Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

К.Д.Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (86.5Kb) ] 24.02.2014, 21:51
К.Д.Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
(1824-1870)

К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.

   Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.
   Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
   1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.
   Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.
   Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды.
   Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп ұзаққа созылмады.
   Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарылды. Ушинский үшін өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жұмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.
   "Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.
   60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. "Тәрбие үшін журналда” өзінің "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, "Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққа таныта бастады. 1854 жылы Ушинскийге алғашында Гатчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады. Бұл жерде Ушинский өзін педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу орнының оқу жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатынды.
   1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворян және ------ қыздар бөлімдерін біріктіреді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізді, педагогикалық сыныпты ашты, онда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушылар шақыртылды, тәрбиенушілер каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге құқығы болды. 
   Ушинский институтқа көрнекті педагогтар-әдіскерлерді шақырды: әдебиеттен – В.И.Водовозов, жағырафиядан – Д.Д.Семенов, тарихтан – М.И.Семевский және басқалар.
   Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш оқыту үшін оқу кітабын басып шығарды – "Балалар әлемі”. 
   Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының тарапынан ерекше жағымды қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің тарапынан институттан қуылған мұғалімдер оны құдайсызды, атеизмі, еркін ойы саяси сенімсіздігі үшін айыптап, қуғындады.
   1862 жылы ол институттан шығарылды. Оған бастауыш және әйелдерге білім берудің қойылуын зерттеу және педагогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған болатынды. Бұл жол сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.
   Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығына өте ауыр әсер етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ, өте ауыр асқынған сырқатына қарамастан, шетелде ерекше күшті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы әйелдер оқу орындарын, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен қарай отырып, зерттеді.
   Шетелде 1864 жылы "Ана тілі” атты тамаша оқу кітабын жазды және "Ана тілін” оқытуға басшылық мұғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы. "Адам-тәрбиенің пәні” атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құнды да, сүбелі туындысы болып табылады.
   22 желтоқсанда 1870 жылы 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.
   Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы жағынан Ушинский буржуазиялық демократ – ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоның құлауын қызу қолдады, Ресейдің еркін дамуы туралы; халықтың әл-ауқатын материалдық және мәдени жақсарту туралы қиялдады. Бірақ ол қоғамдық құрылысты революциясыз, бейбіт жолмен өзгертуге болады деп есептеді. Өзінің философиялық дамуында Ушинский идеализмнен материализмге бет бұрды бірақ бұл жол аяқсыз қалды.
   Өзінің табиғатқа көзқарасында Ушинский Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері басым. Ушинский психологияны физиологияға негіздеп құруға талпынды. Бірақ социологиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты идеалистік бағытта болды. 
   Ушинскийдің қызметінің бс кезінде соңғы жылдарға қарағанда оның көзқарасында дін ерекше орын алды. Ушинский өмірінің соңғы кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата білді.

Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.

   Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді.
   Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды.
   Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.
   Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”.
   Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғай білуге әруақытта даярлығы; 2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық энергияның байлығы.
   Ушинскийдің пікірінше, орыс халқының рухы және Ресейдегі оқыту және тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді.
   Қандай ма болмаысн мемлекеттің тәрбие жүйесін орыс топырағына көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді.
   Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол "қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды.
   Ушинский былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...”
   Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.
   Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.
   К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.
   Ушинскийдің пікірінше, ана тілі "халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”.
   Осыдан келіп, ана тілі "негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.
   Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылы беру. 
   Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.
   К.Д.Ушинский "Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды.

Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.

   Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу деп түсінді Ушинский. Адамгершілік тәрбиесіне Ушинскийдің педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты.
   Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы Ушинский оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, оқытудың тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшеленетіндігін атап көрсетті.
   Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек ғана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен және түсініктерімен танысады.
   К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.
   К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.
   К.Д.Ушинский балаларда әдеттерді қалыптастыруға ерекше мән берді. Әдеттерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас болған сайын, солғұрлым оның бойында әдет тез қалыптасады және солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын әдеттерді жою, солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің әдеттерді тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
   Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызды:
   1) оқыту (бұл жағдайда оның оқу кітаптарының мәні орасан ерекше, оларды тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды ұштасады);
   2) мұғалімнің жеке басының үлгісі ("бұл жас рух үшін ешнәрсемен өзгертуге болмайтын күн көзінің жарқын сәулесі”);
1) сендіруге ерекше мән берді;
2) оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт);
3) ескерту шаралары;
4) мадақтау және жазалау.
   Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған сүйіспеншілікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынас жасай білу.
   Соқыр, таяқ тәртібіне қарсылық білдіре отырып, Ушинский былай деп жазды: "Ескі мектептегі тәртіп марапаттау мен жазалауды бөліп беретін мұғалімге деген қорқыныш пен үрейге негізделді. Бұл қорқыныш балаларды оларға тән емес, зиянды жағдайға бағынуға мәжбүр етті: қозғалмауға, іш пысушылыққа және жауыздыққа үйретті”.
   Ушинский этикалық көзқарасының жағымды белгілерін және оның адамгершілік тәрбие теориясын атай отырып, сонымен бірге біз оның адамгершілігі дінмен бірігетіндігін ескертуіміз қажет. Бірақ оның дінге көзқарасының өзгергендігін атап өтпеу дұрыс болмаған болар еді.
   Егер Ушинскийдің адамгершілік тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі көзқарасында адамгершілік тәрбиеде басты орынды азаматтық міндеттерге, қоғамдық борыш сезімі билеген өз отанының белсенді азаматын даярлауға берілді.
   Ушинский адамның дұрыс дамуының негізгі шарты еңбек деп есептеді. Өзінің "Еңбек, оның психикалық және тәрбиелік маңызы” атты мақаласында ол еңбекті материалдық құндылықтарды жасаудың және адамды дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жетілдірудің басты факторы да болып табылатындығын атап өтті.
Оқытудың дидактикалық негіздері.

   Ушинскийдің дидактикалық көзқарастары ерекше тереңдігімен және халықтығымен ерекшеленеді. Ол оқытуды балалардың дамуының жас кезеңдерін және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде құруды талап етті. Оның ішінде оқыту кезінде шәкірттердің зейінін пайдалану туралы құнды ұсыныстар жасады. Ол зейіннің екі түрі болатындығын атап өтті: активті немесе ерікті және пассивті, немесе еріксіз зейін. Сонымен қатар ол ес және есте сақтау туралы айта келіп, қайталау арқылы ұмыту үрдісін болдырмауды ескертіп отыру, тәрбиеленушілердің есін дамыту қажеттігін атап көрсетті.
   Ушинский оқытудың дидактикалық негіздерін жасады, осыған сәйкес халық мектебінде барлық оқыту үрдісі құрылу қажеттігін атап өтті.
   Ушинскийдің балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отыруды талап етті. "Психологияға негізделген педагогика адамның табиғатына сәйкес оның жан дүниесін дамыту туралы бізге кеңес береді”. Осы талаптарды нақтылай отырып, Ушинский оқытуда ең алдымен шамаға лайықтылықты қамтамасыз ету қажет. Баланың шамасы келмейтін міндеттерді жүктеуге жол беруге болмайтындығын Ушинский атап көрсетті.
   Сонымен қатар оқушының оқу жүктемелері өте жеңул болмау керектігін ескертті. Өте жеңул сабақтар – баланың ақыл-ой мен қабілеттіктерін дамытпайтындығын ескерткен болатынды.
   Оқыту оқушылардың дербестігі негізінде құрылуы және олардың ынтасын дамытуы қажет. Балалардың белсенділігін және өз бетімен әрекеттенуін шектей беруге болмайтындығын ескерте келіп, олар мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеу керек, мұғалім осыған үйрету және оларды басқару қажет.
   Оқушылардың білімінің берітігін Ушинский жақсы ұйымдасқан оқытудың бөлінбейтін белгісі деп есептеді. Білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды берік меңгеруге, балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін жемісті дамыту көрнекілігі көмектеседі.
   "Оқуды, - деп жазды Ушинский, - әруақытта жақыннан және белгілеп бастау, одан әрі белгісізге көшу қажет”. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Ушинский ерекше табандылықпен көрнекілік оқытуды жақтады.
   "Бала түрмен, бояумен, дыбыспен, жалпы түйсіктермен ойлайды. Осыдан келіп, балалар үшін көрнекілік оқытудың қажеттігі туындайды, ол дерексіз ұғымдарға және сөздерге құрылмайды, баланың тікелей қабылдайтын нақты образдарға негізделеді”, - деген болатынды Ушинский.
   Ушинский әруақытта да оқыту тек ғана танымдық емес, сонымен қатар тәрбие үрдісі . Оқытуды дұрыс ұйымдастырудың басты көрсеткіші өзінің сабақ беруінде мұғалімнің танымдық және тәрбиелік мүмкіншілігі толық көлемде пайдалану ептілігідеп есептеді.
   Дидактикалық проблемаларды шешуге К.Д.Ушинский ұқсас ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып, антропологиялық ұстанымдарды, әлеуметтік – философиялық ғылымдардың қағидалары тұрғысынан келді.
   Педагогикалық антропологияның "бірінші томына кіріспесінде ол былай деп жазды: "Жарыққа жазып отырған біздің еңбегіміздің бірінші бөлімі тікелей дидактикаға арналады, екінші бөлімі негізінен тәрбие үшін басымдық мәні бар. Сондықтан да біз бірінші бөлімді бқлек шығару туралы шешімге келдік”.
   Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мұғалімдердің мұғалімі. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған "Балалар әлемі” және "Ана тілі” тамаша оқулықтарын жазды.
   К.Д.Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мұғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады.
1) оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі деректі алға қоя білу ептілігі
2) жаңа сабақты бұрынғы балалардың меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету,
3) шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету,
4) сабақ кезінде хабарланған шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруді қамтамасыз ету,
1) сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы.
   Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардың ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту, мұғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардың әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді.
   Ушинский қайталауға ерекше мән берді. Оның пікірінше, біржүйелі өткізілген қайталауларсыз шәкірттерді қажетті білім көлемі берік меңгеруді қамтамасыз ету мүмкін емес. 
   Ол салыстыру сияқты педагогикалық тәсілді өте жоғары бағалады. Осы тәсілдің көмегімен Ушинский шәкірттердің оқылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та және дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық-синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс революцияға дейінгі жүйесінде кеңінен қолданып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.
   К.Д.Ушинский "Адам – тәрбиенің пәні”   ("Педагогикалық антропология”) атты еңбегінде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді.
   "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет...”
    Адамды зерттейтін ғылымдардың тілінде, К.Д.Ушинский физиологияны және әсіресе психологияны бөліп көрсетті, ол педагогке адам ақзасы туралы және оның психологиялық қасиеттері туралы біржүйелі білімдер беріледі, балалармен тәрбие жұмысын жүргізуді тәжірибесі үшін қажетті білімдермен байытады.
   К.Д.Ушинскийдің тарихи мәні, ол сол кездегі ғылыми жетістіктерге сәйкес дидактиканың оқыту теориясының психологиялық негіздерін талдады.
   К.Д.Ушинский психологияның көзқарасы тұрғысынан негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі.
   Ушинский тәрбие мен оқытудың қызметін тәрбиеші мен мұғалімнің арасында бөлуге қарсы болды. Ол оқытуды тәрбиенің негізгі құралы ретінде қарастырды.
   Ушинский формальдық және материалдық білім беру теориясын және классикалық мектепті сынға алды. ХІХ ғ.дидактикада екі түрлі теория өмір сүруді формалды және материалдық білім беру теориясы.
   "Формальды білім беруді” (негізінен классикалық білім беруді жақтаушылар) жақтаушылардың айтуынша, білім берудің негізгі міндеті – бұл есті, зейінді, ойлауды, тілді, қабілеттілікті дамыту, оған қарсы "материалдық білім беруді” жақтаушылар оқу материалының тәжірибелік мәніне, өмірге жақын болуға ерекше мән берді. Олар орта мектепте латын және грек тілдерін оқытуға қарсы болды, ең негізгі орынды ана тілі мен әдебиетке, математикаға, жаратылыстануға және жаңа шет тілдеріне арнады, бірақ оқушылардың ақыл-ойын дамытуға жеткіліксіз мән берді.
   Ушинский бұл екі теорияның да біржақтылығын қатты сынады, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілеттілігін дамытудың да, сонымен қатар өмірдің бірдей керектігін атап өтті. 
   Ушинскийдің бастауыш оқыту үшін екі оқу кітабын құрастырды. "Ана тілі” алғашқы бастап оқыту үшін арналады, әліппеден бастап, онда орыс тіліне ерекше мән беріледі. Бұл оқулықтар революцияға дейінгі Ресейде кеңінен тарап, пайдаланылды. "Ана тілінің” І бөлімі 150 ден астам басылып шықты. Бұл кітаптан орыс халқының көптеген ұрпақтары тәрбиеленді. Ушинскийдің оқулықтарының үлгісімен Ресейдің орыс емес халықтарының балаларына арналған оқулықтар жасалынды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1435 | Загрузок: 200 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]