Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Шешендік өнер ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (143.5Kb) ] 12.01.2015, 09:19

Тақырыбы:     Шешендік өнер.                               

Мақсаты: 
1.    Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру.

2.    Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

3.    Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:         Қазақ халқының шешен-билерінің суреттері.              Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің слайдтары.

Сабақ түрі:     Сайыс сабағы арқылы тіл ұстарту.


Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шешендік сөздер мен 
                                                                  мақал-мәтелдер сайысы.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география


Сабақтың барысы:     
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу
                ә) Әнұранмен сабақты бастау
                б) Кезекші арқылы 
оқушыларды түгелдеу 
                                       ІІ. Үйге берілген тапсырманы  сұрап тексеру.
1)    98- беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.
2)    Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін сұрау.
                                       
ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе:
 Мұғалім:
Балалар, бүгін біз сабақта шешендік өнермен таныса отырып, қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, шешендік сөздердің түрлері, шешен-билердің өмірі мен шығармашылығын біліп, үйренеміз. Сондықтан  бүгін біз сайыс сабағы арқылы өз білімдерімізді әрі қарай жетілдіріп, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыланамыз.

1. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу:
1.    – Шешендік өнер дегеніміз не?
-  Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің шығуымен,  
    қалыптасуы.
2.    – Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
 - Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда болуына   
   байланысты.
3.    – Шешендік  өнер туралы  ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?
 - Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика деп 
   атайды.
4.    – Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған?
 - Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим 
   империясынан басталған.
5.    – Оның алғашқы негізін  салушы кім болған?
 - Оның алғашқы негізін  салушы грек, софист Протагор болған.
6.    – Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз?
 - Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға  аларымыз әл-
   Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.
7.    - Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға болады?
- Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға болады.

2. Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.
Біріншіден: қазақ шешендерінің  сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да - халық.
3. Шешендік сөздердің түрлері.
 
а) Жаңа сөздермен жұмыс.
арнау – посвящение
толғау – размышление
дау-спор
сын – критика
әзіл – шутка
бата- пожелание
нақыл – изречение, назидание
мысал – басня
заттық – вещественный
рухани- духовный
әдет-обычай
құндылық – ценность
тапқырлық - находчивый

ә)                                                                                                           сәлем
                                       - бір адамға арнайы айтылған                 сын
                                                                                                          әзіл
                                                                                                          бата  

                                                                       шешендік нақыл
                        шешендік мақал
                        шешендік мысал
                        шешендік жұмбақ
                        шешендік жауап 


                                                        заттық
                                                                             
                                                        рухани             


                                   шындығы

                            тапқырлығы


б) Осы берілген сызба бойынша әнгіме құрап айтыңдар.

4. Мұғалім: Қазақ халқының атақты шешен- билерімен танысайық.
Төле би     1663 - 1756
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

Қазыбек би   1667 – 1763
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан.
Әйтеке би    1689 - 1766
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Мұғалім: Міне балалар, біз үш бидің өмірімен қысқаша танысып шықтық. Ал енді сол билер айтқан шешендік сөздерді жатқа айтайық:
1 оқушы: Төле би сөзі:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса, 
Жан мен тәннің шырағы.

2 оқушы: Қазыбек би сөзі:
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын.
Сыйлас болса – нағашың жақын.

3 оқушы: Әйтеке би сөзі:
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаса серт қиын.

5.Мұғалім: Сөз өнері, тіл мәдениеті.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал-тәсілдерді, қарым-қатынас мақсатына қолдану (теңеу, метафора, салыстыру, эпитет). Міне, егер осы талаптар болса, сөз шешендікке жалғасады.

Ұлағатты сөздер сайысы.
1.    Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз.   (Э.Ренан).
2.    .... Сөз өнері, сөз жоқ , ардың ісі.    (М.Шолохов)
3.    Адам сөзді шыңдай білген жағдайда ғана шешен болады. (Қайқауыс).
4.    Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың.      (М.Горький).
5.    Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.   (М.Әуезов).
6.    Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт  қасиетінің, салт – санасының белгісі.                
                                                                                          ( Б.Момышұлы).
IV.    6. Мұғалім: Сабақты  қорыта отырып,  сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында «Вен» диаграммасымен жұмыс жасаймыз.

     Төле би


Қазыбек би                            Әйтеке би
V.    Үйге тапсырма   1) Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша түсінік
      2) Шешен  - билердің сөздерін жаттау. 
VI.    Бағалау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1982 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]