Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.03.2014, 19:03
ӘОЖ: 811.512.122 Қолжазба құқығында 





СЕЙТБЕКОВА  АЙНҰР  АТАШБЕКҚЫЗЫ




Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі 


10.02.02. – қазақ тілі





Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
 дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 
авторефераты














Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007




Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында орындалды.



Ғылыми жетекші:         филология ғылымдарының докторы,  
        профессор Б.Әбілқасымов

Ресми оппоненттер:         филология ғылымдарының докторы, 
        профессор Г. Қосымова

        филология ғылымдарының кандидаты, 
                 доцент Б.Жұбатова

Жетекші ұйым:                   Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті





      Диссертация 2007 жылы «19» қазанда сағат 14-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06. – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.53.38.01. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


     Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).


Автореферат 2007 жылы «19» қыркүйекте таратылды.




Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор        Ж.А.Манкеева


Жұмыстың жалпы сипаттамасы 

     Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдік жүйенің қазіргі қалыптасу заңдылықтары мен оның даму тарихын зерттеуге қатысты қандай мұраның болсын, шығу тарихын, табылу, зерттелу жайын жете меңгеріп, ол туралы ой-пікірлер,   тұжырымдарды зерделеудің мәні ерекше екені белгілі. Осыған орай қазақ әдеби тілінің XVI–XVII ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалар ретінде Захриддин Бабырдың «Бабыр-наме», Қадырғали Жалаиридың «Жамиғ-ат тауарих» атты тарихи шығармалары қатарында аталатын Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасын тілдік тұрғыдан қарастырудың маңызы зор. 
     Орыс зерттеушілері А.Н.Кононов, А.М.Щербак, С.И.Иванов Әбілғазының бұл шығармасын өзбек әдеби тілінің  ескерткіші ретінде қарастырған. Аталған ғалымдар Әбілғазы мұрасының тілі қарапайым, түсінуге жеңіл, араб және парсы сөздерін шектеп қолданған деген тұжырымдар жасағанмен, «Шежіреде»* кездесетін араб және парсы сөздерін дәйектемелер мен мысалдар арқылы талдап көрсетпейді. 
     Әбілғазы шығармасының тіл ғылымы үшін, оның ішінде түркітану ғылымы үшін маңызы зор екендігін Г.С.Саблуков өзінің аудармасының кіріспесінде былайша көрсетеді: «Исправно изданный Родословной был бы при скудости литературы на восточно-джагатайском наречии, драгоценным даром для филологов тюркского языка, который в этом наречии чище, нежели в западных, как в лексикологическом, так и грамматическом отношении» [1,16-б.].
      XVI–XVII ғасырдағы жазба нұсқалар, негізінен, шағатай тілінде жазылатындығы белгілі. Ал «Шежіренің» тілі жайында проф. Б.Әбілқасымов былай дейді: «XVII ғасырда жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасы, оның тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ, нағыз түркі тілінде жазылғанын көреміз. Шежіре тіліне жасалған талдауларымыз бойынша, оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік береді» [2, 25-б.]
     Белгілі бір ескерткіштің түркі халықтарының қайсысына жақын-алыстығын дәлелдеу үшін ондағы оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтерінің қолданысын салыстыра қараумен қатар, араб және парсы сөздеріне де ғылыми талдау жасау арқылы нақтылай түсуге болады. Сондықтан араб және парсы сөздері ортағасыр шығармаларының белгілі бір пайызын құрайтындықтан біз «Шежіре» авторының араб және парсы элементтерін  қандай мақсатпен, қаншалықты дәрежеде қолданғанына баса назар аударамыз. 
__________________________________________________________________
*Әбілғазы баһадүр ханның «Шажара и түрк» аталатын бұл шығармасын біз бұдан былай түркі грамматикасының заңдылығына орай «Түркі шежіресі» немесе «Шежіре» деп бердік.


     VIII ғ. бергі кезеңдердегі тарихи ескерткіштердің барлығында араб және парсы сөздерінің кездесетіні заңды құбылыс. Бұның себебі орта ғасырда  ислам дінінің  орнығуына байланысты араб элементтері түркі тілдеріне көптеп ене бастады және шығыс мәдениетінің өрлеу кезінде (XIV-XV ғғ.) ғылыми және әдеби шығармаларды араб және парсы тілінде жазу дәстүрге айналған еді. Міне, осындай жағдайлар түркі ғалымдарының  өз шығармаларына арабша және парсыша ұғымдарды пайдалануына өз ықпалын тигізбей қоймады. 
    «Шежіре» тіліндегі араб және парсы сөздерінің арасалмағын айқындау, бізге түсініксіз араб және парсы элементтерінің лексика-семантикалық топтарын, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу, олардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау арқылы Әбілғазының араб және парсы сөздерін қолданудағы төл ерекшелігін көрсете аламыз. Бұл мәселелердің қарастырылуы – жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.
      Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті. "Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан сипаттама беру. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешімін табуы көзделді:
        - XIV-XVII орта ғасырлардағы түркі әдеби тілінде жазылған шығармалармен  «Шежіренің» тілін салыстырып, айырмашылығын көрсету;
        - "Шежіреде” қолданылған араб және парсы сөздерін анықтап, тақырыптық топтарға жіктеу;
        - қазіргі оқушыға түсініксіз араб және парсы сөздерінің лексика-семантикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру;
        - араб және парсы сөздерінің өзара және түркі сөздерімен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарына талдау жасау; 
        - шығарма лексикасындағы араб және парсы сөздерінің үлес салмағын көрсету.
     Зерттеудің дереккөзі. П.И.Демезонның 1871 жылғы басылған сыни нұсқасы мен 1825 жылғы Қазан нұсқасы.
     Зерттеудің нысаны. "Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі.
     Зерттеудің пәні. "Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің лексикалық құрамы.
     Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижесі. Шығарманың араб және парсы тілдік қабатына ғылыми тұрғыда сипаттама беріліп, араб және парсы тілдерінің сол кезеңдегі жазба әдеби тілдің лексикалық қорына тигізген әсері анықталды. Нақты айтқанда:
     - араб және парсы сөздері жеке-жеке қолданыс салалары бойынша тақырыптық топтарға бөлініп талданды;
     -  қазіргі оқушыға түсініксіз араб және парсы сөздерінің қолданылу себебі түсіндіріліп, олардың семантикалық құрылымы ашылды; 
     - араб және парсы сөздерінің қолданысына статистикалық зерттеу жүргізіліп, олардың шығарма тіліндегі үлес-салмағы анықталды;
     - текстологиялық жұмыстар негізінде екі баспа нұсқада қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасы қолжазба мәтіндері арқылы қалпына келтірілді.
Зерттеу әдістері. Сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық талдау әдістері, топтау, жинақтау, жіктеу тәсілдері қолданылды.
     Теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері негізінде араб және парсы сөздерінің нақты шығармашылық негізде қолданыстық мәнінің ашылуы қазақ әдеби тілі тарихы, тарихи лексикология салаларына өзіндік үлесін қоса алады. Осы жазба ескерткіштің тілі мен қазіргі қазақ тілінің арақатынасын анықтаудың тіл тарихын зерттеушілер үшін теориялық та, практикалық та мәні бар. Жоғары оқу орындарында «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Орта ғасыр ескерткіштері тілі» курстарынан дәріс беруде, ескерткіштің тілдік деректері мен анықтамаларын арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктер жасауда қолданылуға болады.
      Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-   Зерттеу нәтижесінде Әбілғазының араб және парсы тілдерінен, шағатай түркісінен сөз қоспадым деген ескертпесінің мәнін түсінуге болады.
- XVI-XVII ғасырлардағы шағатай тілінде жазылған өзге жазба ескерткіштерге қарағанда, автордың шығармада араб, парсы сөздерін қолдануында біршама өзгешелік бар, яғни қазіргі қазақ тіліне жақын деуге болады. Бірақ бұл тұжырым әлі зерттеуді керек етеді.
-  Соғыс қимылдарына, ислам дініне қатысты араб сөздері, ал тұрмыстық зат атауларына, адамның психологиялық көңіл-күйіне байланысты парсы сөздерінің қолданылуы Әбілғазы заманындағы ауызекі сөйлеу тілінің жазба әдеби тілге айтарлықтай әсер еткенін көрсетеді. 
-  Кейбір араб және парсы сөздерінен құралған тұрақты тіркестер ретінде қабылданып, күні бүгінге дейін мағына тұтастығын жоғалтпаған. 
 - Ескерткіште арабша-парсыша, арабша-арабша, парсыша-парсыша, түркіше-арабша, түркіше-парсыша сияқты қос сөздердің қатар түзуі ерекше байқалады. 
- Автор араб және парсы сөздерін қаншалықты мол қолданса да, түркі тілінің синтаксистік құрылысын жүйелі түрде сақтаған.
     Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен тұжырымдары бойынша «Қазақ шежірелері және ұлттық таным мәселелері» атты ғылыми-практикалық (Алматы, 2005), «Академик Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2005),  академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2007), проф. М.Томановтың туғанына 75 жыл толуына  арналған «Тіл тарихы: кемелдену және кешенділік» атты республикалық ғылыми-теориялық (Алматы, 2007) конференцияларда баяндамалар жасалды. 
      Зерттеу жұмысы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарында және ғылыми басылымдар мен жинақтарда 9 мақала жарияланды.
     Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны.
     Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық маңызы, ізденістердің ғылыми жаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен ұсынылған тұжырымдары айқындалып, жұмыстың талқылануы мен жариялануына қысқаша деректер берілді. 
Диссертацияның бірінші тарауы «Түркі шежіресінің» қазақ тіл білімі тарихында алатын орны» деп аталады. 1.1 «Түркі шежіресінің» зерттелу тарихы. XVII ғасырда жазылған құнды жазбаша ескерткіш Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресі» зерттеуші ғалымдардың (А.Н.Кононов, Б.Әбілқасымов, Т.Қордабаев) мәліметтеріне қарағанда, еңбектің біздің дәуірімізге келіп жетуіне, зерттелуіне, танылуына, аударылуына ықпал еткендер – Сібірге жер аударылған швед офицерлері, солардың бірі  Филипп Иоганн Табберт Страленберг. Ол қолжазбаны Тобыл қаласынан тауып, орыс тіліне аудартса, швед Шенстрем неміс тіліне аударады. Бұл аударма арада көп уақыт өткеннен кейін 1780 жылы ғана кітап болып басылып шығады. Ал одан бұрынырақ қолжазба неміс тілінен француз тіліне аударылып, 1726 жылы Лейденде жарық көреді. «Шежіренің» баспа нұсқасын орыс тіліне аудару бірнеше рет қолға алынса да, олар сәтсіз шығады [3].
     «Шежірені» түпнұсқадан орыс тіліне алғаш аударған – Г.С.Саблуков. Бұл аударманы ол Қазан басылымы бойынша және Петербургтегі Ғылым академиясының мұражайында сақталған қолжазбалармен салыстыру негізінде жасайды. 1906 жылы Қазанда Г.С.Саблуков аудармасы кітап болып басылып шығады. 
     Белгілі ориенталист ғалым И.Березин «Шежіренің» Г.С.Саблуков жасаған аудармасын жеке кітап етіп, «Книга родословия тюркского» деген атпен өзінің «Шығыс тарихшыларының кітапханасының» 3-томына кіргізеді [1].
     Бұдан кейін Әбілғазы еңбегін зерттеу қолға алынып, ол XIX ғасырда көп ғалымдардың назарына ілігеді. А.Н.Кононов «История изучения тюркских языков в России» атты еңбегінде осы аталған шежіренің зерттелу тарихына көбірек тоқталады [3].
     «Түркі шежіресінің» грамматикалық құрылысын сипаттауға арналған еңбектердің бірі – проф. С.Н.Ивановтың «Родословное древотюрок Абул-гази-хана» деп аталатын монографиясы. Ол «Түркі шежіресін» ескі өзбек тілі ескерткіші ретінде қарап, өз зерттеулері арқылы өзбек тілінің тарихи грамматикасын жасауға үлес қосатынын айтады [4,5-б.]. 
     Әбілғазының «Түркі шежіресін» өз зерттеулерінің нысаны етіп кейінгі жылдары ғана алған қазақ ғалымдарының бірі Б.Әбілқасымов «Түркі шежіресі» кітабының зерттелу тарихына шолу жасап, ондағы тұрақты сөз тіркестерін тілдік тұрғыдан талдайды [5,48-62-бб.]. Сол сияқты Т.Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мәселелері» атты монографиясында «Шежіренің» синтаксистік құрылысы сөз болады [6]. 
Проф. Б.Әбілқасымов Әбілғазының аталған шығармасын 1992 жылы «Түркі шежіресі» деген атпен қазақ тіліне аударады [7]. «Түркі шежіресінің» қазақ тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген мақалалар жариялады. 2001 жылы «Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі» атты кітабы басылып шықты. Ғалым «Шежіренің» фонетикалық-орфографиялық  ерекшеліктеріне, лексика-фразеологиялық сипатына, грамматикалық құрылысына жан-жақты талдау жасайды. «Шежіренің» тілін зерттей келе, оның қазақ тіліне, сондай-ақ, тарихи грамматика мен тарихи лексикологияға көп деректер бере алатындығын дәлелдейді [2,4-б.]. 
1.2 «Түркі шежіресіннің» текстологиясы  (Қазан және Демезон нұсқалары бойынша талдау)
      Ерте замандағы жазба ескерткіштер ғасырдан ғасырға көшіріліп жеткізілгендіктен, көне дәуірлерден келіп жеткен құнды мұраларымыздың көпшілігі бірнеше нұсқада сақталғаны мәлім. Әбілғазының «Түркі шежіресінің» бізге белгілі екі нұсқасы бар. Қолжазбаның бір көшірмесі Мәскеудегі Ресей Сыртқы істер министрлігінің архивінде сақталып, 1825  жылғы Қазан басылымына негіз болған. Қолжазбаның екінші көшірмесі – кезінде В.И.Даль Орынбордан тауып алып, Академияның Азия мұражайына сыйлаған Петербург нұсқасы [2,4-б.]. 
      Г.С.Саблуков өз кітабының кіріспесінде Қазан басылымындағы парсы сөздері Петербург қолжазбасында түркі өлеңдерімен ауыстырылғанын айта келіп, «кім де кім менің аудармамды баспа мәтінмен аударуды қайталаса, көптеген келіспеушіліктер мен жаңылулар табады» [1,16-б.], – дейді. 
       Расында да, Қазан баспа нұсқасын қолжазбамен салыстырсақ, біршама айырмашылықтар мен едәуір қателер байқалады. Мысалы, 18-бетте Оғыз ханның балалары мен немерелерінің аттары қалдырылып кеткен. Көшірушілер оны жай белгілермен белгілеп қойған. Мәселен, Қазан басылымында «Оғыз ханның ұғланлары уа нәбирелерінің зікірі» туралы айтылғанда, Ай ханның ұлдарының аттарын Ұшад (Ұшар деп жақша ішінде берілген), Қанық деп келіп, Жұлдыз ханның ұлдарының аттарына Тау ханның ұлдарының аттары жазылады. Ал Көк ханның ұлдарының аттары мүлдем аталмайды (18-б.).
      Сондай-ақ, мұндай кемшіліктердің бірі – Оғыз ханға байланысты өлең жолдарында сөйлем құрылыстары екі баспа нұсқада (Демезон және Қазан) бірдей емес. 
     Жалпы ескі жазба мұраларымыздың тілін қарастыру барысында баспа нұсқалар арасындағы текстологиялық айырмашылықтар лексикалық, графикалық, морфологиялық, синтаксистік аспектілер бойынша анықталады.
Лексикалық айырмашылықтары бойынша түркі сөздерінің түркі сөздерімен, кірме (араб, парсы) сөздерінің түркі сөздермен өзгертілген тұстары бар:
     Қ: Ләшкәрінің қолына ау чақлы олүк мал түшді кім йүклемекке түлүк арлық қылды (18).
      П: Ләшкәрінің қолына ол чақлы олүк мал түшді кім йүклемекке ат азлық қылды (12,10).
     Түсініктеме: Оғыз хан әскерінің қолына көп олжа түсті,артуға ат көлігі аздық қылды. Көшірмешілер өз дәуіріне дейінгі мағынасы көнерген сөздерді жаңа сөздермен өзгертіп отыруы мүмкін. Мұнда көріп отырғанымыздай, түлүк сөзі ат сөзімен ауыстырылған. Азлық сөзінің арлық деп берілуі диакретикалық белгілердің өшіп не көрінбей қалуынан болса керек. 
Қ: Көб йыллар падишаһлық қылыб офат табды (8,15).
П: Көб йыллар падишаһлық қылыб өлді (11,13).
Графикалық ерекшеліктері. Сөз еткен кезеңдегі жазба дәстүр араб графикасымен жазылғандықтан, кейбір таңбалардың екі не үш түрлі таңбалануы бар. Себебі араб графикасында т әріптерінің 2 түрі, с әрпінің з түрі бар. Сондықтан әр нұсқада көшірмешілер кейбір әріптерді әр басқа таңбалаған.  
- Оғұз елінің барчасыны мұсылманлыққа дауат қылды (17) деген сөйлемде дауат (шақыру) әр басқа берілген. 
 Қ:     ﺓﻭﻋ ﺪ   дауат (11,26)
 П:     ﺕﻭ ﻋﺪ  дауат (17).  
         - Ұғланлары мен нәукерлері бірлән күш тақұқны ат бірлән чабдылар. 
 Қ :        ﻂﺍ   ат (18,5)
 П:    ﺖ ﺍ  ат (25)
Морфологиялық ерекшеліктерінде Қазан нұсқасында -нің, -ның, -ға, -ні  септік жалғауларының Петербург нұсқасында толықтырылып түзетілгені байқалады.
Қ: Беш алты мағұл қары сөзін (23)
П: Беш алты мағұлның қары сөзіні (35,20).
Қ: тәңрі әмірі білән  (15).
П: тәңрінің әмірі бірлән (22, 13).
       Шығарманың синтаксистік ерекшеліктері ретінде сөйлем жүйесіне қиыспай, қабыспай тұрған сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Бұрын түсіп қалған, жаңсақ жазылған сөз тіркестері өз тарапымыздан түзетіліп жазылды.
       Қолданылу аясы шектеулі шығыс сөздерін айыра білмей, кей көшірмешілердің қате жазып жібергені, контекстік мағынасы ұқсас сөздерді шатастырып алғаны төмендегі сөйлемдерден байқалады:                      
     П: Тудаменку хан бесиар зұлым уа бидар қалмақны ағаз қылды (93,3)
     Түсініктеме: Осы сөйлемде бидар парсы тілінде ояу болса, онда бұл сөз аталған сөйлемге ешқандай қатысы жоқ. Ал  бидад (әділсіз) сөйлемге негіз бола алады. Дұрысы: Тодуменку хан көп зұлым және әділсіз қалмақты қырды
      Қ: Анлар көб фасадлар қыла тұрұр ермешлер теб Сүбідай баһадүр бірлән Тұғышарны көб черік бірлән анларының үстіне йіберді (54,6-б.). 
      П: Анлар көб қасадлар қыла тұрұр ермешлер теб Сүбідай баһадүр бірлән Тұғышарны көб черік бірлән анларының үстіне йіберді (54,6-б.).
      Түсініктеме: енді бұл сөйлемде фасад емес, қасад болса керек, себебі қасад араб тілінде – ой дегенді білдірсе, онда бұл сөйлем былай аударылады: Сүбітай баһадүр мен Тұғышарды көп әскермен оларға қарсы жіберу ойларында болса керек. Шығарма тілінде мұндай ауытқулар баршылық. 
      Сондай-ақ, екі басылымды бір-бірімен және 1891 жылғы Қазанда басылып шыққан нұсқамен салыстырғанда, бірқатар жолдардың түсіп қалуы сияқты кемшіліктер де байқалады. Ал майда түзетулер баспа нұсқада диакритикалық белгілермен, сөздермен көрсетілген. Әбілғазының шығармасына арнайы текстологиялық жұмыстар жүргізілмегендіктен, баспа нұсқалардағы кейбір сөздерді дұрыс оқып, аударуға қиындық келтіретін тұстары баршылық. 
       Осы «Түркі шежіресі» кітабының шығуымен байланысты 1826 жылы «Московскиий телеграф» журналында жарияланған бір мақалада: «....Азиялық шежірелер мен аңыздардың құндылығы мен дұрыстығын, қай еңбектерге сүйенгенін анықтау үшін алдымен түпнұсқаларды білу керек. Шығыс зерттеушілері олардың мәтіндерін салыстырып, жөндеп, дұрыс аударылуын ұсыну керек» [8,10-б.], – дейді. Сондықтан бірнеше нұсқада жеткен орта ғасыр жәдігерліктеріне ең алдымен текстологиялық жұмыстар жүргізген абзал. Осымен байланысты олардың мұқият зерттелуі – ең жауапты мәселе.
1.3 «Түркі шежіресінің» өзге орта ғасыр шығармаларынан айырмашылығы 
      Әбілғазының өз шығармасының тіліне байланысты «... бұл тарихны йахшы уа йаман барчалары білсүн теб түркі тілі бірлән айтдүм һәм андағ айтыбмын кім беш йасар ұғлан түшүнүр уа бір калима чағатай түркісінден ғарабдын уа парсыдын қошмаймын» деген ескертпесі бар (36-б.). 
     Ал көптеген зерттеуші ғалымдар бұл шығарманың түсінуге жеңіл түркі тілінде жазылғанын өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Бірақ автор "араб, парсыдан, шағатай түркісінен бір сөз қоспадым” десе де, оның өзі өмір сүрген уақытындағы түркі халықтары қолданған жазба әдеби тілде қолданылуы дәстүрге айналған араб, парсы, шағатай элементтерін пайдаланбауы мүмкін емес еді.
     Әбілғазының араб, парсы сөздерін қолдануының өзіндік бірнеше себептері бар: 1) Арабтардың жаулап алуы мен ислам дінінің таралуына байланысты бұл тілдердің мәні басымырақ болды; 2) Араб тілінен түркі тіліне сөз ауысу үрдісі әсіресе түркі тілдерінің даму тарихына айтарлықтай үлес қосты; 3)Орта Азия және Таяу Шығыс халықтарының әдеби тілі тарихында классикалық араб тілі едәуір рөл атқарған. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 760 | Загрузок: 84 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]