Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Мұхамеджан Рүстемов


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

27.02.2014, 00:14
Рүстемов Мұхамеджан 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған.
Мазмұны 
1 Өмір жолы
2 Шығармалары
3 Отбасы
4 Сілтемелер
5 Пайдаланған әдебиет
Өмір жолы

1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған.
1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады.
1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды.
1955-1959 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітіріп, 1959 жылдың тамыз айынан Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде комсомолдар ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітіледі.
1960 жылдың тамызында облыстық партия комитеті бюросының шешімімен ол облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметіне бекітіліп, сол қызметте Оңтүстік Қазақстан өлкесі ұйымдастырылып, қайта қалыпқа келгенде де істеді.
1968 жылы тамызда облытық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметіне бекітіліп, онда 1984 жылға дейін істеп, сол жылдың наурызынан облыстық партия комитетінің мұрағатына меңгеруші болып ауыстырылып, онда 1991 жылға дейін істеді. Компартия тарағанда Бүкілодақтық Ленин атындағы балалар қорының облыстық ұйымында төраға қызметін атқарып, 1992 жылы маусымда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымына төраға болып сайланды.
1997 жылдың қыркүйек айынан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті, Шымкент музыкалық колледжіне термеден шәкірттер даярлайтын ұстаз болды.
«Нартай» атты деректі повесі (1983, «Жалын») жарық көрді. Г.Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударып, 1995 жылы «Жалын» баспасынан шығарды.[1]
Шығармалары

Табиғат ғажайыптары. А., «Қазақстан», 1986;
Советы на каждый день, А., «Кайнар», 1988;
Кәдеге жарайтын кеңестер, А., «Қайнар», 1993;
Атақты адамдардың өмірінен. А., «Рауан», 1992;
Дәстүріңді сақтай біл. (4-кітапша). А., «Ғылым»;
Шымкент облыстық баспаханасы, 1993;
Халық мұрасы, Шымк., «Әлия», 1993;
Созақ қасіреті. Тарихи хикая. Шымк., «Жастар-91», 1993;
Таңдамалы өсиет термелер. Шымк., «Жібек жолы», 1995.
М. Рүстемов зерттеуші, әдебиетпен, музыкамен, журналистикамен айналысып, домбырада, мандолинде, аккордеонда ойнайды. Елге танымал композитор, әнші, термеші. Елуден астам әндер шығарып, «Өмір гүлі» (1979), «Ақ босаға» (1992) атты әндер жинағын, өзінің әндерін орындап, «Ақ босаға» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1985). Оның әндері басқа да ұжымдық жинақтарға енген.
М. Рүстемов халық ақыны, жез тадңай әнші, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Нартай Бекежановтың өмірін, өнерін, мұрасын зерттеп, «Нартай» атты деректі повесін (1990), Нартайдың терме әндерін игеріп, «Өздерің білер Нартаймын» атты 45 минуттық стереокүйтабақ шығарды (1983).
1930 жылы ақпан айында Созақ ауданында болған шаруалар көтерілісін түбегейлі зерттеп, ол көтерілістің шаруаларға жасалған қиянаттан, зорлық-зомбылықтан туындағанын, оған тарихи әділетсіз баға берілгенін дәлелдеп, облыстық, республикалық газеттерде мақалалар жариялап, «Созақ қасіреті» атты (1993) тарихи-деректі кітап шығарды. Г. Байдуковтың «Чкалов» атты кітабын қазақшаға аударды (1983). Бұлардан басқа «Табиғат ғажайыптары» (1976), «Советы на каждый день» (1988), оның қазақша аудармасы «Кәдеге жарар кеңестер» (1991), «Атақты адамдардың өмірінен» (1992), ұмыт болған залқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жинастырып, 5 кітапты жарыққа шығарды.
М. Рүстемов В.И. Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген (1992) жоғары атаққа ие, облыс әкімінің «Зерде» стипендиясының иегері (1998), Қазақстан Республикасының Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, Шиелі қыстағының «Құрметті азаматы» (1992), «Республикалық дәрежедегі зейнеткер».
Отбасы
Жұбайы - дәрігер Дәмира Халдарбекқызы Тұрғынбаевамен Қанатжан, Жанат, Болат атты балаларды тәрбиелеп өсірді.
Сілтемелер

Пайдаланған әдебиет

 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: "Ан Арыс” баспасы, 2009 – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 581 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]