Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

"Батыр Баян" поэмасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.03.2014, 23:20
"Батыр Баян" поэмасы
Мағжан Жұмабаев–бірнешекөркем поэма жазған құлашыкең эпик ақын. Олөззаманыныңтолғауыкүрделіжайларынхалқыныңөткентарихынжырлауарқылыкөрсетугеұмтылды. Өйткеніарттақалғанказақеліналғажетелеусолхалықтыңөзқолынан ғанакелмек. Сондықтан да халыққа күшбереросындайерлікқайнарынМағжантарихтаніздеді. Өзшығармаларындакешегіөткен батыр бабаларымыздыңерлігінжырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Соларқылы халқыныңқайратынұштап, санасыноятудыойлады. Бұлтұрғыданкелгенде, "Батыр Баян" поэмасыныңмаңызыерекше. Поэманыңоқиғасыбіркездегіқазақ пен қалмақарасындағыжаугершілікзаманнаналынған. ...Қалмаққа қарсыжорыққа аттанбақболғанАбылай хан қоластындағыбатырларынжинайды. Жалғыз Баян батыр ғанакешігіпкеледі. Сөйтсе, біркездежорықтақолғатүскенқалмақ қызы мен батырдыңінісіНоянекеуікөңілқосып, қалмаққа карай кашып бара жатқанжерінен Баян қуыпжетіп, екеуін де оққабайлапөлтіргенекен. ҚыздаБаянның да ойы болған. Бірақ қалмаққызыәр түрліайламенжақындатпайжүріп, күндердіңкүніндеінісіНоянменсөзбайласқан. БұданкейінАбылайдыңқолыжорыққааттанады. Солжорықта Баян батыр ерлікпенқазатабады. Оқиға желісінМағжанжайғанабаяндапшықпайды. Биікромантикалықсарынғақұрылған бұлпоэмадабатырлық та, достық та, адамгершілікмейірім де, ашу-ыза да бар. Поэманың бас кейіпкері Баян батырдыңөзішығармадаекісипаттакөрінеді. ІнісіНоян мен қалмақ қызының қылығынаашуланып, соңынанқуыпжеткеншақтағы Баян мен екіжастыөлімкұштырғаннанкейінгіБаянныңкөңілкүйі, кескін-кейпіекітүрлі, бірақнанымды. Бәрі де қарапайымадамбаласыныңбойынантабылатынтанысжағдайлар.
Алыстанекі кара көрді Баян, Кілегейқарабұлттайтөнді Баян. Ой жоқбоп, жүрекшоқбоп, құрекпінбоп, Сұңқардайсорғалағанкелді Баян.
Бұл– Баян батырдыңекіжастыңартынанқуыпжеткендегікейпі. Ашу қысқан, сабырынанайырылған, жүрегінашу мен ызаныңотыжандырған алапаткүшиесі. Алдынан тау кездессе де төңкеріпкетердейекпінді. ТіптіНоянныңөзіағасыныңмынатүріненшошыныпқалады.
...Ойламай, белдібекембудым неге? Қозымды қас дұшпандай қудым неге? Майысып Ноян қалқам, ерке марқам, Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге? Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау, Бір ата, бір анадан тудым неге? Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым Қанымен өз қозымның жудым неге? Күнәсіз екі жасты өлтіргенше, Өлмедім ішіп уын удың неге?
Туған бауырын оққа байлап, екі ғашықтың өлімі үстінде тұрған Баян осылай егіледі. Бірақ болар іс болды, өз қолын өзі кесе алмайды. Егіле тұрып ойланады. Жаңағы өзі қойған көп "неге?" жауап іздейді.
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Өлтірдім бе, Інімді алты алаштың намысы үшін?! –
деп өзін жұбатады. Осылайша өзін-өзі бекіткен Баян батыр қалмаққа аттанып, сол жорықта ерлікпен қаза табады. Поэманың бас кейіпкерлерінің бірі – қалмақ қызы. Ол Мағжанның ұғымында жай ғана тұтқын емес. Атағы алашқа әйгілі Баян батыр ғашық болған қыздың көркіне ақылы сай еді. Қыздың сұлулығын Мағжан аса нанымды суреттейді.
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай. Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт, Сөздері – су сылдырлап құйылғандай. Бір улап, көзқарасы бір айнытқан, Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай. Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі, Кәусардай тартқан адам қалар қанбай.
Осындай ерекше сұлулық иесі – қалмақ қызының қайсарлығы мен ақылы да қайран қалдырады. Сөз салмақ болған Баянды "ағатайлап" жүріп, өзіне қарындас ретінде қарауға мәжбүр еткен. Түпкі ойында туған жұрты, ата-анасы жатыр.
Алаштың аруы боп кетсе-дағы, Жанымен өз жұртынан айырылмаған, –
күйі, ақыры, жас Ноянды өз дегеніне көндіреді. Ноян қанша батыр болса да, қыздың сөзіне бас иеді. Мағжан суреттеген Ноян жастық албырттықтың, тазалықтың, шынайы сезімнің символы. Абылай хан поэмада "кең ойлы данышпан", елге қорған болған хан ретінде көрінеді. Қол астына алаштың атақты батырларын жинаған қолбасшы. Поэма оқиғасында Абылай қалмақтардың алдағанына сеніп, амалсыздан кері қайтуға мәжбүр болады. Батырларының бәрі осындай бәтуаға келеді. Тек жалғыз Баян ғана:
"Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан Жөңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?" –
деп, қасына жүз жолдас ертіп қашып кеткен қалмақтың соңынан қуады. Поэманың өне бойындағы шиеленіскен тартысты, кейіпкерлердің көңіл күйін, іс-әрекетін, мінез-табиғатын Мағжан айрықша шабытпен жырлайды. Кейіпкер бойындағы бірбет қайсарлықты, асаулықты, сондай-ақ ниетінің ақтығын, жанының тазалығын қатар сипаттау арқылы ақын шығарманың ішкі драматизмін шарықтау шегіне жеткізеді. Оқиғаны баяндау барысында тау мен суды, күн мен аспанды, табиғат құбылыстарын кейіпкерлерінің көңіл күйімен, қалмақ кызының сұлулығымен астастыра отырып, поэмадағы әр түрлі характерлер кақтығысын ширата бейнелейді. Сонымен қатар, ақынның шеберлігі, өлең өрімі, сөз көркемдігі, образды суреттеу, романтикалық асқақтық тәрізді қасиеттер де поэмада кеңінен көрінеді. Қорыта айтқанда, "Батыр Баян" поэмасы – тек Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының қазыналы қорынан лайықты орын алатын аса көркем де құнды туынды.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3395 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]