Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.01.2015, 17:27

 

 

Маңғыстау облысы.Ақтау қаласы.

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар жалпы білім беретін №22 орта мектеп» ММ

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланов Дженгисбай Таубаевич

                         7 –сыныптың  әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар

                 Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

 

Сабақтың атауы

Өтілетін уақыты

 

Сабақтың атауы

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры

Сілтеме

Оқулық; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының толық нұсқасы;

Интернет желісі;

Жалпы мақсаттар

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып , оқушы белсенділігін анықтау.

Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу.

Диалог,сұхбат, сахналық көріністерді қолдана отырып бала дүниетанымын кеңейту, ой көкжиегінің өсуіне ықпал ету.

Міндеттері

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұнын түсіну.
  2. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын үйрену.
  3. Балалардың терең ойлай білуі, сөз саптауы, жыр идеясын анықтай білуге, керек сәтте шешім қабылдай алуға ықпал ету.
  4. Сөз мағынасын ашу, сөз қадірін білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Жыр мазмұнын толық меңгереді.

Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, олардың бойындағы қасиеттерді анықтай алады.

Жырдың көтерген негізгі өзекті мәселелерін, тақырыптарын анықтауды үйренеді.

 Негізгі идеялар

Жастар арасындағы адал махаббат.

Жастар махаббатына ертедегі қоғам және жеке адамдардың қарсы іс-әрекеті.

Тапсырмалар

  1. Жыр мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
  2. Жырдағы әдет-ғұрыптарға байланысты өз пікірлеріңді постер арқылы қорғау.
  3. «Ақылдың алты қалпағы» Эдвард  де  Боно

тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

А)Ақ қалпақ: Жырдың белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың  назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.

Ә)Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз жырдың жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Б)Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» жырдың жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз,оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.

 

 

В)Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, жыр туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.

Г) Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады.

Ғ) Көк қалпақ: Ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Алты топтың айтқандарының сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.

 

 

 

      4. Жырдағы қолданысына қарай берілген тілдік бірліктердің мағынасын ашып жазыңдар.

Мысалы: Қыдыр қону- сол жерге береке, бірлік орнау.

5.Венн диаграммасы

 

Кері байланыс

Берілген кестені толтырың. Сурет мағынасын ашың

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

«Менің кейіпкерім» ойтолғау жазып келу.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1437 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]