Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (254.0Kb) ] 03.03.2014, 19:09

ӘӨК  378.02:82-1 : 801.6 Қолжазба құқығында






СУЛТАНОВА  НУРГУЛЬ  КАМИЛЬЕВНА





А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы 
педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие 
үрдісіне ендіру



13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, 
этнопедагогика








Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 
дайындаған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ


       





Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
 
Жұмыс Семей мемлекеттік педагогикалық институтында орындалды



Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Керімов Л.К.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Халитова И.Р.

педагогика ғылымдарының кандидаты
Әбілдина С.Қ.


Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті






Диссертация 2007 жылы "___” __________ сағат___ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас корпус, №1 дәрісхана.



Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. 



Автореферат "___”  _______________2007 жылы таратылды.



Біріккен диссертациялық 
кеңестің ғалым хатшысы                                                    Мәлібекова М.С.

 
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде  рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске  асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев. 
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың  бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. 
Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев,  Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов болатын. Бір пікірінде М.Әуезов былай дейді: «Қазақтың басқа ақындығымен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – Абайдың әдебиеттік мектебін жасады. Абай шәкірттері өз ұстазына әр алуан жақтарынан еліктеді». 1950 жылдары Абай мектебі тақырыбы кандидаттық диссертация болып қорғалды (жетекші – М.Әуезов, қорғаушы – Қайым Мұхаметханов). 
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың педагогикалық пікірлеріне, соның ішінде А.Құнанбаевқа ең алғаш 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы мақаласын, Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына педагогикалық талдау жасау барысында, алғашқылардың бірі болып, педагогикалық көзқарасын, сонымен қатар ақынның дінге көзқарасын философиялық-психологиялық тұрғыда зерделеген А.М.Құдиярова еңбектерін, М.Әуезовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен психологиялық көзқарастарын зерттеген А.Тайжановты, одан кейінгі кездерде Б.Р.Айтмамбетова, Б.Әбілғазиев, Г.З.Әбдрәсімова, А.Е.Дайрабаева, А.Елемесова, Қ.Ж.Жарықбаев, К.Ж. Ибраева, А.Көбесов, К.Қ.Құнантаева, А.Қартаева, З.Қабдол, Қ.Ж.Қожахметова, С.Қалиев, О.Р.Мұқажанова, Б.Майтанов, Р.Мұқажанова, А.Д.Мұханбетжанов, Ә.Нысанбаев, К.Сыздықов, Ж.Тұрсын, Г.И.Туретаева, С.Ізтілеуова, К.Шаймерденова, І.Р.Халитова т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген еңбектерін айтуға болады.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді Н.Алдабек, А.Айтбаева, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясова, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Молдаханов, А.Т. Тлеуханова, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. 
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы әлеуметтік көзқарастар туралы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында әлеуметтік педагогтарды даярлау, студенттер арасындағы әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, қазіргі кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелер жайында айтылған Н.С.Алғожаева, А.С.Елемесова, Д.Д.Кульбасова, Р.С.Қасымова, З.Қабдол, Б.И.Мұқанова К.М.Науанова, А.Тайжанов, Р.К. Төлеубекова, І.Р.Халитова, М.Хапач, т.б. еңбектеріне сүйендік.
Сонымен бірге зерттеу жұмысымызда ғұлама ойшылдар шығармаларындағы дидактикалық ойлардың психологиялық мүмкіндіктерін зерделеуде П.К.Анохин, Б.С.Блюм, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, В.П.Зинченко, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Ж.Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И.П.Павлов, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д.Б.Эльконин, В.Оконь, К.Д. Ушинский т.б. еңбектеріне сүйендік.
Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз диссертациялық жұмысымызда Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезов, олардың педагогикалық көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық. Бүгін біз олардың іс-әрекеттерін құрметпен еске аламыз. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов есімдері екі мәдениеттің Шығыс пен Батыс келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. Бұл күндері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Заман ілгері жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның алдындағы міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы кеңейіп, мәні күрделене түспек. Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған үш тұлғаның педагогикалық көзқарастарына тоқталып, оларды біріктіретін ортақ күш бар екендігін: біріншіден, олардың бәрі де қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету еді.
Қазақтың қоғамдық ой алыптары А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы идеалистік қызметтестер. Абай мені ағартушылық, ғылым жолына әкелгендер деп ағасы Халлиолланы, әжесі Зерені және орыс достарын атап кеткен, Шәкәрім өз шәкірттік ризалығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайды айтса, ал Мұхтар Әуезов атасы Әуезді және ұлы адамның «Ақ батасын» алғанын жадында мәңгі сақтап, Абай мен Шәкәрімнің педагогикалық ықпалын бағалаған. Тақырып, мазмұны жақтарынан  ұстаз  бен шәкірттердің өлеңдері, қара сөздері ұштасып  жатады. Абайдың тәлімдік, таланты Шәкәрімнің сегіз қырлысында өз көрінісін тапса, Мұхтар Әуезов осы ғасырдағы Абай мен Шәкәрім армандарын жеткізуші жарық жұлдыз. Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы, ал Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бүкіл әлемге әйгілі. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов біздің әдебиет, философия, педагогика тағы басқа салаларында көп зерттелген, солай болуы заңды да. Бірақ «А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық сабақтастық және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру» тақырыбы, шығармаларындағы сабақтастығы, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ. Осы кемеңгерлердің шығармаларындағы сабақтастық үндестігін, жас ұрпаққа берер өнегесі, ұлттық тәлім-тәрбиесі мол екендігін түбегейлі зерттеуді диссертацияның көкейкестілігі деп тұжырымдаймыз.
Біздіңше, бұл отандық педагогиканың теориясын, практикасын жаңа идея, тың пікірмен байытпақ. Осы тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының педагогикалық идеяларының сабақтастығы ғылыми педагогикалық тұрғыдан білім беру аймағында қолдану мүмкіншіліктерінің қарастырылмауы және ұлы ойшылдардың мұралары өзара байланыстық, сабақтастық негізінде қазіргі жоғарғы мектептердің педагогикалық үрдісін жетілдіру сұраныстары, жаңа білім талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтардың беті ашылды. Бұл қайшылықтарды шешу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру ” деп айқындауға жол ашты. 
Зерттеудің мақсаты: А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың сабақтастығын жүйелеп, педагогиканың үрдісіне ендіру. 
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Зерттеудің міндеттері: 
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындау;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы философиялық, педагогтық-ағартушылық, діни және гуманистік ой-жүйелеріне  талдау беріп, қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығын жүйелеу және мазмұнын құру; 
- «Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру» тақырыбында арнайы курс бағдарламасын түзіп, педагогикалық эксперименттен өткізіп, нәтижелерін қорыту, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені жасалып, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда бұл үрдіс бүгінгі тәлім-тәрбие жұмыстарының тиімділігіне септігін тигізеді, өйткені дүниетанымы қалыптасқан, педагогикалық білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жүйелі түрде енгізілгенде, оқушы-жастардың патриоттық рухы артады. 
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу мәселесіне қатысты отандық және шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, білім беру тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы рухани-идеялар оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі және сауалнама, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Зерттеудің көздері: 
- мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар және т.б.). Білім министрлігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, т.б.);
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың шығармашылық мұралары, еңбектері;
- зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;
- институтта жүргізілетін іс-шаралары: (конференция, кездесу, КВН, тәрбие жұмыстары т.б.)
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000-2003ж.ж.) тақырып анықталып, зерттеу проблемасына сәйкес философиялық, психологиялық, педагогикалық, еңбектерге талдау жасалынып, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы сабақтастығының мүмкіндіктері туралы мәліметтер алынып жинақталды. 
Екінші кезеңде (2003-2005 ж.ж) А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың шығармаларындағы педагогикалық сабақтастығына қатысты арнайы курстың бағдарламасы түзіліп, жоғары оқу орнынының оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, арнайы әдістеме бойынша педагогикалық эксперимент жұмысы жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2005-2006 ж.ж.) ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталды, ғылыми-әдістемелік қорытынды ұсынылды.
Зерттеудің базасы:
Семей мемлекеттік педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеттері.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі: 
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтары айқындалды;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-тұжырымдары талданып, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері анықталды;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы жүйеленіп, мазмұны жаңа сипатта құрылды;
- «Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру» тақырыбында арнайы курс бағдарламасы түзіліп, педагогикалық эксперименттен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. 
Зерттеудің практикалық мәнділігі: 
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығындағы ой-пікірлерін педагогика тарихында ендіруге болады;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың гуманистік көзқарастарымен, діни көзқарастарымен мектепте және жоғары оқу орындарда тәлім-тәрбиелік үрдісіне ендіру мүмкіндіктері бар;
-   жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандар үшін тақырыбында «Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру» арнайы курс бағдарламасы әзірленіп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді;
- Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады. 
 Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық сабақтастығы  ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделуі;
- Үш ғұламаның педагогикалық мұраларын және тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің сабақтастық жүйесін, жоғары оқу орны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың мазмұнына сипаттамасы;
- «Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру» тақырыбындағы арнайы курстың бағдарламасы;
- Тәжірбиелік-эксперимент жұмысын қорыту, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен  негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді. Ұсынылған әдістемені жоғары оқу орны оқытушыларының іс-тәжірибесіне енгізілумен қамтамасыз етілді. 
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының барысы халықаралық, республикалық, аймақтық көлемдегі ғылыми-практикалық конференцияларында (Семей, 2004ж., 2005ж., 2006 ж., Астана, 2005ж., Алматы, 2006ж.) талқыланды.
Зерттеуге қатысты мәселелер бойынша арнайы курс бағдарламасы, 13 мақала жарық көрді. Республикалық мерзімді баспа беттерінде («Бастауыш мектеп», «Қазақстан мекетебі», «Қазақстан орта мектебі», «Білім берудегі менеджмент» журналдарында) жарияланды. 
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші пікір, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні анықталып, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі көрсетілді.
"А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы  педагогикалық идеялардың сабақтастығы” тақырыбындағы бірінші бөлімінде үш ғұламаның шығармаларындағы педагогикалық ойларының сабақтастығы осы уақытқа дейін толық зерттелмей, оқу үрдісіне ендірілмеуі, сонымен бірге олардың педагогикалық идеялардың сабақтастығы педагогика, психология оқулықтарынан толық орын ала алмай келе жатқаны дәлелденді. Осы бөлімде, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, еңбек, отбасы, ақыл-ой тәрбиелеріне қатысты ойлары, олардың өзара сабақтастығы зерделенді. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов мұраларын зерттеу арқылы оның педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтастығы оқу-тәрбие үрдісінен алатын орны мен маңызы ашып көрсетіліп, отандық педагогика ғылымын дамытудағы мүмкіндіктері дәлелденді. 
"А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” тақырыбындағы екінші бөлімінде А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлер сараланып, білім, ғылым, оқыту теориясына қатысты талдау беріліп, оның оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырудағы алатын орны айқындалды. Сонымен бірге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға және білім беру үрдісіне ендіру қарастырылды. Осы бөлімде " Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру” тақырыбындағы арнайы курсқа сипаттама беріліп, тәжірбиелік экспериментте тексерілді.
Зерттеу жұмысының қорытындысында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойларға қатысты идеялар сабақтастығы қарастырылып, ұсыныстар берілді.


Негізгі бөлім

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.              Үш алыптың қайсысы болсын елінің бүгіні мен келешегіне қатты алаң болатыны сөзсіз еді. Олар келешек ұрпағының кісілік санатында жүруі үшін қазіргі өздеріне үстемдік тұрған жұрттың өз тілінде білім алуы қажет деп білген. 
Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялдарын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өздерінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л.Н.Толстой мен К.Д.Ушинский т.б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгендері туралы зерттеу жұмысында аталған.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді.
Зерттеуіміздің барысында философия, педагогика-психологиялық әдебиеттердегі «әлеумет», «тәрбие», «оқу», «сабақтастық», «үрдіс» ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп, мазмұнды сипаттама берілді.
Үздіксіз әлеуметтік білім беру бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы. Қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін ерік-жігерімен, шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағымына икемделе білетін, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға деп айтуға болады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 592 | Загрузок: 145 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]