Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Сұлтанмахмұт Торайғыров Кедей ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (91.6Kb) ] 11.01.2015, 11:13

 Күні:
 Сабақ: әдебиет
Сабақтың тақыры: С. Торайғыров « Кедей»
Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың  «Кедей» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы, өлеңнің мазмұнын ашады. Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыландырып,  тіл байлықтарын арттырып, сөздік қорын молайту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
    Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топпен жұмыс
Қолданылатын стратегиялар: Венн диаграммасы, 5 жол өлең,   кесте, тірек сызба
                                       Сабақ  барысы:

1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында...
    2. Үй тапсырмасын тексеру.
1,2,3 сандарын қайталату арқылы  топқа  бөлу
I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын  сұрау
Сұрақтар:
-Бұл әңгімеде оқиға қандай кезеңде болған?
(Ашаршылық кезеңде болған)
-    Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)
-    Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты  қиналды.Жоқшылық жандарына батады, сондықтан жылады)
  II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
 1894 ж Қостанай обл,Таран ауданында дүниеге келген.  Қазақтың көрнекті жазушысы , қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі, ақын, драматург. 1 жасқа толмай жатып әкесінен, алты ға шығарда  шешесінен  айырылған.  Жетім қалған ол  байларға жалданады.Ауыл молдасынан сауат ашып, хат  таниды.1915 ж « Садақ» қолжазба журналы шықты. Ол 1911-1915 жыл Уфадағы « Ғалия» медресесінде оқыған.  1938 жылы  жалған атмен дүниеден өтті.
III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
Қазақ халқының аштыққа  душар болуының себебі, бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат , қолайсыз ауа райының салдарынан  орын алған ашаршылық. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқының  түгелдей дерлік босып шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ  атамекенінде құрылып қалды. 
    3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест сұрақтары:


1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай  кезең суреттелген?
А. соғыс жылдары
Б.  ашаршылық  жылдары
В. жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық қай жылдары болған?
А. 1941-1945 жылдары
Б. 1936 жылы
В. 1930-1932 жылдары
3.Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А. Б.Майлин
Б. Қабанбай батыр
В.  Б.Соқпақбаев
4. Ой қозғау Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?
-Кедей..
-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?

 

 


5.  Мағынаны тану.
Автор  туралы  мәлімен

 

Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқып,  түсіндіреді.
2.Іштей оқу
Топтық жұмыс.
І топ: 1 шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады.  Осы сөздер арқылы  өлеңнің  мазмұнын ашады.
ІІ топ: 2  шумақты оқиды. Тірек сөздер жазып,  өлеңнің мазмұнын айтады.


ІІІ топ:  2  мәтінде қандай жыл мезгілдері  берілген. Тақырыпта  сәйкестік бар бар?
І шумақ тірек сөздер: күзгі түн, ызғар, құрау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т.б
ІІ шумақта: ұзақ түн, иттен басқа, жаурау,  талай жасқа  т.б
ІІІ топ: І-ші әңгімеде  қыс қатаң  кедей  өмірі 
ІІ-ші  әңгімеде күз ызғарлы ,с әйкестік  кедей
2. Тапсырма: осы  өлеңнің  түртіп алу стратегиясы бойынша  түсініксіз сөздерді қарындаштарыңмен  түртіп алған сөздерінді  INSERT  стратегиясы  бойынша    
толтырыңдар.
V. Білемін     - Білмеймін     ? Үйренгім келеді.
        
    3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не       
       білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.
4.Топтарда  толтырған кестелер арқылы пікір алысу.
5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
    6. Сергіту сәті.
    7.Ой толғаныс.
Әр  топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.

                  I топ               II топ                  III топ

      

 


    - Әр топтың жауаптары  тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын:
- Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей  адамдар жалқаулықтан, еріншектен, бос  жүруден, жұмыссыздықтан  болады.
 8.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін- келбеті. Мақалмәтелдер  айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
    9. Венн диаграммасы.
І топ:  « Күлпаш»  пен « Кедей»  әңгіме мен өлеңін салыстыру.
ІІ топ: Авторларды салыстыру.
ІІІ топ:  5 жолды өлең құрастыру.

Ұқсатығы      ұқсастығы 

  10. Бекіту. Бес жолды өлең
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
    11.Қорытынды. 
    12.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады. 
    13.Үйге тапсырма:   С.Торайғыров  «Кедей» өлеңін жаттау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1253 | Загрузок: 164 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]