Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Бекбосынов Серікқазы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 01:14
Бекбосынов Серікқазы (21.9.1925, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы - 22.3.1977, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы) - екінші дүниежүзілік соғыс|екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант. Қазақ. Соғыстың алдында кеңшарда жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылдың қаңтарында шақырылып, 7-армияға қарасты 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 ж. 21 маусымда 300-атқыштар полкінің алдына Свирь өзенінен өтіп (Ресей, Ленинград облысы Лодеймое Поле қ. аумағында), оң жағалаудағы күшті бекініс позициясынан дұшпанды қуып шығу міндеті жүктелді. Тапсырманы орындауға іріктеліп алынған батыл да батыр 12 I гвардияшылардың арасында Бекбосынов та болды. Өзеннің арғы бетінде орналасқан финдер жауынгерлерге минометтен, артиллериядан оқ жаудырды. Арғы жағаға алғашкылардың қатарында жеткен Бекбосынов қоян-қолтық айқасқа кірісіп кетті. Көп кешікпей ержүрек жауынгерлер шагын плацдармга ие болды. Жаудың 7 қарсы шабуылын тойтара отырып, өздері басып алған жерді қорғап қалды. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандыгы үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бекбосыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.7.1944). Соғыстан кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шалабай ауылында тұрып, сонда еңбек етті. Туған ауылында оның құрметіне ескерткіш, ал Лодейное Поле қаласында 12 адамға арналған монумент орнатылған. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 387 | Загрузок: 73 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]