Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Астана қаласы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.02.2014, 17:43
Астана қаласы 

                              Жалпы шолу

    Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді. 
 
    Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады.  «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен. 
 
    Қаланы қоқыс пен кірден тазартып алған соң, әсем табиғат аясында демалудың өзі қандай ғанибет! Сәулетшілер мен экологтардың мақсаты – Астананы жасыл оазиске айналдыру. Бұл бағыттағы бастапқы қадамдар жасалып та үлгерді. 6 саябақ, 20 шақты гүлбақ (сквер) пен қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы сулы-көгалды булварь – соңғы жылдардың жемісі деп мақтануға тұрарлық. Бұл күндері Есіл өзенінің жағасында Президенттік саябақтың, Ақбұлақ жылғасының жағасындағы, Сарыарқа көшесіндегі жасыл аймақтардың  құрылысы аяқталуға жақын. Осынау атқарылған шаралар ғажайып жоспардың кішкентай бөлігі ғана болса керек, ал, қалғанының іске асуы үшін тағы бір онжылдықтың өзі аздық ететін секілді. 
 
    Сәулеттік туындылармен қаланы көркейтіп келе жатқан құрылысшылардан «жасыл» әлем орнатушылар да қалыспайды. Астананың қазіргі заманға сай өркендеуі үшін, қаланың саябақтары мен гүлбақтарын ең озық үлгіде жасандырып, сәндеуге  ландшафты сәулеткерлер кірісті. Сән әлемінің отаны саналатын ұлы Париж үлгісімен алдағы уақытта Ақбұлақ өзенінің жағасында «Арай» саябағы бой көтереді. Оның өзгелерден ерекшелігі ағаштардың барлығы симметриялы орналасады. Ал, орталық стадион алдынан гүл-кілемдер төселген алаңқайда «Олимпиядалық шар» пайда болады.
 
    Уақыт қалай тез өтетінін кейде аңғармай да қаласың. Өткен жылы ғана ашылып, қала жастарын қуантқан сол жағалаудағы «Ғашықтар саябағының» жасыл өркендері бүгінде желек жая бастады. Енді бір-екі жылда кәдімгідей бой түзеп, махаббат пен сырлы сезім шертер ғашықтардың әнін бірге салатын да болады.   Ал «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесі дайындаған «Жақұтты дөңгелек» жобасы тіпті таңқаларлық. Бұл 75 мың гектар алқапты алатын, Астана қаласын сыртқы қапталдан дөңгеленте орайтын жобаның жартысына жуығы дайын көрінеді. Шамамен 2-3 миллиард теңге жұмсалатын жасыл белдеудің пайдалануға берілетін уақыты 2015 жылдың аяғы деп белгіленіп отыр. Теңдесі жоқ жасыл белдеуге қазіргі күні 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылып жатыр. Сар далаға «жасыл оазисті» орнату оңай шаруа емес. Қазіргі кезде ғалымдар осы өлкенің топырақтық картасын дайындап, тәжірибелер жүргізуде. Экологтар бұл жерге тек жергілікті  жердің табиғатына бейім, бұрыннан өсіп келе жатқан ғана ағаш сорттарын, әрі өскіндерді тамыр жүйесімен отырғызуды ұсынады. Табиғатты қорғау мәселесі бұдан былай  қатаң жолға қойылмақ. 
 
    Ендігі жерде әрбір заң бұзушылар еңбегімен өтем немесе ақшалай айыппұл төлеуге міндетті.  Тек қана өткен жылдың сәуір айында Астананың Сарыарқа ауданының инспекторлары көліктерін белгіленбеген орында жуғаны үшін автокөлік иелеріне жалпы сомасы 398,6 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Құрылыс қоқыстарын көрсетілмеген орындарға төккені үшін 280,1 мың теңге, ал қоқыстарды жүретін жол бойына төккені үшін 262,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан былай орман кодексін бұзушылармен де қатаң заң талаптары бойынша күресу көзделген. Егер компания өндіріс қажеттіліктеріне орай  бір гектар орман ағаштарын кесетін болса, екі гектарға түгелдей ағаш отырғызып, оған 10 жыл бойына күтім жасауға міндеттеледі. Жеке тәртіп бұзушыларға да қойылатын талап осындай. Бір ағаш кестің бе, екеуін отырғыз!    
 
    Тың өлкесі саналатын бұл мекеннің «көк» құжаты  әр кез  мақтаулы. Сондықтан да астананы Ақмолаға көшіруді экологтар қызу мақұлдаған болатын. Алайда, әр нәрсенің бір қиындығы болады. «Бас қала» статусымен бірге қалаға көптеген проблемалар да келді. Ең бірінші мұнда қоршаған ортаның тазалық мәселесі қиындап кетті. Қоршаған  ортаны ластайтындар  – қазандықтар мен ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Гринпис» атты кең ауқымды бағдарламаны дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды.   Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал 2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде қалдықтардың 90 пайызы «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде  жоғары деңгейлі тазартқышы бар күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы  күл үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын операциялармен бара-бар.
 
    Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды ұсынып отыр.  Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа «қалдықтарымен» жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ, тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады.    Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады. Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3  қалдықтар көмілген.  Жыл сайын мұнда  450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен.    Ал, жаңа полигонның құрылысына байланысты жоба дайын тұр.
    
    Еліміздегі үлкен қалаларға жүргізілген мониторинг, экологиялық қолайсыз қалалардың алдыңғы қатарын Алматы мен Өскемен бастап келе жатқанын, ал, ең қолайлы, таза қалалар басында Астана мен Қостанай тұрғанын көрсетті.   Қай аймақтың болмасын, өзен-көлдерінің, ауасының тазалық деңгейлері қаланың басты көрсеткіші болып саналады. Осыдан барып, Атмосфералық ауаның ластану индексі(ААЛ5) және Су деңгейінің ластануы (СДЛ) секілді «көк» әліппенің алғашқы түсініктерін таратуға болады. 
 
    

Қазақстанның үлкен қалаларындағы атмосфера мен су деңгейлерінің ластану индексі динамикасы 
 
Қалалар атауы ААЛ5 СДЛ
2003ж. 2004 ж. 2003 ж. 2004 ж.
Астана 3,9 3,1 1,04 0,93
Алматы 11,3 15,0 3,30 1,30
Өскемен 8,9 7,0 1,18 1,90
Қостанай 3,6 3,5 0,61 0,57
 
    Астана үшін таза судың қайнар көзі саналатын,  жыл сайын 67 млн; сумен қамтитын, жобалық сыйымдылығы 410,9млн; болатын Есіл аумағындағы Вячеславск су қоймасының орны ерекше. Мұнда соңғы бес жыл көлемінде суды жинау 20 пайызға, ал тұрғындардың суды пайдалануы екі есеге артқан. Қазіргі уақытта Интернациональный және Мичурин поселкелерінде су қоршауы желілеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Талдыкөл» ағын су жинағышын  жою жұмыстары жүргізіліп, жаңа сусорғыш станциялары пайдалануға берілді.    Бұл шаралар пайдаланылатын сулардың құрамын тазартуға, балдырлы құрамалардың жиналмауына септігін тигізеді. 
 
    Бүгінгі күні қаланың негізгі тамыры саналатын Есіл өзеніне үлкен көңіл бөлініп отыр. Өзен жағасына бөгендер орнатылып,  Ақбұлақ жылғасының айналасы абаттандырылды, арнайы құрал-жабдықтармен өзеннің түбін тазарту жұмыстары басталды. 
 
    Астана қаласында бірнеше ұзақ мерзімді экологиялық жобалар бір мезетте жүзеге асырылып келеді. Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мен белсенділігін көтеру мәселесі үлкен маңызға ие. Экологтар «жалғыздың үні шықпас» деген халық даналығын бетке ұстап, қала тұрғындарын өздерін қолдауға шақырады. Бұл саладағы олардың іс-шаралар реті әр түрлі, солардың қатарына «қоқысты тастамау қағидасы» секілді кішкентай мәселелерден бастап, жалпықалалық сенбіліктерді өткізуге дейінгі әрекеттер ойластырылған. Есілдің бойында болашақтың ең таза қаласы Астана жайлы арманын өрнектеген жас суретшілердің қиялы шындыққа айналар күн де алыс емес секілді. Оған тек барлығымыздың арман-тілегіміз бен мақсат-мұратымыз бірге үндессе ғана жете аларымыз анық.  
 



                          Түтін тұмшалаған қала


   Аспанмен таласқан биік құбырлар еңбек белсенділігінің белгісі ретінде Кеңестік хроника мен қырықыншы және елуінші жылдардың кинематографиясының кадрларында ғана қалды. Енді, қоршаған ортаны қорғаушылар – экологтардың дәуірі келді. Қаланы тұмшалаған түтін адамға ой салатын да болды. Қарапайым адамның да, табиғат ананың да жай-күйін ойлап, алаңдары анық. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – адамның зәру мұқтаждығын табиғаттың онша зәру емес мұқтаждықтарымен алмастыру.  
 
    Әрбір адамға мына өмірде жарық та, жылу да аса қажеті болып табылады. Ал олардың кез-келгенін өндіру олардың өздерінің тұрып жатқан айналасын ластап, қоршаған ортасына зиян келтіретін процеспен байланысты болып келеді. Оның үстіне, бұл процестердің бәрі де үздіксіз жүреді, соған байланысты, одан бөлінетін зиянды заттар да үздіксіз бөлінеді деген сөз.    Рас, оның еңбек интенсивтілігі жыл бойына өзгеріп отырады. Бұның бәрі де ЖЭО-мен (жылу электр орталығы), оның өз кезегінде, қаланың жылу мен электр қуатын пайдалануына байланысты жұмысымен, сыртқы ауа мен аймақтық климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.    
   
    Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 «Астана-Энергия» АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған.  Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады.   Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі.   Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады.   Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді.  Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан.  
   
    Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, «Астана-Энергия» АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-1-дің қаланың эко жүйесіне әсерін азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның әсерінен, 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы көмір күлін (жану жүйесінің жақсаруы есебінен) 1077, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға, азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде, мәселен,  2006 жылы ЖЭО-1-де  батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады.  «Астана – Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2-де 2005 жылы №3 және №5 қазан қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды ауыстырды.  Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-2-дің 180 метрлік құбыры  айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып жібереді.  
 
    Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету қиын емес.  Себебі, дәл осы қондырғылар 2005 жылы ЖЭО-2-нің зиянды заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын.  2006 жылдың наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі 350,0 мг/нм3  болған. Бұл ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі қазандардан бөлінген күлден 8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің бөлінуін де азайтады.  Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін азайта алады. 
 
    ЖЭО-2 қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында, одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне байланысты болып тұр.  Жоба бойынша, ЖЭО-2-де негізгі және қосымша құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы, тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-2-ні қайта жөндеу және кеңейту  жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген.   Жобаны жүзеге асырғаннан кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкал/с көбееді. Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін азайтатын болады. 
 
    Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни, азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте,   жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Астанаға көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді.   АО «Астана-Энергия» АҚ-ы ЖЭО-2-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі шаралар жасауда. Энергетиктер азот тотығын жою жөнінде жобаларды төменгі үрлеу немесе оны жағудың үш сатылы әдістерін жүзеге асыруда.  Басқаша айтқанда, отынды жағудың үш қабатты әдісі. Мұнда жағу кезінде, азот тотығының пайда болу процесін баяулатады және атмосфераға тотығып үлгермеген, яғни, адам денсаулығына зияны жоқ азот бөлінеді. 
    
    Қысқы жұмыс кезінде, бір сағатта - 126 тонна. ЖЭО-2-де осыншама күл пайда болады. ЖЭО-2-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет.  Екібастұз тасты көмір күлі құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді. Және де бүгінде ЖЭО-2-нің күл үйінділеріне арналған аймақта тиімді құрылыс материалдар зауытының құрылыс жүргізілуде. Ол зауытта жиналған күлдің 50 пайызы пайдаланылады. Ал бұл, жылына  250 тоннаны құрайды. Пайдалы жағы - өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және күл үйінділерінің қызмет мерзімін ұзарту. 
 
    Күлді қоймалжың, яғни, «сұйық құм» күйінде жинайды. «Қойма» ретінде дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине, күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі. Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-2-де пайдалануды азайту үшін,  жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай жүйелерді сақтау – ЖЭО-2-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО-2 сағат сайын 600 шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр. 
 
    Тура осы сынды іс-шаралар, алғашында Тұзды жылғаға, одан кейін, Есілге тасталатын, құрамында майы бар, салқындататын агрегаттармен де жүргізілуде. Өңделген суды қайта пайдалану арқылы  астаналық сумен жабдықтау сорғы стансаларын іске қосып, қала тұрғындарының мұқтаждығы үшін қолданылатын таза су қорын үнемдеуге болады.   
 
    Салыстырмалы анализ арқылы, экологтар бүкіл кешеннің өте тиімді екеніне көз жеткізді. Демек, астананың тұрғындары мен қонақтары еркін демалатын болады. Яғни, бұл жағдай қалаға қажетті жылу мен электр қуатын өндіретін өндіріс көбейсе де, сол қалпында қалады. Энергетиктердің ойлап тапқан жоспарлары болашаққа арналғаны түсінікті де, демек, әлі де талай іс-шараларды қамтиды деген сөз. Яғни, ескірген жабдықтар ауыстырылып, жаңа технологиялар енгізіледі. 
 
 "Астана-Энергия” АҚ (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) бойынша өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды бөліну мониторингі
 
  2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл
1 2 3 4 5
ЖЭО-1
Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында) 102398 136983 135264 131160
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал  
42545
496725  
45019
653244  
46981
646866  
45893
597436
Зиянды заттардың бөлінуі  барлығы:
мың. тонна; 
шартты отын кг/тонн    
5,75
56,153  
7,726
56,401  
6,905
51,048  
6,192
47,209
Оның ішінде: газ күйінде, мың,  тонна 2,458 3,043 1,943 2,308
Қатты, мың, тонна 3,292 4,683 4,962 3,884
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн 70416,0 76019,0 83703,0 84689,0
ЖЭО-2
 Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында) 768107 802215 814122 806420
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал  
1412338,6
2062613  
1436361,9
2248495  
1442553,0
2243933  
144329
2380894
Зиянды заттардың бөлінуі  барлығы:
мың. тонна; 
шартты отын кг/тонн    
 
35,194
45,819  
 
34,434
42,924  
 
33,844
41,572  
 
33,695
41,629
Оның ішінде: газ күйінде, мың,  тонна 19,351 19,608 18,801 20,006
Қатты, мың, тонна 15,843 14,826 15,043 13,689
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн 546892,0 565324,0 563486,0 558249,0
 
 














                              Ағынды сулар


Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады.  Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан «Талдыкөл» атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр.  
     
    «Талдыкөл» жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136 мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да, амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады, сонымен қатар, масаның көбеюі мүмкін деген қауесет сөз тарап кетті. Тұрғын санының көбеюі мен жаппай құрылыстың жүргізілуінен, бұл жалпы қалалық мәселеге  айналды.      


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 705 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]