Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.02.2014, 18:39
ӘОЖ 74.252+84  

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Б.Д. Тажикова 
Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы, Тараз қ.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін  бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.[1.77бет] 
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын  алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес,  мемлекеттерге қауіп  төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене   араласа отырып, ғылымның  шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра  білуі,  өмірде қолдана алуы. Сонымен  қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым  қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан  деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын  игеруі тиіс.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне  жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың   ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік  технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл  оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке  бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу  материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге    тоқталайын.
«Патриотизм   дегеніміз -Отанға деген сүйіспеншілік, жеке  адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын  айтқанда, патриотизм мемлекет  деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен  және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»[2.372бет]
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі  мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық,  екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық.
Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік  стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірбиемде балалар әдебиетінен, негізінен, оқушылардың өз бетімен  білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары  мен алған   білімдерін іс жүзінде  пайдалана  білеуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін. 
Балаларға ел сүйгіштік,  ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде  әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады.Ауыз әдебиетінен мысалы: « Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б.шығармаларын атап көрсетті.Ал Махамбеттің шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны»,        «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Ал мұндай туған елді, ұлтын сүю тақырыбында ХІХ ғасырдың жазушыларының шығармаларынан Абайдың «Қайран елім, қазағым қандай жұртым» т.б. М.Жұмабаевтың елді сүю, оған қызмет ету тақырыбында көптеген шығармалар жазған. Мысалы, «Мен сүйемін». Осындай тақырыптарда С.Торайғыровтың «Туған еліме»,  «Шәкірттерге» т.б. атты шығармалары оқығандығы жөнінде сөз болды.Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», Т.Ахтановтың  «Күткен күн», М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті
Балаларды патриотизмге тәрбиелеу рухында оқырмандар конференциясын өткізудің де мәні зор.Ғ.Мүсіреповтың « Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз» Қ.Қайсеновтың « Ажал аузынан», « Жау тылында», « Партизан соқпақтары». Оқушыларды патриоттық ел сүйгішітк туралы шығармаларды жай ғана емес, мәнерлеп оқумен қатар жатқа айту тәсілін қолданамыз. Мысалы, Б. Бұлқышевтың « Шығыс ұлына хат» , І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Аксуым», « Жетісу суреттері» атты өлендерін жаттап, мәнерлеп айтты.  
Отансүйгіштік  сезімі   туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең  алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген  жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық  , әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. 
Осыған  орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының  өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан  ағамыз өмірінің соңына дейін  әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командиріқызметін атқарып,неміс-фашист басқыншыларына соққы беріп, батальонды бірнеше мәрте жау қоршауына алып шықты.
Ата мекен жер үшін,                                Ботакөз  сұлу қарындас  
Қасиетті ел үшін,                                      Күн, құл болмасын,-   
Әзиз ана, қарт ата,             
деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.[3.105бет]
Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы «Волоколамск тас жолы» атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.
«Жеңіс кілті Отан сүюшілікте.Ол солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс. Дәстүр-тәрбиенің басты қайнары. Ал дәстүр ұлттық тәрбиеден өзекті орын алады. Отан сүюшілік, ұлтын сүюшілікті ұлттық дәстүрмен жалғастырып, солдатқа саналы түрде сіңіру керек» - деген ол артына өшпес өнеге, ерлікке, патриоттық, сезімге толы бірнеше кітаптарын: «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), «Куба әсерлері»(1969) «Жоңарқа» екі томдық шығармалар жинағы(1969), «Соғыс психологиясы», « Қанмен жазылған кітап» (1990,1991), «Ұшқан ұя» кітабын қалдырды. Ал, «Ұшқан ұя» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болған.
Сонымен бірге халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің, музыка мен көркемөнердің құдіретті күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құралы болғанын соғыс эпизодтарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан жеңілмейтіне басты назар аударған.
Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз  артына жетпіске жуық мақал- мәтелдер қалдырған.Ол мақал-мәтелдеріне «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанда опасызға орын жоқ»,  «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.
Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім- тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.
«Ұлттық  патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп ,    «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген  сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның  негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі  ұлт азаттық көтерілісін   алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.   
Б.Момышұлы,Б.Бұлқышев, С.Бегалин,Қ. Қайсенов сияқты тұлғалардың ерлікке толы естеліктері мен әдеби мұраларын пайдалану арқылы оқушылардың білімін көтеру, оқ пен оттың азабына шыдап, жеңіске жеткен ағалардың ерлігін үлгі тұтуға  тәрбиелеу Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»өлеңінің сол кездегі мәнінің жоғары болғандығын айта келіп, оқушыларға қосымша материалдар жинақтатып өттім. Патриоттық тәрбие беру мәселесін ұтымды өткізуде Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды» деген анықтамасын тілге тиек етіп,ал әскери ант тақырыбына келгенде С.Бегалиннің 
Біз Отанның солдаты жауға аттанған,
Біз халықтың қайраты,қанаттанған
Қайтпас семсер, көк болат, біз ақалмас.
Қаһарменен суырып, кекке малған- деген [4.3бет]  өлең жолдарында ұрыста жауынгердің қандай қасиеттері көрініс берді деген сұрақ арқылы сабақты ары қарай  өрбіттім.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс -әркеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Қазақстан -2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім,1997-176 б.
2. Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -Алматы: Жазушы, 1909-720 б.
3. Қалиұлы С., Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы ( Оқу құралы). –Алматы: Білім, 2003-280 б.
4. Бегалин С., Шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы,1966
 
Тіркеу формасы
1. Тегі, аты –жөні: Тажикова Бахыт Даданова
2. Мекеме: Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы
3. Мекен -жайы:Қазыбек би 104\8
4. Телефон: 4592850
5. Мақала тақырыбы: «Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі»
6. Секция:  филология 


Мен 

Конференцияда тыңдаушы ретінде  қатысуды қалаймын 












Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 668 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]