Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Шарабарин Николай Александрович


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:30
Шарабарин Николай Александрович (23.3.1907, Өскемен қаласы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы. Орыс. Кен шебері курсын бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Құлынжон (Құлажон) кеніштерінде кен шебері болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарында 1928-30 жылы өз борышын орындады. 1942 жылдың шілдесінен майданда 529- атқыштар полкінде (Воронеж майданы, 38-армия, 163-атқыштар дивизиясы) болып, Сталинград қаласынан Берлинге дейін жетті. Орел - Курск доғасындағы ұрыстарға, Днепр өзенінен өту және Киев қаласын азат ету операцияларына қатысты. Соғыс кезінде Шарабарин 4 рет жараланды. Кустарево державасы үшін болған ұрыста жаудың окопына бірінші болып жетіп, граната лақтырды. Кеңес әскері бөлімшелерінің біріне жақын жерден танкіге қарсы оқ атылып жатқанын көріп, оларды гранатамен жойды. Ол әсіресе Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түсті. 1943 жылдың 1 қазанында Шарабарин алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен Жуковка аралы маңында (Киев қаласының оңтүстінгі) өтіп, жаудың бір «тілін» алып келді. Бөлімше командирі қатардан шығып қалғаннан кейін оны алмастырып, жаудың шабуылын тойтарды. Шарабаринға жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943). Соғыстан кейін туған жеріне оралып, кен шебері, кеніш бастығы болып жұмыс істеді. Ол Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталды
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 456 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]