Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Түркістан әскери округі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 03:24
Түркістан әскери округі - 1918 жылы 4 мамырда РКФСР ХКК-нің шешімімен құрылған әскери округ. Құрамына Закаспий, Жетісу, Самарқанд, Сырдария және Ферғана облыстары кірді. Штабы Ташкент қаласында орналасты. Оның құрамалары Азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылар мен шетел интервенттерін, басмашыларды талқандауға қатысты. 1926-45 жылы Орта Азия әскери округі деп аталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында округте жасақталған дивизиялар мен бөлімдер майданда ерлікпен шайқасып, даңққа бөленді (қ. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы, Жетпіс екінші гвардиялық атқыштар дивизиясы, Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы,т.б.).1945 жылы тамызда осы аумақта екі әскери округ (Түркістан және Дала) құрылды. Түркістан әскери округі қазіргі Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларының аумағын қамтыды. Штабы Ташкент қаласында болды. Ал Дала әскери округіне қазіргі ҚР-ның аумағы (штабы Алматы қаласында) енді. 1946 жылы екі әскери округ қосылып, Түркістан әскери округіне бірікті. 1969 жылы Орта Азия әскери округі құрылғанға дейін Қазақстан аумағы Түркістан әскери округіне қарады. 1969 жылдан Түркістан әскери округі құрамында қазіргі Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары аумағында орналасқан әскерлер қалды. Округ штабы Ташкент қаласында орналасты. «Фрунзе-вец» атты газет шығарып тұрды. Округті әр жылдары И.П. Белов, М.В.Фрунзе, И.Е.Петров, А.И.Радзиевский, А.А.Лучинский, И.И.Федюнинский, Н.Г.Лященко, С.Е.Белоножко, Ю.П.Максимов басқарды. 1968 жылы Түркістан эскери округі Қызыл Ту орденімен марапатталды
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 392 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]