Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

ӨРКЕНИЕТ ШАМЫН ЖАҒУШЫЛАР


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

26.02.2014, 10:47

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы

 ӨРКЕНИЕТ ШАМЫН ЖАҒУШЫЛАР

 Біздің атлантроп ататегімізден кейін өрбіген беймәлім «бабаларымыз» б.д.д. 10-8 мыңжылдықтарда мезолит заманында-ақ тағы аттарды қолға үйреткен. Б.д.д. 7-6 мыңжылдықтарда неолит заманында олар адамзат тарихында тұңғыш рет ағаштан арба жасаған. Б.д.д. 6-5 мыңжылдықтарда энеолит заманында темір мен қоладан таға, үзеңгі, жебе құйған. Мұны кезінде көне грек тарихшысы – Фукидод (б.д.д. 461-400 жылдар), көне Рим тарихшылары – Тимн (Тимей) б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлар), Тацит Публи (б.з 56-177 жылдары) жазып кеткендіктен, кешегі, бүгінгі Әлем тарихшылары амалсыздан мойындап отыр. Сөйтіп, олардың (тарихтың нақты деректеріне сүйене айтсақ): тур, иам, убон, сай, ас, ассы, иссидон тайпаларынан құрылған турлар (көнетүркілер) бірлестігінің: ар, арг, қыпшақ, огуз, қарлұқ, қаң, массагет тайпаларынан құралған арий (көнетүркілер қандасы) бірлестігінің: ка, кас, пи, каспы, дай, дах тайпаларынан құралған кассит бірлестігінің (бұлар да солай) біраз тайпалары (оғыз, қарлұқ, қыпшақтар) алыс-жақында қалыптасқан құрлық жерлерді еркін кезіп жүріп, шамамен б.д.д. 8-6 мыңжылдықтарда Алғы Азияға, Еуропаның батысына өткен.

«Кезбелер» сонда, сол жаққа өздерінен бұрын кеткен ерек өнерлі саг, гук, ур, лю-лю тайпаларынан құралған қандастары протошумерлермен бірлесіп, Месепотомия ойпаттарының Евфрат – Тигр өзендерінің бойында адамзат тарихындағы тұңғыш мемлекет – Месепотомия атты патшалық құрған. Сонысымен, олар сол маңдағы жергілікті, ежелгі адамтекті тайпаларға өзіндік мемлекеттер құру үлгісін көрсеткен.  Ал, б.д.д. беймәлім мыңжылдықтарда ол маңда антропоген эрасының GІІІ – (б.д.д. 1 млн. 400 жылдар аралығында) кезеңінде әуелде тропикалық Африканың Олдубай өңірінде пайда болған дропитектер (ағаш басындағы «адамдар») мен явалық австралипитектерден кейінгі замандарда өрбіген саналары мен тіршіліктері әлі төмен дәрежедегі аккадассир, арамей, фраг, ибрит, либи, элам, лати, финик, гикос басқа да ежелгі тайпалар бабалары-түпқияндары өмір сүріп жатқан еді. Бұлармен қандастар кейінгі замандарда Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізі аймақтарында да пайда болған-ды.

Біздің Еуразиядан алғы Азияға ауған, тұтас алғанда турлар (түркілер) мен шумерлер бұрынғы далалық кең пейілмен, ашық жүрекпен өз өркениеттерін, өздері ойлап тапқан жазу-сызуды Месепотомия мен Жерорта теңізі төңірегінде өмір сүріп жатқан дропиктек, австраалипиктек ұрпақтарының бәріне таратып, бәріне үйретті. Содан олар турлардан, әсіресе өнерлі шумерлерден үлгі алып, үйреніп, өздерінің мемлекеттерін құра бастады. Мәдениетті, жазу-сызуды үйренді.  Мәселен, семит деген одаққа кірген финик, лати, бабыл, ханей, аккад, эллам, аморей, хаддей қандастарының басын құрап, ассирлер әуелде б.д.д. 5 мыңжылдықтар басында ассирия патшалығын құрды, Тигр өзенінің теріскейінде. Фрагтар: леги, дори, зариахей, ион, плот, баси, демос қандастарымен Грекия патшалығы шаңырағын көтерді, б.д.д. 5-мыңжылдықтың ортасында арамей қандастарымен б.д.д. 4-мыңжылдығы басында Кіші Азияда Парсы (Персия) мемлекетін ұйымдастырды. Әу баста шумерлер ат басын тіреген Сирия жерінде алғы Азияда ибриттер: идиш, фистимилян қандас тайпаларымен шағын екі патшалық – Израйл, Иудей шаңырағын көтерді, б.д.д. 2 мыңжылдықта Месепотомияда. Солбір б.д.д. 7-5 мыңжылдықта Африка антропогендік арасының GІІІ кезеңінде австралитек, синантроптармен тұтас жаралған пазантроп, архантроптар ұрпақтары негритер де, индустар да қарап жатқан жоқ. Негридтер сайм, ахим, файм, ном, нубей, копт тайпаларымен тізе қосып теріскей Африкада қуат-құдіретті Египет империясын орнатты. Индустар Африканың Кіші Азия шегінде Үнді мемлекетінің негізін қалады.

Осылардың бәрінен көп кейін Азияның теріскей батысындағы жотаны мекендеген антропоген эрасының GІІІ – кезеңінде Жерорта теңізі түскей шығысында жаралған перзинтроптардан өрбіген: бану, кахтан, маад, изир, дриз, қойты, сабетей, набатей тайпаларынан құралған арабтар дәуірлей бастады, б.д.д. 2-мыңжылдықтың ортасында. Олар сол кезде өз жоталарынан Месепотомия өңіріне түсіп, шумерлердің ең соңғы ұрпақтарының жерін тартып алды. 

Сонымен, Қазақстандық Еуразиядан шамамен алғанда б.д.д. 8-5 мыңжылдықтарда Батысқа ауған біздің шумер, тур бабаларымыздан тәлім алмаған әлемнің бірде-бір халқы жоқ! Әсіресе олардан Батыстың семит, хамит халықтары – гректер, парсылар, арабтар, еврейлер, латындар және басқа европалықтар олардан бар мәдениетті, өркениетті алды. Өнерлерін, жазу-сызуларын әбден меңгерді. Ашқан жаңалықтарын игерді.

Бәлкім содан да болар б.д.д. 4-3 мыңжылдықтарда семит, хамит халықтары – үнді-европалықтар, сөйтіп, әлемнің айтулы жұрттарына айналды. Және собір мыңжылдықтарда ол жұрттарға тарихтың өзінің де мейірімі ерекше иігендей болды. Сонымен, бір кездегі шумерлер мен турлардың «шәкірт» халықтары «балақтан – басқа өрлеп», кейін (б.д.д. 3- мыңжылдықтың басынан) өздерінің бұрынғы «ұстаздарына» ауыз салды. 

Б.д.д. 3-2 мыңжылдықтарда ассирлер-ассириялықтар, бабылдар-вавилондықтар элам, омерейхермен қосылып шумерлер жерін жаулап алып, мемлекетін талқандады. Ефрат–Тигр өзендері бойындағы шумерлер салған қалаларды өздеріне қаратты. Шумерлер өнерін, жазуын «өздерінікі» етті. Содан кешегі «шәкірттер» – ассирлер: шумер, тур ұстаздарын: – а-su-z-a-аскоза; парсылар: scutb-скиф (сақ); еврейлер-askenaz-аскеназ деп кемсітті немесе олар біздің ежелгі түпқиян бабаларымызды: tіgraһauda-тиграхауда (ұзын бөріктілер); kһamobargo-хамобарго (қымыз ішушілер) деп қорлады. Олар әлі шайқасып беріспей келе жатқан турларды Шығыс Европаға, Жерорта теңізі өңіріне қарай ығыстырды.

… XV ғасырда «Жаңа Жердің» – Американың ашылуымен байланысты  XVІ-XІX ғасырларда бір замандардағы семит-хамиттерден немесе үнді-европалықтардан өрбіп, тарихи аренаға шыққан испан, итальян, француз, ағылшын, неміс басқа да еуропалық халықтар арасында Әлемде өз халықтары аттарын шығару біріншілік талас-күресі жүрді. Олардың қай-қайсысы да өз түпқияндарын «тарихи текті» халық етіп көрсеткісі келді. Сол үшін олар: Әлемде тұңғыш жазуды ойлап табумен адамзаттың саналы тарихының бетін бірінші болып ашқан, бірақ, аты тарихтан өше бастаған шумерлерді өздерінің «бастапқы бабалары» етіп дәлдеуге жанталасты. 

Шумер қандасымыз Батыста біржола тарихтың келмесіне кеткенімен, тур тегіміздің кейінгі ұрпақтары б.д.д. 2-1 мыңжылдықтарда өздерінің ататек Еуразиясындағы Сарыарқа байтағына қайта оралды. Сол бір замандарда турлардың Арий бірлестігіне кірген қыпшақ тайпасы келе-келе сақ одақтық түркілерге айналды. Олар Батыстың қаншама өңірін шарлап қайта оралып кеп, таулы Алтай өңіріне орналасты.

Ал сонау прототур Кассит ататектен бастау алатын дай, дах тұқымдары – жауынгер массагет, адай тайпалары Каспий теңізінің шығысында прототур иссидоннан өрбіген үйсін, албан, сибан және қаңлы тайпалары  тұтастанып Туран, Жетісу аймағына кеп жайғасты.

Содан, сақтар атанған тайпалар б.д.д. 2-1 мыңжылдықтарынан бастап Еуразияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аумағының негізгі тұрғындарына айналды. Олар өз қанаттарын б.д.д. 4-3 ғасырлары мен – б.з. 1-12 ғасырлары арасында Туран-Түркістан, Хорезм, Бұқар, Қоқан, Хиуа өңірлерін қоса, тіпті, оларды да әрі ығыстыра күнгей-шығыстағы Қытай империяларына дейін жайды.

Б.д.д. 4-1 ғасырларда үйсін, қаңлы, ғұн тайпалары аса дәуірлеп, теріскей Қытайда өздерінің қуатты мемлекеттерін құрды. Қытайлықтарға өздерінің саяси биліктерін де жүргізді. 

Ал, осы ғасырларда Алтай-Саян аймағы мен Жетісу өңірінде Түрік, Түркеш қағанаттарын, кейін Туран-Түркістан жерінде Қарақанидтер мемлекетін құрысқан қыпшақ тайпасы Еуразияның жауынгер тұрғындарына айналды.

Олардың бір тобы б.з. 3-5 ғасырларында гун қандастарымен қосылып мұндағы бұрын өздері билеген Алтай-Саян және Сарыарқа аймақтарын қандастары: найман, керей, арғын, қоңырат, атығай, қарауыл, уақ және өз тайпасы руларына қалдырып, өздері жауынгерлік жорықпен Каспий өңірінен жоғары өрлеп, Еділ, Дон, Дунай бойларын жаулап алып, батысқа аттанды. Содан Балқан түбегіне дейін жетті. Және солбір ұланғайыр аймақтарда өздерінің үстемділігін орнатты.

Сарыарқа байтақтың өз мәдени мұраларымен де даңқы шықты. Онда сонау антропогеннің кейінгі дәуірлерінен сақталған: Жаңарқадағы – «Сәңкібай», «Қотыр», Қызылтаудағы «Тесіктас», Қарқаралыдағы «Шатыр», Сарыторғайдағы «Екідің», Ұлытаудағы «Шайтантас», Баянауылдағы «Жасыбай», Сарысудағы «Бөрібас», Ақсу-Аюлыдағы «Бұғылы», «Ақбауыр», Есілдегі «Дамсы», «Шортанды» ежелгі мекен-тұрақ орындар; Жезқазған – Ұлытаудағы «Аяққамыр», «Алашахан»,«Жошыхан», «Ақмет Әулие» кесенелері; «Атасу», «Ақжар», «Кент», «Зрян», кен-кеніштері; «Ақсақ қыз», «Жұбан Ата», «Болған Ана» ескерткіштері; Сырдарияның төменгі ағысындағы «Бабыш молда», «Барақ» мазарлары өз заманында Арқа тұрғындарының Еуразияда ежелден өмір сүрген ата-бабаларынан сақталған ғажап мұралар болды.

…Біздің ежелгі ататек бабаларымыздың тіршілігінің сом жүректері болған Еуразияның, оның Сарыарқа байтағының пайда болу, қазір Елорда – Астанаға айналған Ақмола қаласының тарихы, міне, осындай.

Біз, кіндігінде бүгінде даңқы әлемге жайылған ғажайып көрік-сәулетпен жаңадан Астана орнап жатқан Еуразияны, оның Сарыарқа байтағын сом жүрекке балап, олардың тарихтарын әдейі әріден қозғадық.

Ондағы мақсатымыз, алдымен, бүгінгі Елорда орын тепкен Еуразия жүрегі – Сарыарқа жаңа астаналық шањар орнатуға Жаратқанның өзі қашаннан «әзірлеп» қойған қасиетті аймақ екенін және оның адамзат мәдениеті мен өркениетін өрістетудің Жер бетінде тұңғыш алтын бесіктің бірі болғанын айту болды. Сосын, Еуразия байтағын мекендеген жергілікті жұрттың қашаннан, нені де іске асыру қолынан келетін, қандай ғажайыптарды да жасай алатын, жандары жомарт, жүректері – жалын жандар екенін жеткізу еді.

Арқаны – «Дешті қыпшақ Даласы» мекендеген ежелгі тайпалардың әрекеттерін мадақ етуіміз содан. Сол арқылы бүгінде он жылдық тарихтың қас қағым сәті ішінде қазақ жерін барыс болып күзететін қиялда ғана елестетуге болатын Астанадай ғажайып Елорда шаһарын орнату сол тайпалардың бүгінгі ұрпақтарының қолынан ғана келгендігін мадақ ету еді! Шамамыз келгенше соны жаздық


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 628 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]