Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Қазақ өнері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.02.2014, 16:47
Қазақ өнері

     Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. "Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. 

Дiни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетiнiң соңғы кезеңiне саналатын Беғазы-Дәндiбай мәдениетi тұсында (б.з.б. 9 — 8 ғ-лар) көне өнер түрлерi жаңа үлгiлермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелiлер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi мен сән өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу салалары дамыды. Ертiс, Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Есiк, Түрген, Iле өзендерi және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегiндегi обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелi тайпалар өнерiнiң даму кезеңiн көрсетедi. Скифтердiң аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстiртiне қарағанда қазақ жерiнде бұрын дамығанын дәлелдейдi. 1970 ж. Алматы обл. Есiк қ. маңынан табылған алтын бұйымдар ("Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелерi) да — б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда қазақ жерiн мекендеген тайпалардың өнер үлгiлерi. 

    Ежелгi зергерлiк өнерi бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсiндерде, кейiннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуiрiнде бұл әдiс көп тарамаған. Үйсiн зергерлiк өнерiнде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсiлдерi басым пайдаланылды. 6 — 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi негiзiнде байырғы түрiк өнерi дамыды. Бейнелеу өнерiнiң кейбiр салаларының аттары қалыптасты. Қолөнерiне маманданған шеберлер (зергер, бәдiзшi, сәулетшi, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттiк жағынан байи түстi. Жұмырлап жасалған тас мүсiндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелерi, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендедi. Байырғы түрiк өнерi кезеңiнен бастап қазақ жерiнде мүсiн өнерi кең етек алды. Мүсiндер Торғай өз. мен Ұлытау төңiрегiнен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейiн, Оңт. Қазақстанда Қаратаудың екi жақ етегiнде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсiндер Түрiк қағандығы (6 — 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 — 13 ғ-лар) кезiндегi мүсiн тастар болып екi топқа бөлiнедi. Көпшiлiгi адам бейнесiнiң нобайын ғана көрсететiн дөрекiлеу түрде жасалғанымен, iшiнара бет әлпетi мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсiндер де кездеседi. 16 — 18 ғ-ларда тас мүсiн қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. 

    Байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерiнде кiлемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 — 7 ғ-ларда көп тараған қазiргi қазақ кiлемiнiң үлгiлерi қалыптасты. Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда 8 — 12 ғ-ларда өнердiң көптеген салалары (көзешiлiк, бедерлеу, көздеу) өркендедi. Осы заманның киiз үй түрiндегi қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлi түстi бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түрiндегi үлкен әрi анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген терiден, металдан жасалған бұйымдар — өркендеген өнердiң дәлелi. Архит. құрылыстардың сыртқы қабырғалары, iшкi еңселерi мен күмбездерi ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделiп отырды. Азия мен Еуропадағы күмбездi архит. құрылыстар секiлдi қазақтың киiз үйi ежелгi замандардан қазiрге дейiн халық қол өнерiнiң үздiк үлгiлерiн жинақтаған қазына iспеттi. Киiз үйдiң iшi мен сырты, бау-басқұры секiлдi жиһаздық заттары тартымды әрi биязы ою-өрнекпен әсемделдi. Сәндiк, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кiлем, кебеже, т.б. қолөнерi бұйымдары киiз үй iшiн безендiруде басты орын алады. Алтын зер және жiбек жiптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнерi, ағаш пен сүйектi жымдастыру арқылы көркемдеу, терi ұқсату, зергерлiк өнерi де күштi дамыған (қ. Қазақ қол өнерi). 19 ғ-да Қазақстанда болған орыс суретшiлерiнiң (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмiрге келдi. 1847 — 57 ж. қазақ жерiне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмiрiнiң көрiнiстерiне құрылған сериялы суреттерiнде жергiлiктi халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледi. Ағартушы ғалым, әрi қазақтың тұңғыш суретшiсi Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттерi мен суреттерi ("Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды. 

    Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негiзiнен пентатоник. белгiлерi басым жетi тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негiзделдi. Эпостық жырлар речитативтi әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшелiктерiне қарай муз. шығармалардың әуендiк сипаты түрлiше әрi әншiлiк, күйшiлiк, орындаушылық дәстүрiнде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдiң түрлерi: домбыра немесе қобыздың сүйемелiмен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. "жар-жар”, "сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердiң қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпiр, жын-шайтан, перi, т.б.), бақсылардың емдiк әндерi, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндерi, тұрмыс-салт әндерi, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жiктеледi. Аспаптық муз. үзiндiлерiнде соғыс көрiнiстерi, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тiлiмен бейнелендi. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлi қызмет атқарды. Әсiресе бөбектер ойынын бейнелейтiн музыка өзiнiң ықшам, қысқа, бiр ырғақты, шағын көлемдi, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй iшiнде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердiң әуендiк диапазонының кеңдiгi, мәнерiнiң әртүрлiлiгi, ырғақтық құрылысының күрделi болуы орындаушыдан үлкен шеберлiктi талап еттi. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердiң өшпейтiн классик. шығармаларын тудырған дарынды күйшi-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 — 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгiлерiн ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 — 950), 15 ғ-да өмiр сүрген Қазтуған мен Асан қайғы — қазақтың өткендегi дамыған муз. мәдениетiнiң дүлдүл өкiлдерi; 

    Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi "Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн "Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған "Аю биi”, "Насыбайшы”, "Ортеке”, "Қаражорға”, "Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткiзу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсiп, көрермендерге өздерiнiң бишiлiк шеберлiгiн көрсететiн болған. Қазақтарда өзбек, тәжiк және басқа мұсылман дiнiн ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жiгiттiң қосылып билейтiн жұп билерi ("Қоян-бүркiт”) кездеседi. Бишiлiк өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлерi болды. Олар сарайда және көпшiлiк алдында өнер көрсететiн сайқымазақ-қуақы ретiнде танылды. Қазақтың халық билерiнiң канондық түрi болған жоқ. Би өнерi импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көрiнiстермен ұштастырылды. Бұл ерекшелiктер "Ұтыс” және "Сылқыма” билерiнен көрiнедi. Ат үстiнде билеу өнерiнiң де өзiндiк ерекшелiктерi болды. Ерттеулi аттың үстiнде тұрып билеу, атты өзiнiң ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсiби бишiнiң ғана қолынан келетiн; қ. Қазақ биi. 

    Ұлттық театр өнерiнiң белгiлерi халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдiк, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шiлдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кiмдi қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнерiне, ақындар айтысы мен шешендiк өнерге саяды. Қазақ театр өнерiнiң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсiби театрларының ашылуы ықпал жасады; 

    Қазақ киносы Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. "Культкино” студиясы жасаған "ҚАССР-нiң 1 жылдық мерекесi” атты тұңғыш деректi фильм шықты (қ. Кино). Киноның негiзгi түрлерi: көркем фильм, ғылыми-көпшiлiк кино, деректi кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бiр саласы, фильмнiң әдеби, көркемдiк негiзi болып табылатын — кинодраматургия, кино өнерiнiң жанры, бейнелеу құралдарының бiрi — киномузыка және тұтастай кино өнерi мен оның ерекшелiктерiн, түрлерiн және жанрларын зерттейтiн ғылым саласы — кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды. 

Соның ішінде, «Айналайын», реж.Б.Қалымбетов. "Созақтан шыққан Гамлет», реж. С.Нарымбетов. "Қиян" (Соңғы аялдама), «Жүгіретін нысана», реж. Т.Теменов. «Воздушный поцелуй», реж. А.Қарпықов. «Отырардың күйреуі», реж. А.Әміркулов. «Қайрат», реж. Д.Өмірбаев. «Разлучница», реж. А.Қарақұлов. «Сұржекей-өлім періштесі», реж. Д.Манабай. «Розаның анасы», реж. А.Чатаева. «Сұр үшбұрыштағы орын», реж. Е.Шынарбаев. «Түсінде түс көру», реж. С.Апрымов. «Махаббат бекеті», реж. Т.Теменов. «Голубиный звонарь», реж. А.Қарақұлов. «Аккордеонист баланың өмірбаяны», реж. С.Нарымбетов. «Әлсіз жүрек», реж. Е.Шынарбаев. «Абай», реж. А.Әміркұлов. «Кардиограмма», реж. Д.Өмірбаев, «Соңғы каникулдар», реж. А.Қарақулов. «Тот, кто нежнее», реж. А.Карпыков. «Шанхай», реж. А.Баранов. «Жамбылдың жастық шағы», реж. К.Қасымбеков. «Ақсуат», реж.С.Апрымов. «Омпа», реж. С.Нарымбетов. «1997», реж. А.Әмірқұлов. «Фара», реж. А.Карпыков. «Сыйқырлы демеуші», реж. А.Сулеева. «Өлімнен кейінгі үкім», реж. Т. Теменов «Поездка к матери», реж. Д.Өмірбаев. «Кішкене адамдар», реж. Н. Төребаев. «Таза қазақша оқиға», реж. Д.Манабай. «Десант», реж. Л.Аранышева. «Үш ағайынды», реж. С. Апрымов (2000), «Жылама», реж. А.Қарақұлов (2002), «Кызжылаган», реж. С.Нарымбетов (2003), «Саған күшік керек пе?», реж. К.Қасымбеков (2003), «Шиzа», реж. Г.Омарова (2004), «Мылқау салқындық», реж. С. Өтепбергенов (2004) "Каладан келген кыз», реж.Р.Абдрашев (2004), «Құрақ көрпе», реж.Р.Абдрашев. «Шұға», реж. Д.Өмірбаев. «Шиебөрі», реж.С.Өтепбергенов. «Стриж», реж.А.Кульбаев. «Ангелочек», сериал, реж. Р.Альпиев, Э.Гильман. «Ұлжан», реж. Ф.Шлендорф. «Аңшы», реж. С.Апрымов (2004), «Сардар», реж. Б.Қалымбетов (2004), «Тұзды көлдің жағасындағы үй", реж. А.Әшімов(2004), «Дала эквсперсі», реж. А.Айтуаров, С. Нарымбетов (2005), «Көшпенді», реж. Т.Теменов, С.Бодров (2006), «Кек», реж. Д.Манабай (2006), «Ночной блюз», реж. А.Чатаева. "Күнә", реж. Б.Шәріп. "Жаралы сезім" реж. Е. Рақышев. «Трасса», реж. С.Құрманбеков. «Арман қуған», реж. М.Карбозов. «Дүниежарық», реж. Ж.Жетіруов. «Ауылым әнiм», реж. С.Құрманбеков. "Мұстафа", реж. С.Нарымбетов. "Саяхат», реж. Г.Омарова. «Хош бол, Гүлсары», реж. А.Әмиркулов. «Қасқырдың уақыты», реж. Р.Альпиев. «Әкем екеуміз», реж. С.Данияр "Келін», реж. Е.Тұрсынов т.б. 

Көптеген халықаралық жүлде алған қазақстандық фильмдердің ішіндегі аса жоғары орын алғандары: 1. «Бегущая мишень», реж. Т.Теменов - г.Турин, Италиядағы ХКФ, Әділқазылардың арнайы жүлдесі. 2. «Отырардың күйреуі», реж. А.Әмірқұлов - Монреаль, Канадада өткен ХКФ, ФИПРЕССИ (Кинопрессаның халықаралық ассоциациясы) жүлдесі. 3. «Разлучница», реж. А.Қарақұлов - 17-ый Мәскеу ХКФ, ФИПРЕССИ жүлдесі, 1992. 4. «Қайрат», реж. Д.Өмірбаев - Локарно, Швейцариядағы ХКФ, «Күміс леопард» жүлдесі және ФИПРЕССИ жүлдесі, 1993. 5. «Сұр үшбұрыштағы орын», реж. Е.Шынарбаев - Локарно, Швейцариядағы ХКФ, «Алтын леопард» жүлдесі. 6. «Соңғы салқындықтар», реж. Б.Қалымбетов, Б.Ысқақов - Турин, Италиядағы ХКФ Үздік режисура үшін және ФИПРЕССИ жүлделері, 1994 7. «Стрейнджер», реж. Т.Сүлейменов -Братислава, Словакиядағы ХКФ, Гран-при жүлдесі, 8. «Голубиный звонарь», реж. А.Қарақұлов - Таормин, Италиядағы ХКФ-дің Гран-при жүлдесі, 9. «Әлсіз жүрек», реж. Е.Шынарбаев - Сан-Себастьян, Италиядағы ХКФ, Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 1995, 10. «Кардиограмма», реж. Д.Өмірбаев - Венеция, Италиядағы ХКФ, «Үш құрылықтың» фестивалі, Нант, Франция, ЮНЕСКО жүлдесі, Әділқазылардың арнайы жүлдесі. 

11. «Жас аккордеонисттің өмірі», реж.С.Нарымбетов - Берлин ХКФ, Германия, Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 1996 12. Осы фильм, реж. С.Нарымбетов - Париж, Франция, француз киноөнері академиясының Жоржа мен Руты Садуль атындағы жүлдесі, 13. «Соңғы каникулдар», реж. А.Қарақұлов - Токио ХКФ, Жапония, фестиваль жүлдесі, 14. Осы фильм - Роттердам ХКФ, Нидерланды (Голландия), Гран-при жүлдесі, 1998 15. «Киллер», реж. Д.Өмірбаев - Канн ХКФ, Франция, «Ерекше көзқарас» жүлдесі, 2002. 15. «Жылама», реж. А.Қарақұлов - «Киношок», Анапа ХКФ, Ресей, "Үздік режисура" жүлдесі және "Үздің көркемдік шешім жүлдесі", 2003, 16. «Құйыршык», реж. А.Хайдар - Могилев анимациялық фильдер фестивалі (Беларусь) Белорус кинематографистер одағының "Ең үздік ұлттық сипаттағы фильмдерге арналған" жүлдесі, 2004. 17. «Аңшы», реж. С.Апрымов - Локарно ХКФ, Швейцария, Junior Jury Award NETPAC Award - CICAE Award (ARTE) халықаралық Әділқазылардың 3-ші жүлдесі және "Үздік режисура үшін" жүлдесі. 18. «Остров возрождения», реж. Р.Абдрашев - "Киношок», Анапа ХКФ, "Үздік толықметражды фильм үшін" жүлдесі, 19. «Мылқау салқындық», реж. С.Өтепбергенов «Киношок», Анапа ХКФ, "Үздік қысқа метражды филь үшін" жүлдесі. 

20. «Шиза», реж. Г.Омарова - Канн ХКФ, "Ерекше көзқарас" жүлдесі, 21. Осы фильм - Токио ХКФ және Сочи («Кинотавр») ХКФ, "Үздік ер актер ролі үшін" жүлдесі (актер Олжас Нусіппаев), 22. «Саған күшік керек пе?», реж. К.Қасымбеков - «Кинотаврик», Сочи (балалар фильмі фестивалі), «Ең мейірімді фильм» жүлдесі, 2005. 23. «Остров возрождения», реж. Р.Абдрашев - Висбаден ХКФ, Германия, ФИПРЕССИ жүлдесі, 24. «Аңшы», реж.С.Апрымов - «НИКА» жүлдесі (Ресей), 2006, 25. «Дала экспресі», реж. А.Айтуаров - С.Нарымбетов, Везуль ХКФ, Франция, "Көрермендер көзайымы" жүлдесі 26. «Дуниежарық», Ж.Жетіруов - Турин ХКФ, Италия, ФИПРЕССИ жүлдесі. 27. Осы фильм - "Қола тайга" жүлдесі (Ресей ХКФ), 28. «Кек», Д.Манабай - «Золотой витязь», Кисловодск ХКФ, Ресей, «Қола Витязь» жүлдесі. 

29. «Дуниежарык», Ж.Жетіруов - «Восток-Запад» ХКФ, Баку, «Көреременге адамгершілік жолдауы үшін» жүлдесі, 30. «Ангелочек», реж.Р.Альпиев, Э.Гильман - "Үздік Жас актер үшін" жүлдесі (Темірлан Жанботаев). 31. «Құрак көрпе», Р.Абдрашев - "Киношок», Анапа, "Үздік сценарий үшін" жүлдесі, 32. «Дуниежарық», Ж.Жетіруов - Мәскеуде өткен балалар-жасөспірімдер фильмдерінің ХКФ, Гран-при жүлдесі және Нұржұман Ықтымбаев «Үздік актер ролі үшін» жүлдесі, 33. «Ангелочек», реж.Р.Альпиев, Э.Гильман - 10-шы Евразиялық телефорум, Мәскеу, Гран-при жүлдесі. 34. «Шұға», реж. Д.Өмірбаев - "Үш Құрылықтың фестивалі". Нант ХКФ (Франция), Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 2008. 35. «Стриж», реж. А.Кульбаев - Сингапур ХКФ, "Үздік актриса үшін» жүлдесі т.б. көптеген фильмдерді атауға болар еді.

    Қазақ цирк өнерi көшпендi тiршiлiктiң ыңғайымен бiте қайнаса дүниеге келдi. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен бiлдiрiп, түрлi дене қимылдарымен жұртты күлдiру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзiл-ажуа сөздермен көпшiлiктiң көңiлiн көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерiнiң алғашқы нышандары көрiнiс бердi.                                            

 Қаз.энциклоп. 5 том


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 748 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]