Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Алексей Павлович Чурилин


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 00:39
Алексей Павлович Чурилин (26.12.1917, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы - 1982, Ресей, Новороссийск қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, майор, эскадрилья командирі. Орыс. 1942 жылы Әскери-авиациялық училищені бітіргеннен кейін З-Украина майданы 17-әуе армиясы 288-жойғыш авиациялық дивизия 611- полктің құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қаңтар айында Чурилин Краснодар қаласы үстінде барлау мақсатымен ұшу сапарына шықты. Штурмдық тобымен жаудың 10 ұшағын атып түсірді. 1943 жылы мамырда Миус өзеніндегі жау өткелін жойып, Венгрияны азат етудегі ұрыстарда Чурилин өз ұшағының зеңбірегі мен пулеметінен жаудың қару-жарақ тиелген 24 автокөлігін және 21 ұшағын жойды. Соғыс жылдары 273 әскери тапсырманы орындады. 83 әуе ұрысына қатысып, жеке өзі 12 «Мессершмитті», 2 «Фокке-Вульфті», 3 «Юнкерсті» атып құлатты. Чурилинге ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (18.8. 1945). 1972 жылы полк, шенінде запасқа шықты. Ленин, 2 Қызыл Ту, Александр Невский, «Қызыл Жүлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 393 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]