Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Мұсатай Ақынжанов


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

27.02.2014, 00:14
Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) - 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді. «Исатай мен Махамбет», «Сырым Датов», «Бағытай – Бағила», «Фрунзе», «Жеңіс қамы», «Шопан қыз», «Алтын сақа», «Алтын алқап сырлары», «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.[2]
Шығармалары

Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.
Пайдаланған әдебиет

 «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 433 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]