Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 01:10
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевның "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауында былай делінген: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай, Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Үмыттың ба соны, Абылай.
Бұл толғаудан, батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. Тәттіқара толғауында: Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын дөлелдейді. Жырдағы Сары Баянның ағасы.
Шоқан Уәлихановтың "Исторические предания о Батырах XVIII века" атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлұматтар бар. Мүнда да Баянның ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады.
Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бүл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады.
Шоқанның айтуынша, Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы согысқан. Осындай бір жорықта Сары мен Баян қаза болады. " Халық аузында қос батырдың аттары біріктіріліп, Сары-Баян деп қосақталып айтыла да береді", — деп жазды Шоқан.
Абылай хан "үш жүздің батырларының ішінде кімдерді ерекше бағалайсыз", — деген сұраққа екі батырды ерекше атайды. "Бәсентиін Малайсары батыр байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен, ержүректілігімен ерекшеленеді", — деп жауап берген екен. Шоқанның бұл мөліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім, айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз. Абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп, қалмақ ханы Қалдан Серен: "Қалмақтар мен қазақтар ағайынды болған. Біз сіздерге ақ үйлі аманат пен қымбат тартулар жасаймыз. Бейбіт болайық,— деп ұсыныс жасайды. Абылай батырларын жинап кеңес қүрады. Хан: "Ақ үйі аманатын алайық, оларды сендірейік, одан кейін шабуыл жасайық", — дейді. Сол кезде Баян: "Сіз ақ үйлі аманатын алмаңыз, қалмақтарды алдаймын деп ойламаңыз. Ұса менен Серен жоғары және төмен Қытайды да алдаған, сені де алдайды", — дейді. Хан өз сөзінен қайтпайды. Қазақтар екі күн қалмақтарды тосады. Ақ үйлі аманаты да, басқа сыйлықтар да жоқ.
Шолғыншылар екі күн бұрын қалмақ қолының жасырын кетіп қалғанын хабарлайды. Баян мың адамдық жасақпен қалмақтарды қуып, Қытай жеріне кіреді. Бірақ қалмақ қолын толық талқандай алмай, қайтуға мәжбүр болады. Қайтар жолда қалмақтардың улаған суынан ұшынып ауырған Баян және оның жауынгерлері қаза болады. Бүл деректі де Шоқан айтқан.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махабат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.
Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды. [2]

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 902 | Загрузок: 72 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]