Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Қазақ тілі ережесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.02.2014, 16:53
   Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып  жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
   Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
  Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция). 
 Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.
 Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады,өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн.
 Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті,сөзі,мінезі, келбеті қатысып баяндалады;оқиға болған күннің реті,жер жағдайы аталады.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:
1.Эмоционалдық, бейнелі,эксрессивті сөздер мол қатысады.
2.Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.
3.Шығарма тартымды болу үшін синоним сөзднр, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады.
4.Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.   
  Іс қағаздар дегеніміз-жеке адамның, ұжымның,фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.
Іс қағаздарының мынадай түрлері бар:
1.Әр түрлі мазмұндағы арыздар.
2.Өмірбаян .
3.Анықтама, түсінікхат,ақпар, есеп, хабарлау т.б.
4.Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т.б.
5.Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат – хаттама.
6.Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, мінездеме, ұсыныс т.б.
Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады:
1.Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы).
2.Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың),мекеме басшысының аты-жөні.
3.Қатынас қағазының мазмұны.
4.Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.
Қатынас қағаздың композициясына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады.Әр реквизиттің жазылуына, пунктуациясына қойылатын талаптар бар.Ол талаптар мемлекеттік нұсқауларда айтылған.
  Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері:
1.Мәтін өте жинақы құрылады.
2.Сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді.
3.Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады.
4.Экспрессивті сөздер қатыспайды.
5.Мәтін баяндау ретінде келеді.
Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі.Іс қағазының мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі.Бірден онға дейінгі сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс.
  Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады.Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады.Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады.Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а)экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә)тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б)толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в)тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
  Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар:
1)ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
2)ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
3)осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
  Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған.Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып  түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.
  Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. 
  Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды.Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші.Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады. 
  Көп нүкте  аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады. 
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем  құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 1903 | Загрузок: 94 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]