Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сәкен Сейфуллин


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (232.5Kb) ] 19.02.2014, 22:53
Сәкен Сейфуллин

Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , «Ортау» совхозының «Қарашілік» қыстағы , - 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9наурызда «Асығып тез аттандық» атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , «Жас қазақ»ұйымын ашты , «Тіршілік» газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды .
 Сәкен 1917 жылы қарашада «Кел , жігіттер» өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып , 1 мамырда «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның «азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты , В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды .
 Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын , «Қызыл сұңқарлар» пбесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған «Ленин» атты өлеңін жазды . 1924 жылы қаңтарда В . И . Ленин қазасына барған Қазақстан делигациясына басшылық етті . Осы жолы«Қайғылы хабар» , «Қаралы күн» өлеңдерін жазды , «Известия» газетінде «В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс» атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі , 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан «Жыл құсы» альманахына басшылық етті . «Жаңа әдебиет» журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана бастаған «Тар жол , тайғақкешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . «Жер қазғандар» повесін ( 1927 ) , «Тұрмыс толқынында» жинағын ( 1928 ) , «Көкшетау» поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді .
 Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын . Оның поэзиясы – Абай мен С . Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да , идеялық-шығармашылық принціпі жағынан айрықша ерекшелігі бар соны дүние . Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің , кеңестік заманнын көкейтесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатады . Мұның өзі – социалистік реализм әдебиетінің негізі , ең басты бағыты , айрықша қадір-қасиеті . Қазақ даласында осы әдебиеттің туын бірінші көтерген Сәкен туындылары – бүгінгі жаңа өмірдің жалынды жаршысы болған тарихи мәңгі құбылыс . Ленин партиясының ұлы идеяларынан таусылмас нәр алған Сәкен өзінің бар өнерін халық мақсатына , туған елінің жарқын болашағынаарнап , жаңа заманның дауылпазы болды . Абайдан кейін қазақпоэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек . Қазақ өленінің өрнегіне өзгеріс енгізу , өлеңнің ішкі ырғағын күшейту , ұйқасты дауыс екпініне бейімдеу , буын жүйесін айтар ойға бағындыру – Сәкен поэзиясының жаңашылдық сипатын танытатын белгілер
 Поэзия саласындағы алғашқы қадамын 1914 жылышыққан «Өткен күндер» атты өлеңдержинағынан бастаған Сәкен Қазан революциясының дауылды күндеріндежаңа идеялық негізде түр мен мазмұнның ажырамас бірлігін сақтай білді . «Кел , жігіттер» , «Жас қазақ марсельезасы» , «Жұмыскерлерге» , «Жолдастар» , тағы басқасаяси лирикаларын «Асау тұлпар» мен«Экспресс» жинақтарынаұластырып , атақты «Советстан» поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын әбден айқындады . Қазақ кеңес әдебиетінің идеялық шығармашылығының қалыптасуының жарқын бір белгісі – «Көкщетау» поэмасы . Бұл поэма Сәкеннің әдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті . Данышпан В . И . Лениннің ұлы бейнесін жасауды көздеген «Альбатрос» ( 1932 жылы ) пен жаңа замандыбейнелеген «Социалистан» ( 1935 жылы ) поэмалары , азамат ақынның әлеуметтік күрделі мәселелерді жасқанбай жырлап , кезеңнің қайшылық-қиындықтарын батыл айтып берген «Қызыл ат» ( 1934 жылы ) поэмасы қазақ поэзиясының 30 жылдардағы үлкен табысы болды .
 Сәкен поэзиясын сөз еткенде , ерекше назар аударатын мәселе – оның замана бейнесін жасауы . Бұл ұлы образдың алғашқы нақыштары Сәкеннің 1917 жылғы өлеңдерінен басталған . Қазан револьюциясын зор қуанышпен қарсы алған ақын:«Кел жігіттер , болыңдар ер , жүйткіт , орғыт тұлпарды» деп асау тұлпардың жанды бейнесін жаңазаман образынабалайды . Сәкен тұлпар образынан кейін отарба мен экспресті шабытпен жырлауға көшеді . Мұны «Советстан» атты поэма тарауларының тақырыптары «Отарбада» , «Біздің тұрмыс – отарбада» , «Советстан – отарба» , «Экспресс» деп аталуынан да , соны леп , тың образ жасау жолындағы ізденістерінен де , жаңа мазмұнға сәйкес жаңа өлеңдік түр , нақыштарынан да байқауға болады . Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы халық өмірін философиялық терең толғауымен , қазіргідей құдыретті Отаны бар бүгінгі ұрпақтың алдағы ұлы мұратын айқын бейнелеуімен заман бейнесін жетілдіре суреттеген . Кеңес елінде социализмнің негізі берік қаланған шақта ұлылықтың , өрен ерліктің символы – альбатрос арқылы кемеңгер В . И . Ленин образын Отан бейнесіне айналдыра жырлауы Сәкеннің жаңашылдығын , замана бейнесін жасау жолындағы ақындық алғырлығын танытады . Оның кеңестік заманмен үндес жаңалығы мол тамаша поэзиясы – қазақ кеңес әдебиетінің үлкен олжасы .
 Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы«Жұбату» атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды , «Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған «Айша» әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып , аяқталмай қалған «Қыр балалары» аттыкөлемді повесі де солкездетуды . Сәкен әңгіме , очерктерді былай қойғанда , бес повесть ( «Жер қазғандар» , 1927;«Айша» , 1922-35;«Біздің тұрмыс» 1932-34;«Сол жылдарда» , «Жемістер» , 1935 ) , бір мемуарлық роман ( «Тар жол , тайғақ кешу») жазды . Осы шығармалардың ішінде «Тар жол , тайғақ кешу» мен «Жер қазғандардың» орны ерекше . Өйткені , бұл туындылар - өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес , қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын , бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында «Тар жол , тайғақ кешу» романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі . Ал осы халықтық шығарма , екінші жағынан , саяси сауат ашу құралы болды . Мұнда екі таптық идеологияның күресі айқын бейнеленді . Сәкен шығармасында нақты деректерге сүйнен отырып , бай мен феодалдардың , қазақ буржуазиясының сойылын соққан ұлтшыл – алашордашылардың теріс пиғылы мен қастандығын әшкереледі , маркстік – лениндік идеологияның негізгі қағидаларының терең сырларын халықтың ерлік істері арқылы танытып , жеңімпаз идеяның өміршең екендігін дәлелдеді .
 Сәкен драматургия саласында да бір қыдыру еңбек етті . «Бақыт жолына» атты пьесасында ( 1917 ) жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой-арманын , тілек-мақсатын бейнкеледі . Бұл пьесаның 1918 жылы мамырда Ақмола қаласында үш рет қойылуы – қазақ драматургиясының туу дәуіріндегі атап айтарлық елеулі әдеби құбылыс . Қазақ кеңес драматургиясының алғашқы туындыларының бірі – Сәкеннің 1920 жылы жазған«Қызыл сұңқарлар» атты революцияшыл драмасы . Мұнда Еркебұлан сияқты революционердің жарқын да жағымды образы жасалып , ол жұрт үлгі алатын өнегелі бейнеге айналды . Ұлы өзгеріс дәуірінің өзінде сол кезеңнің қаһармандарын шығарма кейіпкерлеріне айналдыру , шынай шындықты даму барысындакөрсету , жаңа кеңес адамның қалыптасып келе жатқан бейнесін жасау қазақ кеңес драматургиясындағы алғашқы соны сүрлеу болды . Сәкен дарамалары қазақ кеңес әдебиеті тарихында өзінің осы ерекшеліктерімен бағалы .
 Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салып , өлшеусіз еңбекеткен Сәкен әдебиеттің басқажанрларында да қалам тербеп , өзінше үлес қосты . Сәкен 1914 жылы«Айқап» журналында «Манап драмасы туралы» сын мақала жазып , қазақ әдебиет сынының туып , даму процесіне белсене атсалыса бастады . «Әдебиет һәм оның бағыттары» ( 1922жылы ) , «Асау тұлпар туралы» ( 1923 жылы ) , «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» ( 1924 жылы ) , «Ұлт театры туралы» «Әдебиет майданында» ( 1928 жылы ) , «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен» ( 1929 жылы ) «Өрлеу үстінде» ( 1934 жылы ) тағы басқа әдеби-сын мақалалары , жазушылардың съездерінде , пленумдарында жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері Сәкеннің сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігінің танытады .
 Әдебиеттің өткендегісі мен келешегін ойлау , бүгінгісін жат ықпалдан қорғау – жауынгер жазушыға тән сипат . Жаңа әдебиеттің туып , өркендеу процесіне жетекші болабілген революционер ақын Сәкен өзінің құнарлы сын ой-пікірлерін ең қажетті , беленді кезеңдерге түйіндей , қорытындылай айтып , жауынгер жанрдың қалыптасып , өркен жаюына үлкен көмек көрсетті . Сонымен қатар , ол әдебиет тарихын зерттеу , оның таңдаулы үлгілерін жариялау ісіменде көп шұғылданды . «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын» ( 1931 ) , «Батырлар жырын» ( 1933 жылы ) , Ыбырай Алтынсарин , Ақан Сері , Ақмолла тағы басқа шығармаларын жинап ( 1935 жылы ) , бастырып шығарды . Қазақ әдебиеттану ғылымында Сәкен жазған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбектің мәні зор . Бұл кітап – жоғары оқу орнына арналған оқу құралы болуының үстіне дәуір таңбасын берік сақтаған , қазақ кеңес әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының өркендеу процесінің көптеген шындығын айқын көрсететін туынды . Маркстік-лениндік методологияға сүйіне отырып , Сәкен осы еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетін ғылыми жүйемен талдады , дұрыс қорытындылар жасады . Ауыз әдебиетінің жанрларын саралып , батырлар жырының туу , өркендеу барысын халық тарихымен сабақтастыра зерттеді . Бұл туынды – күні бүгінге дейін өзінің ғылыми да практикалық мәнін жоймаған , қазақ фольклористикасының негізіне қаланған шығарма және қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу процесіне Сәкеннің қосқан үлесінің зор екендігін танытатын зерттеуеңбек . Қазақ кеңес публицистикасын өркендетуге де Сәкен белсене қатысты .
 Қазақ кеңес әдебиетінің туын көтеріп , негізін салған , идеялық жағынан берік қалыптасуына еңбек сіңірген қайреткер , ақын , жазушы , сыншы , ғалым Сәкен «қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің көш бастары» ( Сәбит Мұқанов ) болды . Қазіргі уақытта оның кейбір шығармалары Кеңес Одағы халықтарының бірқатар тілдеріне аударылып басылды . 1974 жылы Қазақстанда , одан тыс жерлерде Сәкеннің туғанына 80 жыл толған мерей тойы кеңінен аталып өтті . Қазақ ақын-жазушылары Сәкеннің өмірі мен шығармашылық жолын суреттейтін көркем шығармалар ( Сәбит Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы , Ғабит Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі , Ә . Тәжібаевтың «Монологтар» поэмасы тағы басқалар ) жазды .

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
 
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.  Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920). «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (1922). Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (1922-1925). Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы (1925). БК(б)П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі (1926). Қызылорда халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры (1927). «Әдебиет майданы» журналының редакторы (1932). Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры (1934).
 
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары - «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», « Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар. Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С.Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінің мәні зор. Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда, мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.
Сәкен Сейфуллиннің ақиық ақындығы өз алдына, ол кісінің әңгіме,  хикаяттар, "Тар жол, тайғақ кешу” атты тарихи мемуарлық ро¬ман жазып, әдебиеттің бар саласына атсалысып,  сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ зиялыларының көш басында болғаны көзі ашық көп¬шілікке белгілі. 
Ағартушы, әдебиеттің үлкен өкілі бола жүріп Сәкен Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірден тыс қала алмады.  Ол 1920 жылы Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің І құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссия¬сының жұмысына және баспасөз ісіне  басшылық етіп, 1922 жылы "Еңбекші қазақ” газетінің редак¬торы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды.  Ал осы жылы Қазақ АССР Кеңесінің ІІІ съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 
Еңбек жолын Омбы қаласында бастап,  кешікпей Ақмола қаласына ауысып,  үлкен істерге араласқанша осы Ақмолада атқару комитеті төр-ағасының орынбасары және әкім¬шілік бөлімінің меңгерушісі болады. Яғни, Сәкен Сейфуллиннің бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанада жыл сайын дәстүрлі әдеби күнінің аталып өтуі орынды десек, бүгінде елордада Сәкен Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді. Қаладағы іргелі орындардың бірі де ақын есімімен аталады. 



Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 2256 | Загрузок: 255 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]