Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Оразалы Қожамжарұлы батыр


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:38
Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу маңайына қоныстандырады. 1863 жылы орыс әскерінің полковнигі Черняев Қордайдың күнбатыс жағындағы Құрғақсаз деген жерде жергілікті халықтың беделді адамдарымен жиын өткізгенде бұл жиынға қазақтардан Сыпатаймен бірге Оразалы, қырғыздардан манап Шабдан Жантаев, Бәйтік Қанаев қатысадыОсы жиында Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаудың жай-жапсары, жергілікті халықтардан жасақ шығару, олардың жүзбасы, мыңбасыларын тағайындаудың мәселелері қарастырылып, Оразалы бес жүз сарбаздың сардары болып бекітіледі. Орыс әскерлері Меркіні алғаннан кейін Оразалы мыңбасы болып тағайындалады.Оразалы батырға Қоқан бекіністерін алуда сіңірген еңбегі үшін 1864 жылы «Ынталылығы үшін» деген күміс медаль берілді. Қазір Шу ауданыдағы бір ауылға Оразалы батыр есімі берілген
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 461 | Загрузок: 78 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]