Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Мәдімар Райымбекұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.03.2014, 19:14

Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.

Мазмұны  

1 Өмірбаяны

2 Жетістіктері

3 Сілтемелер

4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны


Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, шешендік сөздер көп. Олардың бірсыпаралары жинастырылып бастырылды (Я.Шынәсілұлы. «Мәдімар болыс», М.Райқұлов «Бестерек шежіресі», т.б.). Райымбекұлы – реформаторлығымен аты шыққан болыс. Байзақ датқаның ісін жалғастырып, көптеген каналдар қаздырып (Райымбек бөгеті, Белқожа каналы т.б.) елді отырықшыландырған, егіншілікке, басқа да кәсіпке үйреткен. Жалғыз атты атанған кедей болыс өзі үй-жай салдырған. Кейіннен ол мектеп үйі болған.

Жетістіктері


Райымбекұлының ақ тамы аталған бұл үйді бүгінгі ұрпақтары қайта жөндеп, мешітке айналдырды. Қазір бұрынғы Ынтымақ ауылы Мәдімар аталып, онда Райымбекұлына ескерткіш орнатылды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 437 | Загрузок: 79 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]