Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Рашид-ад-дин Жами-ат-Тауарих еңбегі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (50.0Kb) ] 20.02.2014, 20:54
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ, облыс әкімінің, штаттан тыс кеңесшісі
И. ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымының кандидаты, ТарМУ ғылыми зерттеу орталығының жетекші маманы
Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш (Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады. Бұл     тарауларда     тарихи ақиқатар мен аңыздар астасып жатады. Сол кездегі казақ даласын автор Дешті- Қыпшақ яғни Қыпшақ даласы деп көрсетеді. Бұл кітапта түркілер деп аталған қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, түрік, татар, әзірбайжан, башқұрт сияқты халықтардың ата-тектері бір екендігі баяндалады. Амал не, Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер мол жазылған осы «Жами-ат-Тауарих» туралы кешегі кеңес заманында жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясында», тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан «Түркістан» энциклопедиясында да бір ауыз сөз жазылмай қалған.
  Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша жазылған «Алтын дәптерді», араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің «Шежіресін» Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған «Насыр кестесін», Түркістан мен Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша жазған «Жаһангушей» атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.
  «Жәми ат-Тауарих», қазақша айтқанда «Жаппы тарих» деп аталатын үш томдық бұл кітапта Адам атадан Ғазан ханға дейінгі оқиғалар, оның ішінде пайғамбарлар, халифалар, оғыз, қытай, үнді, израиль, европалықтар тарихы сөз болады. Алайда, осы үш томдық кітаптың екінші томының кейбір тараулары ғана сақталып, үшінші томы түгелдей жоғалып кеткен екен. Біздің жалпы түркі, оның ішінде Қазақстан тарихына қатысты материалдардың бәріне де шолу жасай алмайтындығымыз белгілі. Сондықтан да біз бұл кітаптан тек Тараз тарихына тікелей қатысты жерлерін ғана пайдаландық.
  Кітап авторы Рашид-ад-дин Фәзлолла Хамаданидың туған жылын парсы ғалымдары 1239 немесе 1246, әйтпесе 1248/1249 жьлы деп көрсетеді. 1336 жылы Ғазан ханның немересі Сұлтан Олжайту ханды Рашид-ад-дин дәрігер ретінде у беріп өлтірді деген желеумен атақты тарихшының ұлын көз алдында басын шаптырып, өзінің денесін де бөлшектеп, басын Тәбрез қаласында іліп қояды. Өйткені, Рашид-ад-дин мусылман дінін қабылдаған евреи екен. Ол кезі тірісінде мешіт салғызған. Рашид-ад-диннің «Жами -ат Тауарих» атты кітабын халқымыздың төл тарихшысы жалайыр Қадырғали би өз шығармасында қысқарта пайдаланып, кейінгі тарауларын қазақ хандығының тарихына арнағандығы белгілі. Сол сияқты Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да «Тарихи-и Рашиди» шығармасын жазғаңда осы Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» кітабын   өнеге еткен.
  Сонымен, Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» атты кітабынан тек Тараз тарихына тікелей қатысты бір тарауынан үзінді:
Күшліктің қарақытай гурханды паналауы және айтқан сылтауы. —
Күшліктің қаза болуы әрі моғолдар қолынан найман патшалары билігінің күйреуі
Күшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол (гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді. Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы    басқа   беделді түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді. Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.
  Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың істері оңға басып, Гүр, 
Ғәзне, Хорасан, Ирақ елдерін өзіне қаратып, Түркістанның бір 
бөлігін алған соң сән-салтанаты арта түсті. Содан кәпірлерге салық төлеуден бас тартып, гурханға келісілген төлемді 
тоқтатты. Жан-жақтан әскерлер жинақтап, Мауароннаһр өлкесін 
азат ету мақсатында Бұхараға жорық жасады. Содан 
аймақтардағы әмірлерге хат жолдап, оларға тарту бере 
бастады. Сөйтіп, Афрасиаб ұрпағынан саналатын Самарқанд 
патшасы сұлтан Осман көп уақыттан бері гурханға ренжіп 
жүргендіктен Сұлтан Мұхаммедтің шақыруын қабыл алып, онымен одақтасты.
  Жасырын түрде Күшлікке де хабар жолдап, оны жолдан тайдырды. Күшлік те гурханның әлсіреген ахуалын байқап жүрген еді. Өйткені оның (гурханның) ұлы әмірлері шығыс аймақтарында бас көтеріп, әлемді жаулаушы патша Шыңғыс ханды қолдайтын. Ол да (Күшлік) гүрханның көптеген әмірлерімен сырлас болғандықтан әкесі Таян ханның әмірлері және олардың бұрынғы қызметкері шет жақтарда жүріп қарсы екенін еститін. Сондықтан әкесінен қалған әскерлерін жинауға дәмеленіп, бұрынғы салт бойынша таққа отырамын деген үмітпен әрекет жасады. Свйтіп өзі топтастырған әскерлерімен қатар гурханға қарсы өз әскерлерін біріктіріп, гүрхан мемлекетін алмақ болды...
  Сондай Пасық ойларымен ақкөңіл гурханмен екі жүзділік ойынға кірісті. Сөйтіп оған (гүрханға) былай деді: «Біршама уақыттан бері өз ұлысымнан қол үзгенмін. Шыңғыс хан болса Кытай уалаятында шайқасып жатыр. Әрі менің тайпаларым һәм әскерлерім Еміл, Қиялық және Бесбалық маңында сергелдең босып жүр деп естідім. Олар менің атағымды естісе, әр жерден жинала    бастайды.    Содан сіздердің жауларыңызға шабуыл жасайды. Егер рұқсат етсеңіз, барып, олардың басын қосайын. Одан әрі түрлі шайқастар мен оқиғаларда гурханға көмекші болайын. Және өле өлгенше шынайы ықыласпен әртүрлі қызметке дайын болып, бұйрықтарын орындайын».
  Аңқау гүрхан оның сөздеріне сеніп, айтқандарына рұқсат берді. Күшлік одан (гүрханнан) бөлініп, өз қалауынша кетті. Оның атағы Түркістанда паш болған соң әкесінің Шыңғыс хан әскерлерінің қылышынан аман қалған руластары мен әскерлері оның айналасына жинала бастады. Содан ол (Күшлік) жан-жаққа жорық жасап, олжаға кенеліп жүрді, қосыны көбейді. Сосын гүрханды шабуыл нысанасына іліндірді. Оның қалалары мен аймақтарына шапқыншылық жасап тұрды. Гүрхан қартайып қалжыраған адам еді. Сол себептен қажетті дайындық жасай алмады.
  Күшлік Султан Мухаммедтың (Хорәзм шахтың) гурханға қарай бет алғанын естіп, одан әрі құтыра түсті. Екі жақ елшілер арқылы уәделесіп, Сұлтан гурханға батыс бағытпен бет алып, Күшлік шығыс жағынан барып ортаға алуды ұйғарысты. Ал, Сұлтан үстемдік көрсете білсе, гурхан мемлекетін Алмалық, Хотән және Қашқарға дейін иеленетін болды. Керісінше, Күшлік басым түссе, аталмыш мемлекетті Фәнакәт өзеніне дейін алатын болды.
  Осы келісімге орай екі жақ іске кірісті. Күшлік алдымен аттанды. Гурхан әскерлері алыс жерде болды. Сондықтан ол (Күшлік) тездетіп Баласағұн мекенінде гурханның үстінен түсті. Ол (гурхан) жакын маңдағы әскерлерімен-ақ Күшлікке қарсы шығып, шайқаста Күшлік күйрей жеңіліп, кайтып кетті. Әскерін қайта жинақтай бастады. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шах та сұлтан Османмен бірге Самарқаннан гурханға қарай бет алды. Тараз уалаятына жеткенде гүрханның қолбасшысы Таиангу ауыр қолмен оларды қарсы алды. Екі жақ шайқасқа кірісті. Таиангу Сұлтан Мұхаммедтің қолына түсті, әскері күйреді.
  Күшлік гурханның әлсірегенін естіп, барлық күшін жұмсай отыра оған қарай жүріп кетті. Оның (гурханның) әскері шашырап жүргенде оны басып қалды. Гурхан шарасы қалмағандықтан онымен ымыраға келмек болды. Күшлік бұған келіспеді. Өйткені, атасынан қалған жерін қайтаруды көздеп отырған (гурханға) құрмет көрсеткен болып айламен Түркістан мемлекетін толықтай өзіне қаратты. Патшалық тақты алды. Гурхан екі жылдан кейін құсадан дүние салды. Сөйтіп қара қытайлардың үш ғасыр бес жыл бойы жинаған қазыналары, бақ-дәулет пен билік түгелдей Кушліктің қолына өтті...» (460-464 беттерден)
  Моңғолдардың Орта Азияға шабуыл жасауына найман Күшлік ханның әрекеттері, сондай-ақ Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедке бағынышты Отырар қаласының ханы қаңлы Қайыр ханның Шыңғыс хан елшілерін екі қайтара қырып салуы сылтау болғандығы тарихтан белгілі. Сол XII ғасыр аяқталып, XIII ғасыр басталған шақта әлемдік тарих сахнасына шыққан ұлы жаулаушы Шыңғыс хан, қараі^ытайлар гурханы Чулуку, наиман ханы Күшлік, хорезм шахы Сұлтан Мұхаммед және жалайыр қарахандардың соңғы билеушісі — атақты Айша бибі аруға ғашық болатын Арыстан Мұхаммед хан тағдырлары Таразда түйісті. 
  Қарақытайлар, жоғарыда Рашид-ад-дин өз шығармасында атап көрсеткеніндей, бүкіл дерлік түркілерді сонау Атырауға дейін билегені, Бұхара мен Самарқанға дейін ықпалы еткендігі белгілі. Сол заманда ең атақты қолбасшы саналған Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедтің ата-бабалары да, өзі де  қарақытайларға  алым-салық төлеп тұрғандығы да осы кітапта айтылған. Қарақытайлар қазіргі біз қытай халқы деп жүрген қытай 
емес, олар моңғол тәріздес, діні жөнінен буддашылар болып келген 
отқа табынушылар еді. Қарақытайларды Хорезм шах 
әскерлері, артынша моңғолдар қырып-жойғаннан кейін қалдықтары қазіргі қарақалпақ және қырғыз халықтарының құрамына қосылды. Қарақалпақтарда қарақытай аталатын тайпа қазір де бар. Ал, қырғыздар құрамындағы қарақытайлар Талас облысында тұрады. Бір естуімізше, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов сол қырғыз-қытай тайпасынан. Қазақстанда Балқаштан ары бұрынғы Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысының жерінде Қытай атты теміржол стансасы бар. Жамбыл облысының малшылары осыдан он бес-жиырма жыл бұрын Сарыарқаға жаз жайлауға малды поезбен тасығанда сол Қытай стансасынан түсіретін.
  «Жами-ат-Тауарих» атты кітаптың авторы Рашид-ад-дин сол 
қарақытайлар гурханы Чулукуға жаны аши жазып, оның қызын алса... да туған қайын атасына опасыздық жасап, соңында өзінің де ақыры тақыр болған найман ханы Күшлік туралы жағымсыз пікірін білдіреді. Қарақытайлар гурханына жаны аши жазады. «Бұл найман тайпаларының патшалары беделді де айбынды еді. Өте жақсы қосыны болған. Олардың салт-дәстүрі моғолдар сияқты еді. Қадым заманда олардың патшалары Күшлік хан не Бұйрық хан болған. Күшлік ханның аты Күшті және айбарлы патша» деген ұғым береді екен. Күшліктің тағы бір қасиеті: жындарға да патшалық ететін, содан жындарды  сауып,   сүт алады екен. Одан қатық, айран және қымыз жасап ішетін. Кейін қариялар бұл іс күнә деп ұйғарғандықтан ондай ісін тоқтатқан. Ал, Бұйрық деген есім «Әмір беруші» деген ұғымды білдіреді» деп жазады Рашид-ад-дин. (126-6).
  Осы Күшлік хан әуелде өз ата-бабаларымыздың —наймандардың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескенімен, мұсылман дінін қабылдаған түріктерге жаудай тигендігі, қырып-жойғандығы тағы мәлім. Өйткені, 
Күшлік әуёлі христиандық несториан дінін ұстанса, 
қарақытай гурханының қызына үйленгеннен кейін будда дінін 
қабылдаған. Міне, сол қарақытай қайын атасынан Тараз қаласын 
тартып алғаннан кейін наймандардың христиан дініндегі 
жауынгерлері Тараз қаласында мұсылмандардың будда дініне 
кешпегендерін шетінен қырғандығы басқа тарихи деректерден белгілі.
  Біздің біріміз 1986 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы облыстық драма театрында «Айша бибі» атты тарихи трагедиямызды сахналатқанымызды көзіқарақты оқырмандар ұмыта қоймаған шығар. Міне, сол қасіретнамада осы қарақьггай гурханының екінші қызы Мәнидің трагедиясы да көрсетілген болатын. Өйткені, ол қарахандар әулетінің Самарқанды билеген соңғы сұлтаны Оспанды (Рашид-ад-дин кітабында — Осман) сүймесе де соған гурхан әкесінің әмірімен еріксіз ерге шыққандығы қойылымда қасіретті уақиға ретінде бейнеленгенді. Иранға барған сапарымызда алып қайтқан «Жами-ат-Тауарих» кітабы біздің осы драмамыздағы оқиғалар түгелдей дерлік тарихи шындыққа сай екенін керсетіп отыр. Оның үстіне Рашид-ад-диннің шығармасында Таразды әуелі қарақытайлар, одан соң наймандар, артынша хорезмдіктер, ең соңында Шыңғыс хан бастаған моңғолдар жаулап алған аласапыран, аумалы-төкпелі заманда 2800 жылға созылған қарахандар әулетінің билігі біржолата күйрегендігі де айтылады. Тараз қаласының іргесіндегі Айша бибі ғимаратына ескерткіш орнатқан қараханның есімі Мұхаммед екендігін қазақ сәулетшілерінің   көрнекті   өкілі марқұм Қ. Бәсенов бастаған топ зерттеулер кезінде анықтаған еді. 
Ал, парсы-қытай деректері Тараз 
қаласының соңғы билеушісі осы Арыстан Мұхаммед хан 
қарақытайлардан, наймандардан, хорезмдіктерден бас сауғалап 
Қашқарға барғанда сонда — 1212, ал кейбір деректерге 
қарағанда 1210 жылы өлтірілгендігі айтылады. Мұның 
өзі жұрт аузында ғашықтардың пірі саналатын Айша бибі қазасы 
сол бір тар жол, тайғақ кешу заманда болғанын да көрсетеді. 
Сол қасіретті заманда өмір сүрген талай ата-бабаларымыздың, 
аналарымыздың Тараз қаласында тоғысып, түйілген түйіндей тағдыры қылышпен кескендей біржолата шешілген заманы туралы қазіргі және кейінгі ұрпақ ұлы тарихшы Рашид-ад-диннің «Жами-ат-Тауарих» кітабын байыптап оқыса, жақсы біле алады. Ал, бұл кітапты қазақшаға түгел аудару —  болашақтың ісі.
  Жувейнидің 1260 жылы жазған «Жаһангушай» атты шығармасында да сол қиын-қыстау кезең кеңінен суреттеледі. Сол сияқты монғол деректеріне қарағанда, Хорезм шахтың (Сұлтан Мұхамедтің) әскерлегрі сан жағынан Шыңғыс ханның моңғолдарымен салыстырғанда асып түскендігі де белгілі. Өйткені, Мұхаммед шах бұрын өзінің ата-бабалары бағынышты болған Бағдат халифына қарсы күресте даусыз жеңіске жеткен соң мұсылмандар халифы Шыңғыс ханға одақтас болуды ұсынғандығы да тарихи деректерде жазылған. Өзін атақты Іскендір Зұлқарнайын сияқты жеңімпаз қолбасшы санаған   Сұлтан   Мұхаммед әсіресе өзінің әскери жағынан дарынды ұлы Жалаладдинді шет қақпайлауы салдарынан Шыңғыс ханның барлауға жіберген шағын әскерлерін жеңе алмай, талай рет шегінгендігі де бұл шахтың қолбасшылық дәрежесі қандай екендігін көрсетеді. Шыңғыс ханның 200 мыңға жететін әскерлері 1218 жылдан 1219 жылға қараған қыста Алтай тауынан асып, Балқаш арқылы Орта Азияға кектемде жеткендігі белгілі. Міне, осы әскерлердің  бір тобын Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы, екінші тобын Жебе ноян басқарып, Жетісудан Шу өлкесіне, одан әрі Талас алқабына жеткенді. Оның алдында қарақытайлардың, наймандардың, хорезмдіктердің талауын, тонауын көрген тараздықтар Шыңғыс хан армиясының жауынгерлерін Құдай тағаланың өзі жіберген құтқарушылардай көріп, құшақ жая қарсы алды. Өйткені, сұңғыла саясаткер Шыңғыс хан мұсылмандарды қудалап, өзіне жау көбейткен найман ханы Күшліктің қателіктерінен сабақ ала отырып, әркім өз қалауынша сенген құдайына табынуына болады деп жариялағанды. Міне, сондықтан да тараздықтар Шыңғыс хан әскеріне соғыспай өз еркімен берілгендіктен Тараз қаласы Баласағұн кенті сияқты «Гобалық» яғни «жақсы қала» атанды. Біздің ата-бабаларымыз тағдыр таразысы теңселіп тұрғанда моңғолдарды таңдап, ең соңында өздерінің хандары ретінде сол Шыңғыс хан ұрпақтарын төбесіне көтеріп, таққа отырғызды. Қазақ хандығы да ІІІу, Талас алқаптарында, дәлірек айтқанда Шу тарапындағы Қозыбасыда 1456 жылы керегесін жайып, шаңырағын кетергендігі Рашид-ад-диннен өнеге алған Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның атақты «Тарихи-и Рашиди» кітабында жазылған ғой.
  Тараз қаласы қашанда тарих-ана толғатқанда қазақ халқыныц тағдырында темірқазықтаи жарқырап бағыт-бағдарды керсетіп келгендігі мәлім. Осы орайда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тараз тарихы — тарихымыздың алтын діңгегі, темірқазығы» деген аталы сөзіне күмәнсіз дес қоясыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 840 | Загрузок: 171 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]