Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Мiржақып Дулатов


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.02.2014, 00:50
Мiржақып Дулатов (1885-1935)
1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада "Оян, қазақ” атты еңбегiн, кейiн "Бақытсыз Жамал” романын бастырып шығарады. "Айқап” журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге "Қазақ” газетiн шығарады. 
Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған "Есеп құралы”, 1924 жылы "Қирағат” атты оқулығын басып шығарды. 
Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов  сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен "Қирағат” атты кiтабының алғы сөзiнде "балаларды – дейдi ол – оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада… мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек”. Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, "Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi”…. деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды. 
М.Дулатов өзiнiң "есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 503 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]