Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Тұрап Айдаров


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

27.02.2014, 00:00
Тұрап Айдаров (20 қараша 1933 жылы Келес ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ауылда туылған – 7 наурыз 1994 жылы Ташкент қаласында қайтыс болды) – ақын, ғалым. Филология ғылымдарының доктары (1982), профессор (1985). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. [1]
1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. [2]Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975), «Лингвистикалық география» (1977), «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері, сондай-ақ «Жайнай бер, жұлдызым» (1974), «Қоңыр жел» (1977), «Ашық аспан» (1980), «Шие» (1981), «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген.[3][4]
Пайдаланған әдебиет

Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
 " Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 412 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]