Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (45.5Kb) ] 19.02.2014, 22:01
Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік  мәселенің жүзеге асуы.
Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер.
Түсінік хат.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.
   Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы. 
  Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім Орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады. 
Тіл дамыту  ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады. 
   Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақрыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.
Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. 
    Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын  көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып, балабақшаға барып қазақ сөздерімен танысуы тиіс. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі қолданыстағы тілді үйреніп шықса , жоғарғы оқу орындарын да мектеп бағдарламасын қайталамай, тілдік категорияны теренірек оқытылса , болашақта орысша және қазақша тіл білетін маман даярлар едік . Қаншама жазсақта, айтсақта  ісіміз оңға баспай тұр. Себебі оқушылар тек сабақта ғана қазақша сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады. 
  Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер жайлы бағдарламамды ұсынып отырмын. 
   Себебі сөздік қордың бай болу манызды мәселе .

            Мақсаты : 
- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру. 
- Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
- Қазақтың байырғы сөздерін білдіру.
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту 
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.
- Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы қазақ халқын сыйлауға , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  Міндеттері : 
- Сөздікті дамыту.
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Диалогтік сөздің қалыптастыру.
- Түсінгенін айта білу. 
- көркем шығармамен таныстыру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру. 

Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. 
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. сол әдістерді ұсынып отырмын. 
    Түсіндіру әдіс  - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін   жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай – ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке , ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп ,не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы,ма, ме , ба, бе, па,пе деген қосымшалардың бірде жалғау болатындығы,т.б )  түсіндіріледі. 
    Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек . 
  Мысалы :  «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады.  Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин  Натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс –  Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар ,   тақырыптарында жүзеге асады.
     Келесі бір тағы әдіс: Сұрақ – жауап  әдісі.      
 Балардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі.Қай сынып болсын, сабақтың қай  кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі  де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды. Мысалы: 
Сенің тұратын қалаң қалай аталады?
Менің қалам Қостанай деп аталады. 
Қаланың жанынан қандай өзен ағады? 
Тобыл өзені ағып өтеді.
Практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға , қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. 
    Сонымен қатар бұрынғы ойнаған ойындарын естеріне түсіреді. Белгілі суретшілердің туындыларын , балаларға арналған суретті кітапшалар, меркелерге дайындық, түрлі ойын – сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін тигізеді. 
     Баллармен түрлі әдеби – музыкалық ойындар өткізу – олардың әдеби  тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар қазақша сөз , сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін дикциясы , яғни сөзге, буынға , екпінді дұрыс түсіруге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.   
        Интерактивтік әдіс . 
Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің , топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір – біріне алма – кезек әсер етуі. Бұл әдіс әсіресе , сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интерракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабылеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізіп кезінде оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау , толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін .  
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады. 

Тағы да өте көп әдіс – тәсілідерді  сөздік қорды дамытуға қолданып жүрмін.
Қандай әдіс болсын мұғалім өз сабағына икемдеп қолдануы керек .                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 833 | Загрузок: 182 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]