да,Тұмар ханым жанұясының бақытынан гөрі,елінің еркіндігін жоғары қойған. Баласы Спаргапистің сол кездегі жас мөлшері-он алты мен он тоғыздың арасында.Соған қарағанда ,б.д.д.530-жылдары Тұмары хан қырыққа келіп қалған ,келісті де кербез келіншек.Ақыл мен қайратын қатар жұмсай алатын дер шағы .Сондықтан да құда түсе келгендерге:

- Келген жолдарыңызбен кері қайтыныздар .Желегім желбіреп отырған қыз емеспін.Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса,онда мәселе бір басқа.Мен- елімнің падишасымын.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1713 | Загрузок: 404 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]