Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӨНІМДІ ЖОЛЫ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

24.02.2014, 22:41
КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӨНІМДІ ЖОЛЫ

Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің алдыңғы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады.: «Өзіңе сен, өзгені сүйреп шығар».  
Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. өзіне-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, бір кездегі ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдардың мұғалімдерді ойлантқаны жөн.
Технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деген түсінік артықтау. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық», өтпелікті көтере алмайтыны белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбилеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.
«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Бұл жөніндегі В.П.Беспалько өзінің «Слагаемое пед технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның жүзеге асу жобасы». Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Орыс ғалымы С.А. Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да оған өзіндік анықтамасын береді. «Технология представляет собой алгоритмизированную последовательность операции получения какого-либо продукта, построенного на использовании технических или любых других средств, под управлением человека. Это определенный способ обучения в котором основную нагрузку по реализации функции обучения выполняет средство обучения под управлением человека, при этом учитель выполняет функции стимулирования и координации их деятельности» - дейді ол. Ал Безрукова оны модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше назар аударып, ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге түсірудің жолдарынан іздене отырып, оның өнімді білім берудегі  орнына тоқталады. Әрине, модель дегенде оның макет, графика, сызба түрінде болатынын ұмытпау керек. Модель әсіресе прогноз (болжам) жасаудың негізі ретінде белгілі. Инновациялық технологиядан іздену – ұзақ жылдар бойы таптаурын болып қалған өнімсіз іс-әрекеттерден арылудың бірден-бір жолы. Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдарымен жүреді. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму, т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.
Біз өз технологиямызда оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз.
1. Алдын-ала тапсырмалар беру.
Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану, анализ, синтез, баға деңгейіне дейін жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат ұсыну. Оқушыларға өз мақсатын қойғызу.
2. Мақсатқа жету үшін көмек-бағдар, бағыт ұсыну. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну.
3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау, жеткен «жетістіктерін» талдау. Бұл әрекет диагностика үшін де қажет.
4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі, мұғалім коррекциялық та жұмыстар атқарады.
Жапондық ғалым-педагог Т.Сакомото тұжырымдамасында педагогикалық технология- педагогикаға жүйелі ойлау тәсілдерін ендіру немесе «білімді жүйелеу», «сыныптағы оқытуды жүйелеу» болып табылады. Әрине, жүйе, жүйелілік ғылымының қол жеткен соңғы жаңалығы емес, жүйелілік әлемге тән қасиет, ол адамзат тәжірибесі мен ойына да тән қасиет. Адам қызметі жүйесіндегі мәселелердің туындауы – жүйеліліктің жеткіліксіздігін, ал ділгірлікті шешу жүйені технологияландыру арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізу қиын емес.
Шағын мақаламыздағы ұзақ жылғы тәжірибемізді, технологиямызды ортаға салудан аулақпыз. Ұстаздар оны менің оқу құралдарым, мақалаларым, кітаптарымнан біледі деп нық сеніммен айта аламын. Бұл еңбегімізде жобалау технологиясы бойынша ізденістерді ғана сөз етпекпіз.
Төменде эвристикалық жобалау технологиясын басшылыққа алған жыраулар поэзиясын оқытудың моделі және шығармашылық тапсырмалар жүйесін беріп отырмыз.
Моделдің тиімділігі сол, жыраулар поэзиясы туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Әдебиет – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал бұл модель конструкциялық жобалау технологиясын негізге алған. Модель әр оқушының алдында жатады. Ол жыраулар поэзиясынан білім алудың бағдаршамындай, оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге, түсініктен анализ, синтез, бағаға дейін көтеруге болады. Бала білім тексеру, бағалау, жинақтауда тесттің де орнына жүреді. Мұғалім басқа тапсырма орындатпай-ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда жыраулар поэзиясы туралы терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады. Бұл жоба жаңа тақырыпты игертуге де қолайлы (әсіресе диагностика үшін).
Сондай-ақ, шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар жүйесін (кейстерді) де ұсынып отырмыз. Жыраулар шығармашылығымен қоса, конструкциялау технологиясы бойынша жекелеген модельдер қоса беріліп отыр.
Түсінік: Б – бағыт. Нүктелер әр бағыттың негізгі мәселелерін айқындайды.  
Мұндай моделдерді мұғалім тек өзі ғана дайындамайды, сабақ түсіндіре отырып тақтаға сызып, пікірлесе отырып та істейді.
Өз іс-тәжірибемізде моделдерді оқушыларға үйге алдын ала беріп, (жаңа білімді игерту алдында) қайсысы қай бағытты біледі, не білмейді, соған сараптау жасаймыз. Тақырып түсіндіруде де диагностика талаптарына сай осы сараптауды негізге аламыз.



Толғаулардың                             Шығармашылық                                             Қазақ
 шығу тарихы                                 ерекшеліктері                                           жыраулары
              
                                                                           
                                                                                                                   Асан  
        Ұлт-азаттық қозғалыс, саяси             Толғау мәні, ой тереңдігі              Ақтамберді      
        Қоғам, оның дамуы                            Шешендікке құрылуы                  Доспамбет
        Өмір сырлары                                     Даналық, пәлсапалық                    Қазтуған 
        Батырлар, даналар, ел қорғау-          ақыл-нақылға толылығы               Үмбетей                
        шылар іс-әрекеті                                 Бейнелі, образды тіл кестесі         Шалкиіз
        Туған жерге деген сүйіспен-              Азаттық үні                                     Бұхар 
        шілік                                                                                                              Жиембет  
                                                                                                                   
  
                                                                                                                                     

Толғаулар тақырыбы
Өмір
Ел
Адам
Туған жер
Азаматтық
Адамгершілік,
достық









Өткен тарихты білу
Ауыз әдебиетінің   
ұлылығын түсіну
Ауыз әдебиетінің    
даналық, шешендік, пәлсаналық сипатын түсіну.




Маңызы, мәні       




 Романтикалық                     Белгілі хандардың                    1. М.Мағауин «Қобыз сарыны»  
Шарықтау                             ақылшысы, биі, сыншысы       2. Қ.Мамыров «Қазақ халқы-        
 Оптимистік рух                   Қоғам қайраткері                      ның жоңғар шапқыншылығына 
 Тәтті мұң                              Қолбасшысы, әскербасы,         қарсы күресі». 
 Ащы шындық                       батыр                                        3. Ж.Қасымбаев «Жоңғар-қазақ           
Торығу, зарығу,                     Дидактикалық толғаулар       тартысындағы саяси және әскери 
  Түңілу                                     авторлары                               мәселелер».  
  Айбарлы, асау үн                   Афоризм, шешендік,              4. М. Қозыбаев «Ақтаңдақтар   
  Үндеу, шақыру                       даналық көздері                         ақиқаты».                               
                                                   Толғап-толғап                         5. М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің    
                                                    Сөйлейтін шешен                     тарихы».  
                                                    Данагөй.         
                 
                                                                                                                                Жырау туралы                  
Негізгі сипаты                                                                                                           зерттеулер                                                                                                                                                 
                                         Жырау кім?  
Бұл жоба жыраулар шығармашылығын өту кезеңінде де, қорытынды, коррекция сабақтарында да тиімді болып келеді. Әсіресе оқушылардың білім деңгейін өз беттерімен анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру сатыларына жетелеуде көмекші бола алады.
Сондай тапсырмалардың тағы бір жүйесін ұсынайық.
Б1 бағыты бойынша:
а) Мына бағаналарды толтырып, «Жыраулар толғауларының негізгі тақырыбы» атты хабарлама әзірлеңдер.
Үлгі:
Жыраулар Тақырыбы Толғаулардың аты Маңызы, мәні
Ескерту: Өздерің қалаған жырауларды таңдап алуға болады.
2. «Мені тебіренткен жырау» тақырыбына мұғалім ұсынған жобаны негізге ала отырып модель жасау (барлық бағытты алу міндет емес).
3. Осы Б1 бағыты бойынша әр тақырыптағы жыраулар поэтикасына талдау жасау (өэдері қалаған тақырып, жыраулар негізінде).                         
             Үлгі:              
Жырау-лар Өмір жайлы толғау-лары Теңеу Эпитет Мета-фора Шешен-дік Дыбыс Қоры-тынды

4. Жырау толғауларындағы афоризм. 
Мына модельді толтыру, түсінік беру.

                                                     Афоризмдердің 
                                                         ерекшелегі
                                                                         


  Афоризмдерінің                                                                                         Жанры, түрі
  қайнар көзі
                        






                                           Афоризмдерінің маңызы     
Ескерту: Өзі қалаған бір жырауға толтыруға болады.
Б2 тармағы бойынша мынадай тапсырмалар ұсынуға болады.
1. «Жыраулар және тарих» тақырыбына ғылыми сипаттағы мақала әзірлеу.
2. Халқымыздың ұлы ұландары – жыраулар шығармашылығында. Толғау-эссе жазу.
3. Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры. Азаттық, теңдік мәселелері (реферат жазу).
4. Бұхар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай. Тарихы және көркем шындық (реферат жазу).
Пайдалануға болатын әдебиеттер: (бірінші, екінші, үшінші тапсырмалар бойынша)
1. М.Мағауин «Қобыз сарыны».
2. К.Мамыров «Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі».
3. Ж.Қасымбаев «Жоңғар-қазақ тартысындағы саяси және әскери мәселелер».
4. М.Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты».
5. М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің тарихы». 
6. М.Жолдасбеков «Асыл арналар».

                          тармағы бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

1. Әр нүктедегі анықтамаға мысалдар тауып, жыраулар шығармашылығының ерекшеліктерін дәлелдеу.
                  
Анықтама Мысалдар Дәлелдеме
-
-
- -
-
-

2. Жыраулар тілінің сөздігін құрастыру. Бұл тапсырманы топқа бөліне отырып орындап, соңынан қорытынды жасауға болады.
Үлгі: Екінші бағананы толтыру.
Мысалдар
- сөйлеу тілі
- мақал-мәтел
- даналық сөздер
- шешендік сөздер
- басқа тілдерден енген сөздер
- тұрақты сөз тіркестері
- поэтикалық тіл
      а) теңеу
      ә) эпитет
      б) метафора
- ирония
- сарказм
- жырау жиі пайдаланылатын сөздер

3. Жыраулар шығармашылықтарындағы үндестік пен басты ерекшеліктерді тауып, сараптама-талдау жазу.
Үлгі: 
Жыраулар Үндестік Ерекшелік Қорытынды пікір
-
-
Б4 бағыты бойынша ұсынылатын тапсырмалар.
1. Жыраулар туралы мәлімет жинау, хронологиялық кесте жасау.
Үлгі:

Жыраулар Туған, дүниеден өткен жылы Толғауларының аты Тақырыбы Толғауларының шыққан тарихы
1. Асан

2. Өздеріңе ұнаған жырау толғауларына әдеби талдау жасау.
Үлгі:

Жыраулар Толғаулары Ұйқас түрлері Поэтикалық  тілі Мәні, маңызы



3. Жырауларша толғасам… Шығармашылық конкурсқа дайындалу.
а) Болмасаң да ұқсап бақ… (осы тақырыпта поэзияға икемі бар балалар толғау жазуға талаптанады);
ә) «Сөле, жырау». Жыраулар жайлы аңыздарды жинастырып, мәнерлі түрде айтып беру. Инсценировка жасауға да болады.
4. «Кім шешен?» Іскерлік айтыс өткізу. Шешендік өнер сайысы. Жыраулар толғауларындағы даналық, шешендік сөздерді пайдалана отырып ауызша әңгіме-толғауға дайындалу. Соның негізінде ой толғау жазу.
  Тақырыптар.
1. «Бір жақсымен дос болсаң...» (Шалкиіз).
2. «Кеңессіз сөз бастама…» (Асан қайғы).
3. «Болат қылыш алынып…» (Доспамбет жырау).
4. «Қайран да менің Еділім…» (Қазтуған).
5. «Ханға қарсы тұрам деп…» (Жиембет жырау).
6. «Ел шетіне жау келсе…» (Ақтамберді жырау).
7. «Болат тудың Бөгембай» (Үмбетей жырау).
8. «Ей, Абылай, Абылай…» (Бұхар жырау).
Ескерту: Өздерің қалаған жырауларды алуға болады.

            бағыты бойынша ұсынылатын тапсырмалар.

1. «Жыраулар сөзі – тарих шежіресі» тақырыбына баяндама әзірлеу.
Үлгі-нұсқау:
а) тарихтан алған білімді пайдалану,
ә) тарихи жағдайлардың жыраулар сөзіндегі көрінісіне назар аудару, дәлелдеу;
б) баяндаманы жоспар-тезис үлгісінде де орындауға болады.
2. Жыраулардағы шешендік сөздер, ақыл-нақылдарды ауыз әдебиетінің басқа үлгілерінен іздестіру, салыстырмалы талдау жасау.
Үлгі:

Жыраулар Ертегілер Мақал-мәтелдер Шешендік сөздер Батырлар жыры Айтыстар

2. Мағауинның «Қобыз сарыны» кітабы бойынша жырлар туралы деректерді жинақтау. Аңыз бен шындықты саралау.
Үлгі:

Жыраулар Аңыз Шындық Қорытынды



              ,                 бағыттары бойынша:

1. Тарихта ғалымдардың жоңғар шапқыншылығы туралы ғылыми зерттеуі, әдебиетші ғалымдардың жыраулар туралы еңбектері бойынша зерттеу жүргізу (модельде еңбектер ұсынылған).
Мына мәселелерді анықтауға талаптану:
а) жоңғар шапқыншылығы туралы ғалымдар пікірінің үндестігі, өзіндік ерекшелігін саралау;
ә) жыраулар туралы да осындай жұмыс жүргізу.
М.Жолдасбековтың «асыл арналар», т.б. еңбектерді де пайдалануға болады.
Ескерту: Бұл тапсырманы топқа бөліне отырып орындау тиімді.
                        
                             бағыты бойынша.
1. «Жырау кім?» тақырыбы бойынша реферат жазу (әдебиеттің тізімі, мазмұны берілген).
Реферат жазу үлгісі:
      -    тақырыбы;
- мақсаты мен міндеті;
- болжам (гипотеза);
- жаңалық (рефераттағы өзіндік жаңалығы, ізденісі);
- қорытынды.
2. Мына графаны толтырып, жыраулар туралы мәлімет жинақта.
Үлгі:

Жыраулар Қай ханның тұсында өмір сүрген Қандай қызмет атқарған Басты шығармалары Даналық, пәлсапалық ойлары



                бағытындағы әр анықтаманы мысалмен дәллелдеу.

Үлгі:
Жыраулар Шығар-малары Роман-тикалық шарықтау Опти-мистік рух Ащы шындық Мұң, зар Айбар-лы түн Үндеу, шақыру
-Асан
-
-
-
3. «Жыраулар, Егемен Қазақстан және мен» тақырыбына пікір алмасып, өмірдегі өз мақсаттары, оған жету жолдраы туралы сырласу.
Ескерту: Мақсатқа жету шарттарының жобасын жасап әкелуге болады.
Пікірлесу сұрақтары мыналар.

1. Жыраулар шығармашылығынан не алдың?
2. Менің сүйікті жырауым (неге ұнайды), т.с.с.
3. Жыраулар мұрасы және егемен Қазақстан.
4. Мақсатым, оған жету шарттары.

Өнер сайысын өткізу:

а) толғауларды мәнерлеп жатқа оқу;
ә) аспаптар көмегімен мақамдап айта білу;
б) инсценировка;
в) арнау өлеңдер жазу (жырауларға арнау).

Жыраулар тілінің түсіндірмелі сөздігін жасау. Пайдаланылатын әдебиеттер:

1) Түсіндірмелі сөздік;
2) Фразеологиялық сөздіктер.








Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 986 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]