Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Бекарыстан Амангелдіұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.03.2014, 18:36
Бекарыстан Амангелдіұлы шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған. Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.
Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды қайтарған, жалғыз оқпен жауды қайтарған Бекарыстай бабаларың болған»,- деп отырады көнекөз қариялар.
Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен би Бекарыстанға бір ауылдың аты беріліп, баба ескерткіші тұрылған. Би Қарақалпақстанның Аралмен шектескен «Мойнақ» ауданы жеріндегі «Томпақ ата» қорымына жерленген.
Мұрағат құжаттарында 1853 жылы Бекарыстан Амалдыковтың (Амандыков) Кішкене шекті руынын Асан бөлімінің Матығұл аталығынан тарайтын және ол кісінің жасының 68-де екені көрсетілген. Би туралы ауызша айтылған деректер мен жазбаша жазылғадар сәйкес келіп тұр. Жайлауы Арал бекінісі мен Қызылқұмда, қыстауы Қосаралда болған. Өзінен үлкендердің айтқанын бұлжытпай орындайтын кісі екен. Екінші бір құжатта бидің 1856 жылы 2 қыркүйекте 20 сом күміс ақшаны сыйға алғаны жазылады.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 415 | Загрузок: 77 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]