Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Смайыл батыр


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:54
Смайыл батыр— Смайыл батыр Мұсабекұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр бойын мекендеген Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлы көсемдерінің бірі болған, Жандар руынынан шыққан Мұсабек батыр Қалдарбекұлының сегіз ұлдарының ішіндегі арыстан жүрек, қайтпас-қайсар, бойындағы күш-қайрат, батырлығымен танылған тұлға. Смайыл батырдың дәл қай күні, қай жылы туылып, өмірден өткені белгісіз. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда Смайыл батыр 19-ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, сол ғасырдың соңына қарай өмірден озған деуге болады. Олай дейтін себебіміз Смайыл батыр бір ұрыста алған жарақатының асқынуының салдарынан 45- жасында қайтыс болған екен. Бір деректерде Ордабасы ауданында Бөржар, Бадам өзенінің бойындағы Бірлік ауылындағы Сымтас мазарында жерленген десе, екінші бір деректерде Сырдария бойындағы Ақын Жақып әулие мазаратында жерленген дейді. Смайыл батыр жайлы деректер өте аз сақталған, жоқтың қасы деуге де болады. Майлықожаның жыр-дастандарында кездессе (Смайыл мен Ағман, Смайылды жоқтау дастаны), қалғандары халық арасында ауыз әдебиет күйінде сақталып қалған. Мұсабек батырдың қартайған шағында, Шымыр Байзақ датқаның ұлы Ақмолда болыстың барымташылары Мұсабек батырдың жылқыларын барымталап кеткен екен, сонда Мұсабек батыр баласы Смайылды шақырып алып „балам саған мал-дүние керек па?" деп сұраса, сонда бала Смайыл тұрып керек деп жауап беріпті. Мұсабек батыр: - егер мал-дүние керек болса, бар да барымталанып кеткен жылқыларды қайтарып алып кел деп жұмсағанда Смайыл батырдың жасы не бары 14-те болғаны жайлы айтылады. Сондағы Смайылдың батыр, ер-жүректілігі қасына бір жылқышы кісіні ғана ертіп барып Ақмолданының ордасына, жасауылдардың қарсылық көрсеткеніне қарамастан баса-көктеп жалғыз кірген дейді. Бұл жерде Смайыл мен Ақмолданың арасында біраз балағаттау сөздер болған, ол сөздерді жарияламауды жөн көрдім. Ақмолда женіліп, Қоңыраттардан барымталанған дүние-мүліктің біріне тимей қайтарып берген! Мұны естіген Ақмолда болыстың бас батыры Ағман намыстанып, Қоңыраттардың қай басынғаны деп, қол жинап, Қоңыраттарға келеді. Смайыл батыр бастаған Қоңырат-Көктіңұлы жігіттері мен Ағман батыр бастаған Дулат жігіттері Сырдың бойында Тақыр көлде екі жақ кез келеді. Бұл ұрыста адам шығыны болып, Ағман батырдың қолы жеңіліске ұшырайды. Смайыл батыр ішінен жарақат алып, сол жарақаты уақыт келе асқынып 45-жасында дүниеден озған екен. Бұл жайында атақты ақын Майлықожа Смайыл, Ағман дастанында жырлайды.
Майлықожа ақын:
Қаптаған қара борандай,
Смайылдың сарыны.
Өзі өлгенше ешкімнен
Басылмаған сарыны.

Майлықожа ақын:
Бір топ құлан боз келді,
„Тақыркөлдің" сыртында,
Смайыл,Ағман кез келді.
Ерегіс майдан құрысты,
Батырлар қылды ұрысты.
Жая жеген батырлар,
Жатып бір қалып тұрысты.
Ағыман қолы жеңілген «Тақыркөлдегі» шайқаста Зияда батырдың аты оққа ұшып,өзі әрең құтылады.
Әдинаш пен Зияда
Қапылыста пияда,
Екеу ара бірлесіп,
Көк дөненге мінгесіп,
Әзер қашып құтылды
Шөгірлідегі қияда.
Майлықожа ақын:
Датқа-еке нелер күндер өтті басымнан,
Көзім бір арылмады қанды жастан
Жарадар жалғыз інім болғаннан соң,
Он бірін қабат шаншыдым дем алмастан.
Шапқанда жан шыдамас сарынымнан,
Басылдым батыр алып арынымнан,
Баласын Көктіңұлын қоримын деп,
Сауыт сынып,оқ өтті қарынымнан.
Майлықожа ақынның Смайыл батырды жоқтауы,
Әуел сөзім биссмилла,
Екінші сөзім Мұхаммед
Жылайды деп сөкпеңдер
Жиылып келген әлеумет.

Сымайыл өліп кеттің қырық бесіңде,
Досың күліп,дұшпаның тіпті есірді.
Смайыл ат жақты едің,кез ерінді.
Жаулассаң алдың жаудан өз кегіңді.
Қара жер тапжылмастай басып жатыр,
Нар кеуде омырауланған бедеріңді.
Смайыл батырдың көзі тірісінде Қоңыраттарға ішкі жаулары, басқа ру -тайпалардан ешкім тиісе алмаған екен.Смайыл батыр бабамыздың жатқан жері жәннәттан болсын,Аумин!

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 483 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]