Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2014, 16:14

Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері 

 

Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін құбылыс. Мақал-мәтелдер - халық даналығының айнасы, оларды тудырған  халықтық тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің нәтижесі болып келеді. Олардың бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқы-қысқа нақыл сөзге айналып тілде сақталып қалады. Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан сөйлеген сөзде оны  пайдалана білу керек-ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал » деп, атам қазақ бекер айтпаса керек. 
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басыңа», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» қара сөзінде: «Ағайынның азары блоса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Сонымен қатар, Мақал- мәтелдер  М.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, Б.Адамбаев,  Б.Абдуллина, А.Сабыр,  Р.Сәрсенбаев еңбектерінде әр қырынан қарастырылған. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады»,─ деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады. Мақал-мәтелді өз кезегінде зерттеп, ерінбей ұзақ жинаған тұлғалардың бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар мен түрлі жинақтар ішінен іздеп табу, саралау арқылы қағазға түсіру керектігі аян. МәшҺүр-Жүсіп жазбаларында сақталған мақал-мәтелдер тақырыптарының көп түрлілігімен де құнды. МәшҺүр-Жүсіп жинаған мақал-мәтелдерді төмендегіше топтастырып көрсеткен: Өнер-білім туралы; Ынтымақ-бірлік жайында; Адамгершілік-сыйластық жайында; Адамның мінез-құлқы жайында; Денсаулық турасында; Ел мен жер жайлы; Еңбек туралы; Озбырлық-жауыздық жөнінде; Әділдік жайында; Барлық пен жоқтық турасында; Семья, қоғам хақында; Мәселен 1) Өнер-білім, ақыл туралы мақал-мәтелдерді сараптасақ: Ақыл − білім азығы, білім − ырыс қазығы; Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады; Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады; Өнер алды – қызыл тіл; Өнерді үйрен де, жирен;
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Қазақ жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз).  Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен «Қазақ Жұмбақтары» жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыровтар жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 3342 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]