Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Хмелев Павел Васильевич


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:42
Хмелев Павел Васильевич (1923, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы - 13.12.1943, Украина, Житомир облысы Радомышль ауданы Будиловка селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, 7-гвардиялық кавалер полкінің танкіге қарсы қару командирі. Орыс. Орта мектептен кейін Самарқандтағы автожол техникумында оқыды. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберілді. 1943 жылы 3 қарашада 1-Украин майданының әскерлері Украинаның астанасын неміс басқыншыларынан азат ету үшін шабуыл жасауға кірісті. Киевті азат еткеннен кейін Кеңес дивизиялары Коростень, Житомир, Фастов қалаларына карай ұмтылды. Житомир түбінде жаудың 50 танкісі мен екі полкке жуық күші қорғаныста жатқан 218-атқыштар дивизиясының бөлімдерін кыспаққа алып, қалаға басып кіруге тырысып бақты. Бердичевск тас жолында жауды 7-гвардиялық кавалер полкі қарсы алды. Көпірге қарай беттеп келе жатқан жау танкілеріне Xмелев өз зеңбірегінен оқ жаудырды. Алғашқы атыстардың өзінде-ақ жетекші танк күйретілді. Осы сәтте жаудың көптеген танкілерін жайратып салды. Ұрыс ұзаққа созылды. Гвардияшылар жаудың тағы да бір шабуылын тойтарды, зеңбірек командирі Xмелев ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Хмелевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 395 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]