Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Тұлға қалыптастырудың халықтық тәжірибесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (49.0Kb) ] 19.02.2014, 15:52
Тұлға қалыптастырудың халықтық тәжірибесі

Халықтық педагогикалық көзқарастарын жұзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақгылау, толықтыру жөне жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен мәлім болды. Жеке сынақ әдісі қандай да бір жаңа заңдылықтар ашудың емес, ой мен идеяны тексерудің сөтті төжірибеден туған құралы, немесе белгілі зандылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін атқарды, яғни бұл әдістің көмегімен халық педагогикасында бұрыннан белгілі сыни тұрғыда қайта қаралды. Ал әңгімелер халық педагогикасының дамуындагы ең кең тараған бастаулар болды. Тәрбиешілердің бір-бірімен әңгімелесулері, ата-анамен, ата-әжемен тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер педагогикалық ойланулар үшін қашаңда саналуан және құнды материал берді және педагогикалық мәдениеттің биіктеуіне ықпал етті. Халық даналары әңгімелерді тәрбиенің озық төжірибесін таратуда, бақылаулары мен жеке сынақтарында жене басқа жағдайларда пайдалаңды, яғни өңгімелер халық педагогикасының дамуына ықпал еткен көмекші құрал қызметін атқарушы тәріздес.
Қалай болғаңда да әңгімелер жинақталған мәліметтерден құңдыны және пайдалыны екшеп алу, қажет емес немесе күмән тудыратыннан бас тартуға жәрдемдесті, яғни, жағымды педагогикалық мәліметтерді жинауға, осыған орай халықтың педагогикалық ойының дамуына ықпал жасады. Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар. Дәстүрлі бата-тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Әрине шаралар қолдану мен сөзбен өсер етуде. халықгық педагогика сезімге ықпал жасау шарттарын естен шығармады. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата-аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттар сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатыңда болды. Халықгық пікір анттарға байыпты қарым-қатынасты ұдайы қолдап отырды. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі - ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көрді. Оның "Бала өсірген ата-ана бала болып ойнайды, Бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды" деді осыдан.
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт өздыру, сауық-сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогакялық тұргыдан таддауға үмтылған Ә.Диваев талпынысы үлкен ғылыми қызығушылық туғызады. (А.А.Диваев. Игры киргизских детей. Туркестанские ведомости, Ташкент, 1905).
Әрбір жэне кез келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген озіндік табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бірнемесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді. Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізі идеяларының, формаларының, құралдарының және т.б. сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары жөне әдет- ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырыңда, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмір тәжірибесі сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Төменде автор мақалаларымен және балалар мен жастар ойындары жайлы баяндалатын өзге де бірқатар шығармалардан мәліметтер берілген. 
А.А.Диваев "Қазақ балаларының ойындары" мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, "Соқыр теке", "Көк сиыр", "Бөрік жасырмақ" т.б. ойындардың мазмұнын ашады. Сондай-ақ "Қырғыз жастарының көне ойындары" мақаласыңда, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары "Қыз қуу", "Көкпар", "Аударыспақ" т.б. ойындары жайында мағлүматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше, әсіресе, спорт саласында. А.Диваев "Қырғыз балаларының ойыны" деген еңбегінде ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
1. Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осыған орай ойындарды да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігітер ойыны деп негізінен үш топқа белген, Диваевтың ойынды үш топқа белгендегі ескергені біріншісі ежелгі қазақ ойындары; екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ А.Диваев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: "бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақгары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқгы жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жок, ...Бірақ та антрапологиялық қөзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықгары баланың өз творчестволық қиялымен туғандықтан құнды болып есептеледі." Шындығында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып білуіне мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны күмән тудырмаса керек.
Басқа бір зерттеуші Сөкен Сейфуллин өзі "Біздің ауылда барлық жерде өнді де, ертегіні естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды," - деп балалар ойындарын әндермен, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. "Бүл елдің ескі бір салты бойышша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңыңда отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді" - деп жазған екен Ғабит Мүсрепов "Ұлпан" повесіңде.
XIX ғасырдың бірінші жартысында казақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А.Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. "Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркітгің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді." - деп таң-тамаша болған.
Жаңылтпаш ойыны. Бүл ойыңды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезіңце "р"-дың орнына "и" дыбысын ауыстырып айтуға байланыты халық үні, әуені әдемі, өлеңдетіп: 

Дегеңде, ей, Тайқарбай, өй, Тайқарбай, 
Қойынды мол жусанға жай, Тайқарбай, 
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр, 
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай? 

- деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл мүкісін түзетуге көмектескен - ойын түрі. Халық ойнатып отырып, ойланып сөйлеуге баулыған.
"Соқыр теке" ойыны. Оның шарты қатысулардың әр қайсысына мал аты қойылады. Ең соңғы аталған бала "Тентек теке" болады:

Бұзау, бота, құлыншақ
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал,
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.
Көзін байла, теке-теке "бақ-бақ"
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

Ойын үлкен шеңбер ішінде ойналады. Ойынды бастаушы "Тентек текені" көзін байлап, ортаға шығарып: «ал ойын басталды» дегеңде, "Тентек теке" былай дейді:

Қараңғыда көзім жоқ
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріндер!

Балалар көзі байлаулы "Соқыр текені" мазақгап өлеңдетіп:

Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіне топырақ
Топырағын алатын,
Тотияйын салатын.
Ал үстап көр, батырым,
Міне, келе жатырмын! -
деп әр жаққа қашады. Ары қарай оиын жалғаса береді.
Сәбит Мұқанов өзінің "Өмір мектебіңде" кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: "Хан" деген сөзді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер-білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да "ханы" болады. Ол - өрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. "Хаңды" балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар "ханды" жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ату... Бала ең алдымен "ханды" атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді... Асықты алғаш шашқанда, "хан" алшы түссе, "хан таламақай" болады, онысы - шашылған асықты үлгергенше талап алу... Бүл "таламақай" да, әр бала колына "ханды" түсіруге тырысады...
"Хан" ойынының бұл - бір түрі. Екінші түрі, балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы "хан" сайлайды. Екі "ханды" арасы алшақ екі жерге отырғызып, ол араны "орда" деп атайды. Аржағындағы тәртіп "Ақ сүйек" ойнау. Онысы - екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған малдың қу сүйегін (әдетте ол жілік болуы керек) алыска апарып лактырып келуі керек. Сол сүйекті балалар іздеп, тапқан бала, өз "ордасына" алып кашу керек. Ол баланы өзге балалар куғанда, қашқан баланың жақтастары, екінші топтың балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі кағып әкете береді. Жеткен балаға, қай топтың баласы болса да, сүйекті карсыласпай береді.. Сүйек келген "орда" жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат - баланы көп ұту. Егер бір "орда" балаларын түгел ұтқызса, ол "орданың ханын" балалар түйе-бас қылады.
"Хан" ойынының үшінші түрі, қыз-бозбала жиналғанда "хан жақсы ма?" ойнайды, оның тәртібі: ойынды басқаратын "хан" мен "ханша" жөне "уәзір" сайланады. (Әдетте "хан үйленген" жігітпен, "ханша" келіншектен болады. "Уәзір" қай жігіт болса да мейлі.) Ойынды баскаратын "ханның" бұйрығы бойынша, бір қыз, бір жігітпен араласа отырады. Хан жігіттерді кезекпен
шақырып, әртүрлі өлендер айтқызады.) Хан бұйыратын өлеңнің барлық саны 24 ауыз және жігіттер бірін-бірі қайталамай, тыңнан өлендер табуы керек... Осы бұйрықты орындап шықкан жігітке "ханның" берер сыйы - тандаған кызының касына отырғызу. Бұйрықты орындай алмаған жігіт өзінің отырған орнынан айрылып қалады. Қу "хандар", өленді ақшамен де, немесе орамал, айна, тарақ, кисет сияқты заттармен де өтетеді. Бірақ борышын олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің қасына отыра алмайды. Ойын осы тәртіппен өткеннен кейін, "уәзір" ойынға қатынасушылардан "хан жақсы ма?" деп сүрайды. Әдетте жастар ойынды "ханды" мазақтаумен аяқтайды. Балалардың да, жастардың да осылар сияқты "хан" сайлайтын шағымызда талайлардан естідік те, естігеңдерімізді озгелерге де айттык, Солардың ішінде қылығына қарай жақсы көрген де, жек көрген де "хандарымыз" болады...- дейді.

Дереккөзі:

З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВА
ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫ
АЛМАТЫ 1999


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 553 | Загрузок: 160 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]