Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

Адамның шығу тегі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (41.5Kb) ] 11.12.2013, 22:30

Адамның шығу тегі

 

Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының көптеген белгілерінің ұқсастығы көп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, өзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге көп елдердің адамдары көне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар.

Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық көзқарастар көне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға өрмелеуден жер бетімен жүруге көшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.

Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің "Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды. Ұлы ағылшын ғалымының бұл еңбегі "Түрлердің шығу тегі" атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының өнімі ретінде қарастыратын көзқарасқа қатты соққы болды. Ал Адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын одан кейінгі уақытта тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.

Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға көшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) – айналысады. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын қарастырайық.

2.Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.

Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық өкілдеріне тән белгілерді көруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бөлігінде орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Төрт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын көрсетеді.

Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі, қағанақты жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол-аяқтары (бірінші бармақ қалғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар, сүт бездер емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез процесінде сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана төлдің (баланың) туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды.

 

Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері – омыртқа жотасындағы құйрық бөлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми сыңарларында иірімдердің көп болуы, қанның негізгі төрт тобы (А,В,О, АВ), мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер – адамды адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді, олар адам омыртқалалардың ұзақ эволюциялық нәтижесі екендігін көрсетеді. Адам ұрығында эмбриональдық даму кезеңіндегі екі камералы жүрек, желбезек доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы – балық тәрізді ата-тектерінің белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.

Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу реттелуінің әлсіз болуы адамның дене температурасы тұрақсыз жануарлардан шыққандығын көрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой эрасының төменгі сатыдағы сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.

Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар омыртқа жотасының құйрық бөлімі дамиды, бұл бөлім одан кейінгі уақытта редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының және эмбриональдық дамуының негізгі белгілері Саналы адам түрінің Сүтқоректілер класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар отряд тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам тек өзіне ғана тән ерекшшеліктерге ие: тік жүру, төменгі аяқ-қолдар (аяқтар)бұлшық еттерінің күшті жетілуі, бірінші бармағы мықты дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы қолдың басы, төрт жерден иілген омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, өте үлкен көлемді ми, ми сауытының ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы көз, өсімталдық (ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы, 180оС-қа дейін қозғалысты жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы мен физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар ата-тектерінің эволюциялық нәтижесі.

3.Приматтар эволюциясы. Қағанақты сүтқоректілер мезозой эрасының ең соңында пайда болды. Қарапайым насеком қоректі сүтқоректілерден кайназой эрасында приматтар отряды бөлініп шықты. Палеоген дәуірінің ормандарында лемурлар мен ұзын өкшелілер – құйрықтары бар кішкене жануарлар мекендеген. Жуық шамамен 30 млн жыл бұрын ағаштың үстінде тіршілік етіп, өсімдіктер мен насекомдармен қоректенген кішкене жануарлар пайда болған. Олардың жақ сүйектері мен тістері адам тәрізді маймылдардікіндей болды. Олардан гиббондар, орангутандар және одан кейінгі уақытта жойылып кеткен ағаш маймылдары – дриопитектер тарады. Дриопитектер үш тармақ береді, олар шимпанзенің, горилланың және адамның пайда болуына алып келді.

 

Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан шығуы, оның құрылысының ерекшеліктерін алдын ала анықтады, ал бұл өз ретінде оның еңбекке қабілеттігі мен одан кейінгі әлеуметтік эволюциясының анатомиялық негізі болды. Ағаш бұтақтарында мекендейтін, ұстайтын қолдары арқылы өрмелейтін және секіретін жануарлар үшін мүшелердің тиісті құрылысы қажет: қол басының бірінші бармағы қалғандарына қарсы етіп орналастырылған, 180оС-қа дейін қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін иық буынын дамиды. Көкірек қуысы кеңейеді және арқа қуысы мен құрсақ бағытында жазықтанып дамыды. Атап өтетін жағдай құрлық жануарларының көкірек қуысы бүйір жақтарынан жазықтанған, олардың аяқ-қолдары тек алдыңғы және артқы бағытта қозғалады, ал жанына қарай өте аз қозғалады. Бұғана сүйегі тек приматтар мен қолқанаттыларда (жарқанаттарда) сақталған, бірақ тез жүгіретін құрлық жануарларында дамымайды.

Ағаштардың үстінде алуан түрлі бағыттарда өзгермелі жылдамдықпен, үнемі қайталанып ара қашықтыққа қозғалу, секірердің алдында өзін-өзі жаңадан бағдарлауы және жаңа нысанаға қарай қозғалуы бас миының қимыл бөлімдерінің өте жоғары дамуына алып келді. Сонымен қатар ағаш үстіндегі тіршілік өсімталдықтың шектелуіне себепші болды. Ұрпақ санының азаюы, оларға деген қамқорлықпен компенсацияланды, ал топтасып тіршілік ету жауларынан қорғануды қамтамасыз етті.

Палеогеннің еікінші жартысында басталған тау түзілу процестеріне байланысты климат салқындай бастады.

Тропикалық пен субтропикалық ормандар оңтүстікке қарай шегінді, кең-байтақ ашық кеңістіктер пайда болды. Палеогеннің соңында Скандинавия тауларының мұз айдындары сырғып, оңтүстікке қарай ішкерілеп ене бастады. Экваторға қарай тропикалық ормандармен бірге шегінбей қалып қойған, жер бетінде тіршілік етуге көшкен маймылдар ортаның қатаң жағдайларына бейімделуге, тіршілік үшін ауыр күресті жүргізуге мәжбүр болды.

Жыртқыштар алдында қорғансыз, тез жүгіре алмайтын, сондықтан жемтігіне де жете алмайтын және жануарларынан қашып құтыла алмайтын, дене жылуын сақтауға көмектесетін жүні болмаған маймылдар тек үйір-үйір болып тіршілік етіп және қозғалыстан босаған қолдарды тиімді пайдалану арқылы ғана тіршілігін сақтай алды. Маймылдан адамға өтудегі шешуші қадам тік жүру болды. 10-12 млн жыл бұрын мекендеген маймылдардың бір тобы адамға келіп тірелетін бір тармақ берді.

Оңтүстік Африкадан табылған қазба қалдықтары дәлел болатын бұл жануарлар австралопитектер деп аталды, олар топтасып тіршілік етеді, денелерінің салмағы 20-50кг, ал бойлары 120-150 см құрады. Олар денені тік ұстап, екі аяқпен жүрді. Маймылдардікіне қарағанда олардың тістер жүйесі адамдыкіне көбірек ұқсады. Ми салмағы 550 грамды құрады, қолдары жүруге қатыспай бос күйде болды.

 

Қорғану және қорегін табу үшін австралопитектер тастарды, жануарлар сүйектерін пайдаланды, яғни жақсы қимыл координациясына ие болды.

Жуық шамамен 2-3 млн жыл бұрын австралопитектермен салыстырғанда

адамға жақынырақ тіршілік иелері өмір сүрді. Олардың ми салмағы 650грамға дейін жетеді, құралдарды жасау мақсатында ұсақ жұмыр тасты өңдей алды. Бұл адам тәрізді маймылдар Епті адам деген атауға ие болды. Австралопитектердің эволюциясы тік жүрудің, еңбекке деген қабілеттіліктің прогрессивті дамуы мен бас миының күшті жетілуі бағытында жүрді. Шамасы осы уақыттан бастап адамдар отты пайдалана бастаған. Табиғи сұрыпталу тайпалық тіршіліктің дамуына қолайлы белгілерді сақтады, бұл өз ретінде екі қолдың жетілуі мен орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етті. Міне осындай ерекшеліктердің барлығы "маймыл-адамдардың" тіршілік үшін күресте жеңіске жетуін қамтамасыз етті және 1,5-2 млн жыл бұрын Африкада, Жерорта теңізінің аумағында, Оңтүстік Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда кең таралуына алып келді. Еңбек етуге, аң аулауға және қорғану мақсатында құралдарды пайдалану, топтасып тіршілік ету мидың одан әрі дамуына және сөздің пайда болуына септігін тигізді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 14845 | Загрузок: 870 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/2
Всего комментариев: 1
1  
күшті

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]