Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Бегұлы болыс Көшекұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.03.2014, 18:35
Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға. Қарақыз болысының басқарушысы. Жобамен 1858 жылы дүниеге келіп, 1929 жылы дүниеден өткен. Баян батырдың шөпшегі, Ерубай би Жолдыбайұлының немересі, Көшек батыр Ерубайұлының ұлы. Бегұлы 18 жасында болыс басқарушылығына, Қосшығұл болыс Тауасарұлы дүниеден қапияда кеткеннен соң келеді. Осы билікте қатарынан төрт сайлау ұстап тұрады. Алла тағалланың құдыретімен жасынан ел басқаруға деген дарыны байқалған екен. Көп сөйлемейтін, ержүрек, батыр сөйлейтін азамат болған. Отан құрып, отағасы болғаннан-ақ ел алдына шығып билік айтып, елді өзіне иіріп алатын қасиеттерін байқатқан. Жұмбақтап сөйлеу, не түрлі асыл сөздермен елді аузына қаратады. Жанбек болыс Торжанұлының сұрауы бойынша келесі сайлауда жеңісті Жанбекке алып береді. Бұдан соңғы уақыттарда Бегұлы ел ақсақалы ретінде құрметке бөленіп, елдің бетке ұстар тұлғасы ретінде ел есінде қалған. Оны ел ерекше құрметтеп "Бегұлы отағасы" деп марапаттап сөйлейтін болған. Отағасы сөзінің мағынасы ретінде қариялар - ошақмайлар, ақыл, мәслихаттардың алқа-қотан ортада от жағып соны айнала отырып кеңесер кештің басшысы ретіндегі, төраға мағынасында түсіндіреді.
"Малы көп қазақ байларының бірі Бегұлы өз малдарын шөлге төзімділікке үйрету үшін жас құлын, жабағы, тайды күніне бір рет, биелерді екі күнде бір рет, бойдақ малдарды екі күн өтіп, үшінші күні суарып отырған. Осылай шөлге үйренген малдармен Бегұлы жылда елден ерте көшіп, Сарыарқаның ең жақсы, шүйгін жерлеріне орналасады екен."
Бегұлы 1928 жылдың соңында кәмпескелеуге ілігіп, Әулиеатаның (қазіргі Тараз) абақтысында жатып ауырып қайтыс болған. Бегұлымен бірге тағы да үш адам абақтыға түседі. Сонда Бегұлы отырып, қасындағы серіктеріне қарап: "Сен аштан өлесің (Шынымен де ол кейіннен аштықтың азабынан өлген), сен - жолда өлесің (пойызбен Сібірге жер аударылып бара жатып өледі), Сен, Сыздық шырағым, осы жерден аман шығасың(палуан Сыздық Жаңбыршыұлы - Әулиеата абақтысынан шығып Шу өзені бойындағы елге келе жатып Шолақтау қалашығы түбінде шемен ауруынан өледі), мен осы жерден шықпаймын, - дейді. Ол жатқан бөлменің есігі түнгі уақытта өз-өзінен тарс етіп ашылып кететін болғандықтан, абақты басшысы Бегұлының қасындағы адамдары басқа бөлмеге ауыстырып, бір өзін бір камераға тастайды. Есігі құлыптанбай ашық жатқан Бегұлы болыс 1929 жылдың қаңтар айында дүниеден өтеді. Оны абақты қызметшісі, өзбек жігіті түнде апарып қазіргі Тараз қаласындағы драма театрының астында қалған қалың қорымға жерлейді. Бегұлыдан тараған ұрпақтан бұл күнде ешкім қалмады.
Бегұлы болыс туралы белгілі жазушы Берік Шаханұлы, Жаңаарқалық тарих зертеушілері, Созақтық жазушы Сүлеймен Тәбірізұлы, Пернебай Дүйсенбин өз кітаптарында біршама деректер береді.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 506 | Загрузок: 81 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]