Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сыйлық сыйлау және алу этикеті


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (61.5Kb) ] 19.02.2014, 16:16
                                                            Кіріспе

   Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.
   Ағылшын мақалы "Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі" деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.
   Сыйлық сыйлаудың тарихы жоқ сияқты, олар әрқашанда болғандай.      Сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлағанды білу керек.Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір этикеті, дәстүрлері бар.

Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы
   Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.
   Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.
   Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.
   2000 жыл бұрын Вифлеемде Қасиетті жерде Иусус туған.Адамдар аспанда жұлдыз жанғанын көріп, құтқарушы бар екендігін түсінді.Олар Христос табыну үшін Вифлеемге жол ұстады.Олар сәбиге иіліп, сыйға алтын, ладан және смирна тартты.Осылайша, сыйлық жасаудың тарихы осыдан бастау алады.
   


Қазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті
Сыйлық жасау

   Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ.
   Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.
   Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.
   Соған байланысты кейбір елдерде сыйлықтын бағасы белгілі бір сомадан аспауы керек.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде "Қызметкердің этикалық кодексі" қабылданды.Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды.
   Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдау керек.Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым қатынасыңызға да байланысты.Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн.Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес.Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт.
   Сыйлық сыйлау процеесіне де көңіл аударған жөн.Оны құр тез бере салу этикет нормаларына жатпайды.Оны әдемі және де сыпайы түрде сыйлау қажет.Сыйлық сыйлаудың алтын ережесіне сәйкес сыйлаған адамға сыйлықты таңдаған өте ауыр болғаны және бағасының қымбаттығы жөнінде айтуға мүлдем дұрыс емес.
   Сыйлық сыйлау кезіндегі бірқатар ережелер:
Туған күнге туған күн иесінің бүкіл отбасысы емес, тек өзі қолданар зат сыйлау керек;
Сыйлықты туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, оған қарағанда алдын-ала сыйлаған жөн болар;
Сыйлық ретінде ақша сыйлау дұрыс емес, егер де ол адам сіз үшін шынайымен қымбат болса уақытыңыз бен көңіліңізді бөліп, қуанышты қылуыңыз  қажет;
Өте-өте қымбат сыйлық сыйламаған жөн, бұлай адамды ыңғайсыз жағдайға тұрғызуыңыз және де оны сізге тәуелді сездіруіңіз мұмкін;
Сыйлықтың қапталғаны дұрыс;
Ешқашан өзіңізге сыйлаған сыйлықты сыйлауға болмайды;
Жеуге жарамды сыйлықтарды сол уақытта үстелге сыйлау қажет;
Тірі сыйлықтарды (күшік, мысық, тотықұс және т.б.) сол үйдің отбасы мүшелері рұқсатымен сыйлау керек;
Сыйлықты кіре берісте сыйлауға болмайды, оны қонақ үйде асықпай, жылы лебіздермен сыйлаған жөн болар;
Кез-келген ұсақ түйек сыйлаған сіз туралы жаман ой қалыптастырады;
Екі мағыналы сыйлықтардан аулақ болу керек: мысалы әйелдің жарына мүйіз немесе жаңадан үйленгендерге қайғылы сурет;
Сыйлықтын сюрприз болғаны жақсы;
Ақшалай сыйлықты әрқашан конвертте беру керек;
Жаман сыйлық мүлдем сыйлықтың болмағанынан жақсы.
  
   Енді кімге, қашан және қандай сыйлық сыйлау керек деген сұрақтар туындайды.
   Әрине, әрбіреуге сыйлық сыйлай беру жөнді емес, көп қателіктер жасап қоюыңыз мүмкін, және жақсы таныс емес адамдарға да сыйлық сыйлау дұрыс емес, сізді дұрыс түсіңбеуі мүмкін.
   Ең күрделі сұрақтардың бірі: бастыққа сыйлық сыйлау керек па? Сыйланған кез-келген сыйлық сіздің жағымпаздануыңыз ретінде түсінілуі мүмкін.Сондықтан, бастықтарға сыйлықтарды тек ерекше кездерде (юбилей, зейнетке шығу және т.с.с.) сыйлаған жөн.Әрине егерде бастық пен қызметкер арасында шынайы достық, жылы қарым-қатынаста болса, бір-біріне сыйлық сыйлау көзделген. Бастыққа сыйлықты барлық коллективпен сыйлаған этикет нормаларымен сәйкестелген.
   Енді қашан сыйлау? Әрине, сыйлықтар туған күнге, үйлену тойға, мектеп, университет бітіру сияқты оқиғаларға сыйланады.Бұл оңай жағдайлар болып табылады.Үйлену тойына байланысты жылдықтар әлдеқайда күрделірек болып саналады.Үйлену тойының бірінші жылдығы- қағаз той, екінші жылдығы- шыны той, оныншы жылдығы- фарфор той, он бесінші жылдығы- қола той, жиырмасыншы жылдығы- хрусталды той болып есептелінеді.
   Бүгінгі таңда, 25 жылдық – күміс той, 50 жылдық – алтын тойды тойлау кең таралған.Алайда, күміс тойға күміс, алтын тойға алтын сыйлау міндетті емес.
   Енді негізгі сұрақтардың бірі- не сыйлау. 
   Сыйлық кімге сыйланатынына байланысты таңдалады.Таныс емес немесе жақсы араласпайтын адамға қарағанда,жақын адамға сыйлық таңдау жеңілдеу болады.Жақын адамға сыйлыққа не беруге болатынын оңай ойластыруға, тіпті гүл, ойыншық немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады.
   Жақын туыстарға киім немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады,ал туыстық алыстаған сайын, сыйлық таңдау қиындай түседі.Егер де жақын туысыңызға қолғап, сөмке немесе т.с.с. зат сыйлау мүмкін болса, жай таныс адамға мұндай заттар сыйлау этикет нормаларымен сәйкес келмейді.
   Әйел адам жақын ер адамға темекі құрамдастарын, табак, шарап, галстук, жейде немесе свитер сыйлай алады.Ал алыс туыстарға жеке заттар сыйлауға болмайды.
   Негізі барлық сыйлықтар екі топқа топтастырылады:
Сувенирлік (кітап, кошелек, сувенирлер және т.с.с.)
Бағалы (ваза, сервиз, скатерть, сурет және т.с.с.)
   Егерде сыйлық Жаңа жыл немесе 8 наурызға арналған болса, оған құттықтау қағазын қосып берген жөн болады.
   Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған.Кітапты өте мұқият таңдау керек, ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы, әрі қуаныш сыйлауы керек.Алтын ереже – кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.
   Зергерлік бұйымдарды ерекше таңдау керек: біріншіден, зергерлік бұйымдарды тек жақын достар мен туыстарға сыйлауға болады, екіншіден, бұйым (брошь, сағат, сырға, сақина, білезік) келешек иегерге жарасымды келетіндігін ескеру қажет.
   Әрбір сыйлық- сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі.
   Жиі шақыруларға белгілі бір себептермен келе алмайтын жағдайлар болып қалуы мүмкін.Мұндай жағдайда сыйлықты алдын-ала кешірім сұрап, біреу арқылы беріп жеру, сонымен  қатар жылы лебіздер жазып құттықтау қағазын жазып жіберу керек. 
   Сонымен қатар, сыйлық таңдауды ең соңғы мезгілге қалдырмауы керек. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар.

Сыйлық алу
   Сыйлық алудың да белгілі бір этикет ережелері бар.
   Біріншіден, сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек. Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Сонымен қатар, сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек.Егер сыйлық ұнамаса да әрқашан осылай істеу керек.Алғыс айту- бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі.
   Сіздің көзқарасыңыз бойынша мүлдем керек емес немесе қымбат емес сыйлық алған кезде алғысыңызды ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар бұл тамаша сыйлық екендігін айту керек.Қымбат сыйлық пен құр сувенирді бірдей жүректілікпен қабылдау қажет.Сыйлықтарды салыстыруға және араларынан ұнатқанын таңдап алу этикет ережелері бойынша дұрыс емес.
   Егерде біреу сыйлықсыз келсе, оны басқалармен бірдей қабылдап, уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдірген жөн.
   Этикет ережелері бойынша, сыйлық ретінде кәмпит, шарап немесе торт сияқты заттарды алған кезде, қоршаған адамдармен бөлісу қажет.Алайда, Еуропа мен Америка елдерінде мұндай әрекет түсінбеушілікке алып келуі мұмкін.
   Ал егер де, ұсынылған сыйлық сізге ұнамаса, мұны көрсетпеу керек, себебі ол адам сіз үшін тырысқан болатын.
Қорытынды
   Сыйлық- ол ең біріншіден көңіл, достық пен махаббат белгісі.
   Егер сіз сыйлық сыйлауды ұнатсаңыз, сіз эгоизмді жеңіп, басқалар туралы ойлай, оларға қамқор бола аласыз.
   Сыйлық сыйлау- ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. Ол адамның ішкі мәдениеті көрінісі болып табылады.
   Сыйлықтын феномені- оның кері векторлығы- адамдар тек сыйлық алғанды ғана емес, сонымен қатар сыйлық сыйлағанды да ұнатады.адам сыйлыққа өзінің бір бөлшегін салғандай болады.




Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640 с.;  2. http://allinfo100.narod.ru/kakdarit.html/ Как дарить подарки; 
3. http://www.acapod.ru/ Что, кому, когда дарить?;
4. http://etiket.net.ru/ Подарки;
5. http://www.pr-dialog.com/ Подарок – это эстетически упакованный смысл;
6. http://pozdr.h1.ru/ Как дарить подарки;
7. http://7days.belta.by/ Откуда пришел обычай дарить подарки.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 4636 | Загрузок: 221 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]