Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Сүйіндік Жанысбай


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

27.02.2014, 00:06
Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді. Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің жігіттері" атты жинаққа ("Жалын", 1981 ж.) Оның қаламынан туған әңгімелері мен әзіл-сықақтары "Жалын" баспасынан "Адамша кел" атты сықақ әңгімелері 1991 жылы кітап болып жарық көрді. "Жазушы" баспасынан шыққан "Орман үстіндегі түн" (1990 ж.) атты жинаққа әңгімесі енген. Социалистік Еңбек Ері С.Тоқымтаевтың атынан "Өнімді еңбек көздері" деген кітапша ("Қазақстан", 1981 ж.) шығарды. "Жалын" баспасынан (1989 ж.) эстон жазушысы Эллен Нийттің "Пилле-Рийн" атты балаларға арналған кітапшасын аударып бастырды. "Адамша кел" атты әзіл-сықақ әңгімелері ("Жалын", 1991 ж.) кітап болып жарық көрді. Той басқаратын асабаларға арналған "Ақ босаға" атты кітапша құрастырып шығарды. Милиция өмірі жайлы әңгімелері мен очерктері және сұхбаттары "Өкініш" және "Взятка" деген атпен облыстық "Полиграфия" бірлестігінен, "Кездесу" повестер мен әңгімелері "Астана" баспасынан 2007жылы, "Сарыарқаның самалы" атты туған жер, табиғат, экология мәселелері туралы кітабы Қарағанды: АРКО баспасынан 2003 жылы жеке кітап болып шықты. Мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек ететін "Орталық Қазақстан" газетінде үзбей жарияланып тұрады. 2001 жылы "Ауылымды аңсадым" атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 399 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]