Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:34
Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы) (1709 – 1785, Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – батыр.[1]Орта жүздің Сүйіндік руынан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы. Толыбай 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Олжабай нағашы атасы Қаратай батырдың тәрбиесінде болған. Олжабайдың ерлігі жайлы қазақ аңыздары мен деректі әңгімелер орыс ғалымдары Ф.А. Шербиннің, Н.Я. Коншиннің, Н.С. Смирнова мен Д.Примактың еңбектерінде баяндалған. Аңыз бойынша ол ең алғаш рет Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кірген. Олжабай батыр атты халық жырында оны қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне белсене қатысушы, халық қамқоршысы ретінде бейнелейді. Олжабай Абылайдың ту ұстаушы батырларының бірі ("Ала ту” деген лақап атқа ие болған) ретінде 1735 жылы Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардан азат ету жорығына, 1736 жылы Баянауылды Қалдан Сереннен босатқан шайқастарға, 1756 жылы қазақ жеріне басып кірген қытай әскерін талқандауға қатысқан. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқынға түскенде, оны құтқаруда елеулі еңбек етті. Абылай оны Ер Олжабай'', ''Қу жарғақ'' (атқан оқ Олжабайға тимегендіктен) деп атап, Әбілмәмбет хан оған алтын сапты қылыш сыйлаған. Олжабай Абылай ханның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттеріне елеулі үлес қосқан. Ол Түркістан медресесінде оқып, арабша, қалмақша жетік білген. Академик Ә.Марғұланның естеліктерінде Олжабайдың немере інісі Едіге бимен бірге 1762 жылы Екатерина ІІ-ге хат жазғаны атап көрсетілген. Хатта патшайымнан Ертістің шығыс жағындағы қалың орманнан жайылымдық жер сұрағаны айтылады. Олжабайдың өз қолымен жазып қалдырған қара кітабы болған. Онда соғыстар жайлы әңгімеленіп,Қазыбек би, Абылай, Бөгенбай есімдері жиі аталады. Батырдың туы 1937 жылға дейін сақталған. Әйгілі ғалымдар академик Ә.Марғұлан Олжабайдың шөпшегі болса, ақын О.Сүлейменов жетінші ұрпағы.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 532 | Загрузок: 78 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]